Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты


А.И. Шербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетің компоненттері



бет6/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Введение пед.лекция
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, құzirettilik-turaly, Пробное задание Химия
2. А.И. Шербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетің компоненттері.

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі субъектісі болып табылады. Мұғалім оќушыларды оқыту сапасына, олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі. Мұғалімнің жұмысы, оның жеке тұлғасының негізгі сапаларының кәсіби іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады.


А.Н.Щербаков мұғалімнің іс-әрекеті жөнінде: «Кеңес мұғалімінің іс-әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмұны жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағыттылықты, тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалықтың заңдарын, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі еңбек» дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртұтас құрылым міндеттерін атқарады да, мұғалімнің тұлғасын сипаттайды.
«Мұғалім» мен «педагог» туралы түсінік педагогикалық қызмет атқаратын мамандарға арналған синоним ретінде қолданады. Мұғалім деп негізінде мектептегі педагогтарды айтады. Педагог деп жалпылама айтылады. Педагогтың әлеуметтік статусының 2 түрі бар:
1) мамандар, яғни арнайы даярлығы барлар;
2) басқа мамандықтардағы, бірақ тәрбиеші, оқытушы қызметін атқарып жүргендер.
Бұларды педагогикалық қызметкерлер деп айтуға бола ма? Неге болмайды, егер де, оның тәжірибесі мен білімі жеткілікті болса.
Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жұмыс істейтін мақсатты, арнайы ұйымдасқан педагогикалық бірлестігінен туындайды.
Мамандық қызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін арттыру болып табылады.
Мұғалім тұлғасының даму мүмкіндігін педагогикалық қызметтің гуманистігі деп атайды. Мамандыққа ықпал ететін негізгі шаралар:
- мамандық іс-әрекетінің мазмұны мен тұлғаның өзін-өзі көрсетуі;
- нәтижесін анықтайтын қоғамдық мәні;
- мамандықтың әлеуметтік орнында тұлғаның еңбектегі қызметінің қоғамдық бағасының анықталуы;
- еңбектің тәртібі мен жағдайы.
«Әрдайым оқытып, тәрбиелейтін мамандар ма? Дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейтін кім?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің түрлері:
- диагностикалық қызметі оқушыларды зерттеп білумен және олардың даму, тәрбиелілік деңгейін белгілеумен, анықтаумен байланысты;
- бағдар беру – болжам жасау қызметі - мұғалімнің тәрбие қызметінің бағытын және тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, оның нәтижелеріне болжам жасай білуімен тұжырымдалады, яғни, мұғалім неге нақты қол жеткізгісі келеді, оқушыны қалыптастыру мен дамытуға ол қандай қадам басуды қалайды;
- жобалау қызметі - бағдар беру-болжам жасау қызметінен туындайды;
- ұйымдастырушылық қызметі - оқушыларды белгіленген тәрбие жұмысына жұмылдырумен байланысты;
- ақпараттық-түсіндірме қызметі, педагог – ғылыми, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ақпараттың аса маңызды көзі болатын мұғалім қызметі;
- ұжымды ынталандыру қызметі – мұғалімнің жеке басының адамгершілік жақсы қасиеттерімен және оқушыларға ықпал ете білумен, оның қарым-қатынас жасау, демократиялық байланыстар орнату, іс-қимылға жетелеу шеберлігімен байланысты қырларын қозғайды. Бұл қызмет балаларға сүйіспеншілік таныта білуді, нағыз ізгілікті қамтиды;
- талдама-бағалау қызметі – мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысына талдау жасауға, олардан жағымды жақтары мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, мұғалімге өзінің жұмысында жанды байланыс орнатуѓа мүмкіндік береді;
- мұғалімнің зерттеушілік-шыѓармашылық қызметі: педагогикалық теорияны қолдану мұғалімнен белгілі шығармашылықты қажет етуі осы қызметтің бір қыры болып табылады. Екінші бір қыры – белгілі теорияның шеңберінен шығып, оны байытатын жаңалық атаулыны ой елегінен өткізіп дамыту болып табылады.
Құрылым – (латын сөзі, құрылыс, орналасу, тәртіп деген мағынаны түсіндіреді) әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер жағдайында объектіге оның негізгі қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет