СЕМЕЙ қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ. ФАКУЛЬТЕТ: «Медициналық-профилактикалық іс» Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасыДӘРІСТАҚЫРЫБЫ: «Балалар ағзасының өсу мен дамуының негізгі заңдылықтары. Жас кезеңділік.» КУРС: төртінші Құрастырушы: м.ғ.к., доцент Токешева Ш.М. 2015ж.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
Жас кезеңділік.
1.БАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ:
өсу және даму темпінің біркелкі еместігі
жекелеген органдар мен жүйелердің өсу және дамуының бір уақытта еместігі
өсу және дамудың жыныспен қамтамасыз етілуі
функционалды жүйелер мен ағзаның жалпы биологиялық сенімділігі
өсу және даму процестерінің тұқымқуалаушылық детерминациясы
өсу және дамудың орта факторларымен қамтамасыз етілуі
1) Өсу және даму темпінің біркелкі еместігі
Балалар мен жасөспірімдерде бұл заңдылық дене ұзындығы мен массасының өзгеруімен айқын иллюстрацияланады.
Жаңа туған баланың дене ұзындығы өмірінің бірінші жылының соңында алғашқыға қарағанда 47 %-ға жоғарылайды, екінші жылы —13 %-ға, үшінші жылы —9 %-ға. 3—7 жаста дене ұзындығы жыл сайын 5—7 %-ға жоғарылайды, ал 8— 10 жаста — тек 3 %-ға.
Жыныстық жетілу кезеңінде өсудің «секірмелілігі» байқалады, 16—17 жаста өсу баяулайды, ал 18—20 жаста дене ұзындығының өсуі тоқтайды.
Өсу және даму темпінің біркелкі еместігі
Дене массасының біршама қосылуы 1-ші жылға сай келеді: 4-5 айда екі еселенеді, ал бір жастың аяғында 3 есеге жоғарылайды. 3 -7 жаста дене салмағын жыл сайынғы қосу 5-7,5%-ды құрайды, ары қарай дене салмағын қосу баяулайды, тек жыныстық жетілу кезеңінде аздап қосылады.
КШ алғашқы жылында ай сайын 1см-ге өседі, сосын КШ өсуі бірден төмендейді.
Дене салмағының, КШ өзгеруі, сонымен қатар жекелеген органдар мен жүйелердің дамуы біркелкі емес жүреді.