Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты



бет7/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Введение пед.лекция
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, құzirettilik-turaly, Пробное задание Химия
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кузьмина Н.Б. Педагогическое мастерство учителя как фактор развития способностей учащихся // Вопросы психологии.-1984, №1, С.26
2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной плдготовки учителя.-Алматы:Галым, 1998.-320 с
3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесс.-Алматы., 2001
Қосымша:

  1. Хмель Н. Д.Педагогический процесс общеобразовательной школе.-Алматы, 1984



4. Педагогтың кәсіби біліктілігі
Педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды жағы – іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі жетілдіру мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды: тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагог деп атайды. Бұл оқу, тәрбие беру мекемелеріне байланысты: тәрбиеші – бала бақшада; мұғалім – мектепте; оқытушы – техникум, училище, жоғары оқу орындарында. Педагог – осы түсініктерге жақын, «туыс» ұғым.
Кәсіби іс-әрекеттің бір түрі - педагогикалық іс-әрекет, оның мазмұны оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту. «Кәсіби іс-әрекет» ұғымының ауқымы «педагогикалық іс-әрекет» ұғымынан гөрі кеңірек, өйткені, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті осы проблеманы зерттеген мамандардың пікірінше: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтік-мәдени, психотерапевтік, қатысымдық және т.с.с. функционалдық элементтерден тұрады.
Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас процесінде ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше мұғалім білім мазмұнын бере отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, педагогикалық іс-әрекет – педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;
2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, мазмұны мен құралдары, нәтижелері.
Педагогикалық іс-әрекет кәсіби, кәсіби емес те бола алады екендігін түсіндіруге талпыныс жасадық. Кәсіби емес іс-әрекет отбасында ата-ананың баланы тәрбиелеуі болып табылады. Бірақ, отбасында баланы оқытумен, тәрбиелеумен арнайы шақырылған педагогтар айналысуы мүмкін.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:

  1. онымен міндетті білім, дағдыны меңгерген арнайы адам шұғылданады;

  1. оны жүзеге асыру үшін белгілі формалары болады: сабақ, «сынып»;

  1. бұл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: баланы белгілі бір нәрсеге үйрету; белгілі бір білімдер жүйесін беру; белгілі бір білік, дағды қалыптастыру, білім алуда кеткен ақаулардың орнын толтыру; адам етіп шығару; қабілеттерін, қызығушылықтарын, ойлау, елестету, т.б. дамыту;

  1. оқыту, білім беру, тәрбиелеудің мазмұнын анықтау;

  1. баланың педагогпен «ерекше» қарым-қатынасы (іскер, ресми, регламенттік, т.б.);

  1. педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін тексеру, яғни, мұғалім үйреткен білім мен біліктердің қорытындысы;

  1. нағыз педагог регламенттік іс-әрекетпен ғана шектелмейді – ол, өзінің оқушыға әсер етуде барлық мүмкіншілігін пайдаланады: дәстүрлі емес әңгімелер, сенімді әңгімелесу; баланы ойландырып жүрген мәселелерді талқылау, кеңес беру, көмектесу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет