Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты



бет1/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Введение пед.лекция


Дәріс 1. Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері
Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру жүйесімен таныстыру.


Жоспары:
1. ҚР Конституциясы “ҚР білім беру туралы “ Заңы. “Білім беру туралы” Заңында анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.
2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі: негізгі міндеттері мен мақсаттары, мектепке дейінгі мекемелердің функцияларынның принциптері.


Ұғымдық түсініктеме сөздер: Заң, патриоттық тәрбие, инновация, еліміздің төл Конституциясы, мектепке дейінгі кезең, қарым – қатынас, менталитет,


1.1 ҚР Конституциясы “ҚР білім беру туралы “ Заңы. “Білім беру туралы” Заңында анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру», «Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру», «Білім мазмұнын гуманитарландыру» тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан қабылданған Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, балалардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылған.
2030 стратегияның бірінші он жылдағы табысты өтуі бәрімізді қуанышқа бөледі:
Мұның үш жылдығы “Мәдени - мұра” бағадарламасына арналса онда халқымыздың тарихи тамырларын терең білуге және білім, тәрбие тамырларының этникалық негіздерін бүгінгі өмірге үйлестіруге кеңінен жол ашуда. Осы орайдан патриоттық тәрбиені жетілдіру жолдары айқындала түсуде.
Дәстүрлі білім беру жолын инновациялық мәнде өркендетуге бағдар берілуде.
2. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ұжымы “Жолдамада” белгіленген бағдарға үйлесімді түрлі ғылыми зерттеу және практи калық жұмыстарды жаңаша жетілдіруде оқыту мен білімдендірудің әдістемелік негіздерін өркендетуге ерекше назар аударуда.
3. Білім берудің өркениетті жолын ұлттық танымға үйлестіру жүргізуде мемлекеттік тілге айырықша көңіл бөле отырып ағылшын, орыс тіліне зейін қоюда.
4. Оқыту, тәрбиелеу әдістерін жетілдіруде оның ұйымдастырудағы менеджменттік жолдарын бүгінгі жағдайға үйлестіруге ерекше назар аударуға батыл түрде ынталы кірістік.
5. Ертеңгі кәсіби мамандарды адамгершілік, имандылық деңгейін жетілдіруде оларға оқылатын педагогикалық пәндердің тиімділігін арттыруға мейлінше мән берумен қатар оның теориялық, практикалық тиімділігін басты мақсат етіп қойдық және жауапкешілікті көтерудеміз.
6. Білім сапасын әлемдік деңгейге көтеруде алдынғы қатар тәжірбиелермен үйлесімділікті жетілдіре отырып, қазақстандық инновациялық педагогикалық жолда өркендету басты мақсатымыз болуда.
7. Әлемдік бәсекелестікке лайықты болу - бүгінгі студент ертеңгі кәсіби маманның өзін - өзі жетілдіріп, дербестігін дамытуға тәуелді екендігін ескертіп, олар меңгеруге тиісті теориялық білім мен практикалық жолдардың өркениетке лайық болуына мән беру – “Жолдаманы” жүзеге асыруда, тиімді де өміршен жолы деп білудеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет