Дәріс жоспары (1-ші сағаты)


Өңештің анато-миялық тарылу-лары



бет2/16
Дата19.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ермахан
Зар Заман

Өңештің анато-миялық тарылу-лары


Ауырсыну

Орны: ауырсынған жері;

Таралуы: берілетін аймағы;

Сипаты: кесіп, күйдіріп, сыздап, түйіліп, бүріп немесе толғақ қысқандай және т.б.;

Пайда болуы: кенеттен, біртіндеп, алғаш рет немесе бұрын болғандығы;

Тұрақтылығы: тұрақты немесе ұстамалы;

Ұзақтығы: неше уақытқа созылады;

Тамақ қабылдаумен байланысы: тамақ қабылдағаннан кейін неше уақыттан соң п/б;

Жеңілдік әкелетін немесе керісінше күшейтетін факторлар

Лоқсу

Лоқсу – (жүрек айну, жүрек көтерілуі) құсқысы келгендей сезім. Лоқсыған кезде науқастың беті бозарып, басы айналып, сілекейі көбейіп, өзі әлсірейді. Лоқсу тек ас қорыту жүйесі ауруларына ғана тән шағым емес, ол қан қысымы көтерілгенде де, жүйке күйзелісінде де, т.б. көптеген жағдайларда да байқалады.

Құсу

Гастрит, асқазанның жара, рак ауруларында жиі байқалатын белгі. Құсудың болатын уақытына (аш немесе тоқ кезде, тамақ іше салысымен немесе біраз уақыт өткен соң, қатты ауырсынғанда пайда болуына көңіл аудару керек). Лоқсумен, сілекей бөлінуімен байланысына, құсықтың мөлшеріне (аз, көп), құрамына - тамақ, өт, қан, т.б., түсіне - сүт қосқан кофе түстес, алқызыл, т.б.) зер салу керек.

Кекіру

Ауамен кекіру (аэрофагия), қышқылтым дәммен кекіру, шіріген жұмыртқа иісімен кекіру түрлері де болуы мүмкін. Бауыры мен өт жолдары ауыратын науқастар кекіргенде аузына ащы дәм келеді. Ал асқазан қалтқысының тесігі тарылғанда немесе ас қазан бұлшық еттері әлсіреп, тамақ әрі қарай ішекке өтпей асқазанда тұрып қалуынан шіриді, соның нәтижесінде түзілген күкіртсутегі кекіргенде шіріген жұмыртқа иісін береді. Асқазан мен тоқ ішек арасында жыланкөз қалыптасқанда кекіріктен нәжістің иісі шығады.

Қыжыл

Себебі өңеш пен асқазан арасындағы сфинктердің әлсіреуінен гастроэзофагальды рефлюкс дамиды, асқазан сөлінің өңешке өтуіне байланысты төссүйегінің төменгі жағында немесе семсер тәрізді өсіндінің артқы жағында қыжыл сезімі пайда болады, ол гиперацидті гастритке, асқазанның жара ауруына тән белгі. Нәтижесінде өңештің кілегейлі қабаты қышқылдардың әсерінен күйіп, қабынып – эзофагит дамиды.

Тәбеттің бұзылуы

Асқа тәбетінің төмендеуі – асқазаны, ішегі немесе бауыры ауыратын науқастарда жиі болады, тіпті асқа тәбеті жойылуы мүмкін – анорексия деп аталады, әсіресе қатерлі ісіктерде жиі кездеседі, науқас арықтап-жүдеп, кахексияға ұшырауы мүмкін. Асқазан рагімен ауырған науқастардың етке тәбеті тартпауы мүмкін, ал жара ауруында науқастың тәбеті бұзылмайды, тек тамақты көп ішсе асқазаны ауыратындығынан, ол асты аяншықтап, аз-аздан ішуге мәжбүр болады.



Тәбеттің шектен тыс жоғарылауы –булимия деп аталады.

Тез тойыну - асқазанның сөлі төмендегенде (гипоацидті гастритте), бауыр-өт жолдарының ауруларында, асқазан рагімен сырқаттарда, аз тамаққа тез арада тойынғандай, ішін кернегендей сезім пайда болады.



Ауызда жағымсыз дәм сезіну

Ауыз қуысында тістің, кілегей қабатының тікелей өздерінің зақымдануымен қатар басқа ағзалар мен жүйелердің ауруларымен байланысты өзгерістер де байқалады. Мысалы, қаназдықтың бір түрі - Аддисон-Бирмер ауруында ауызда күйдіріп тұрғандай сезім пайда болса, бауыр, асқазан, ішек ауруларының кейбіреуінде ауыздан жағымсыз иіс шығып немесе қышқылтым дәм сезінеді, ал қантты диабетпен сырқат адамдардың аузы құрғай береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет