Науқасты жатқызып, жағдайы келсе тұрғызып қараған жөн. Бірінші ауыз қуысының кілегей қабатын, тілін, тістерін қарау керек. Ішті қарағанда іш жарығы (грыжа), іштің алдыңғы іргесі веналарының кеңейгені, асцит болуы түрегеп тұрғанда айқын көрініс береді: іштің бітіміне, терісінің түсіне, шығыңқы жерлеріне, метеоризмге, кіндіктің өзгерістеріне, көзге көрінетін қозғалыс (перистальтика) бар-жоғына, тыныс алуға қатысуына зер салу керек.