Негізгі морфологиялық көрсеткіштер (бой, дене салмағы және КШ) туғаннан жыныстық жетілу басталғанға дейін қыздарға қарағанда ұл балаларда салыстырмалы түрде жоғары болады.
Пубертатты кезеңде қыз балалар дене салмағы, ұзындығы және КШ көрсеткіштері бойынша өздерінің құрдастарын басып озады (осы көрсеткіштердің жастық қисығының қиылысуы).
Ұл балаларда жыныстық жетілу кезеңі басталуымен олардың өсуі айқын күшейеді және олар тағыда қыздарды басып озады (қисықтардың екіншілік қиылысуы).
Ағзадағы эндокринді, жүйке және басқа жүйелердің іс-әрекетінде жыныстық ерекшелік көрінеді, осының әсерінен ұлдар мен қыздардың қызығушылықтары мен өзін-өзі ұстаудағы ерекшеліктер анықталады.
Кейбір функционалды көрсеткіштер (бұлшық ет күші, ӨӨС және т.б) өсу және даму кезеңінің барлық ағымында ұл балаларда қыздарға қарағанда біршама жоғары болып қалады.