Егер үдеу жылдамдықтың модулінің өзгеру шапшаңдығын сипаттаса және траекторияға жанама бағытталса, онда мұндай үдеуді тангенциал үдеу деп атаймыз:
Егер үдеу траектория қисықтығының центріне нормаль бағытталған және жылдамдықтың бағытының өзгеру шапшаңдығын сипаттаса, онда мұндай үдеуді нормаль немесе центрге тартқыш үдеу деп атайды:
Ал толық үдеу:
Қисық сызықты қозғалысты шеңбердің доғасы бойымен жүретін қозғалыс ретінде қарастыруға болады:
Қозғалыстың салыстырмалылығы. Денелердің қозғалысын әртүрлі санақ жүйесінде қарастыруға болады. Кинематикада траектория, орын ауыстыру, жылдамдық сияқты қозғалыс сипаттамалары, әртүрлі санақ жүйелерінде әртүрлі болады.
Бізде екі санақ жүйесі болсын. ХОУ жүйесі – қозғалмайтын, ал Х’O’Y’ жүйесі ХОУ жүйесіне қатысты υ0 жылдамдықпен ілгерлемелі қозғалыста деп есептейміз. ХОУ жүйесін Жер деп, ал Х’O’Y’ рельспен жүретін платформа деп қарастырылды.
А дам платформа үстінен қандай да бір А нүктеден В нүктеге орын ауыстырды деп есептейік. Сонда оның орын ауыстыруы платформамен салыстырғанда Сонда платформамен салыстырғандағы орын ауыстыру , Жермен салыстарғандағы орын ауыстыру болады. Суреттен адамның Жермен қатысты орын ауыстыруы: .
Егер бір жүйе тұрақты жылдамдықпен екіншісіне қатысты ілгерлемелі қозғалса, онда өрнек мына түрде болады:
Егер аз уақыт аралығындағы орын ауыстыруды қарастыратын болсақ, онда теңдеудің екі жағында Δt шамасына бөліп жазсақ, онда
Мұндағы - қозғалмай тұрған ХОУ жүйедегі дененің жылдамдығы, яғни, абсолют жылдамдық; - Х’O’Y’ қозғалмалы жүйедегі дененің жылдамдығы, яғни, салыстырмалы жылдамдық; - жалғастырушы жылдамдық.
Жүйелердің бір – біріне қатысты бір қалыпты түзу сызықты қозғалысы кезінде, оларыдң үдеулері бірдей: