ЖАҢА ТУҒАН КЕЗЕҢ - Жатыр ішілік даму кезінде газ алмасу плацента арқылы жүзеге асады, ал туғаннан кейін өкпелік тыныс алу басталады.
- Тұрақты үлкен және кіші қан айналу шеңбері «жіберіледі».
- Өзіндік, бірақ толық жетілмеген термореттелу бекітіледі.
- Асқорыту түрі толығымен өзгереді, алғашқы 24-48 сағ. ішекке бактериялар қонады.
ЖАҢА ТУҒАН КЕЗЕҢ - Өмірінің 3-4-ші күні алғашқы салмақтың транзиторлы жоғалуы байқалады (туған кездегі салмақтан 5-6 %-ға).
- Өмірінің алғашқы күндерінде жаңа туған балада билирубиннің жоғары концентрациясы болады, 60-70% жағдайда тері жабындыларының және шырышты қабықтардың сарғаюымен жүреді.
ЖАҢА ТУҒАН КЕЗЕҢ - Жаңа туған балада анасының қанындағы гормондардың – экстрогендердің жоғарылауымен болатын, анасының сүті арқылы түсетін, гормоналды дисбаланс немесе криз дамиды.
- Сүт бездерінің қатайып ісінуі, қыз балаларда влагалищадан қанды бөліністер, бөртпе, емшек маңы терісінде және жыныс мүшелерінде, бетінде пигментация, бүйрек функциясында (альбуминурия, бүйректің зәрқышқылды инфаркты), қан-тамыр жүйесінде, алмасу процестерінде айқын транзиторлы жылжулар байқалады.
ЕМШЕКТЕГІ КЕЗЕҢ - өсу және дамудың біршама интенсивтілігі байқалады
- трансплацентарлы жолмен анасынан берілген пассивті иммунитетті жоғалту
- дене ұзындығы шамамен 1,5 есеге, салмағы 3 есеге жоғарылайды
- 6 айдан бастап тістері шыға бастайды
- барлық сезім мүшелерінің қызметі дамиды
- оң эмоциялар құрылады
- баланың өте интенсивті физикалық, нервті-психикалық, моторлы және интеллектуалды дамуы жүреді
ЕМШЕКТЕГІ КЕЗЕҢ - Бір жастан бастап бала өз еркімен жүре бастайды, сөйлеуге дайындық сатысы құрылады, жоғары психикалық функцияның дамуы басталады: көңіл аудару, есте сақтау, ойлау.
- Интенсивті өсу және даму фонында мүшелер мен жүйелердің салыстырмалы әлсіздігі жедел аурулардың жиілеуіне, денсаулықта ауытқулардың болуына (экссудативті диатез, рахит, анемия, ас қорытудың әртүрлі бұзылыстары) әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |