Жас кезеңділік жөніндегі түсінік орташа статистикалық мәліметтерге негізделеді, бірақта индивидуалды ерекшелік өте жоғары. Осы себепті жас кезеңділігінің әртүрлі схемасы бар.
Алғашқы ғылыми негізделген ғылыми жас кезеңділігін Н.П.Гундобин (1906) ұсынған.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАС КЕЗЕҢДІЛІК
1. Жаңа туған кезең 1-10 күн
2. Емшектегі жас 10 күн – 1 год
3. Ерте балалық шақ 1-3 жас
4. Алғашқы балалық шақ 4 –7 жас
5. Екінші балалық шақ
ұлдар 8 - 12 жас
қыздар 8 - 11 жас
6. Жасөспірімдік шақ
ұлдар 13-16 жас
қыздар 12-15 жас
7. Балаң шақ
ұлдар 17-21 жас
қыздар 16-20 жас
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАС КЕЗЕҢДІЛІК
Мектепалды алды кезең 3 жасқа дейін
Мектепке дейінгі кезең 3 – 7(6) жас
Мектептік жас
кіші 7(6) – 10жас
орта 11 – 14 жас
Жасөспірімдік жас 15-18 жас
Жастық дамудың әртүрлі сатысындағы өсіп келе жасқан ағзаның морфо-функционалды ерекшеліктері.
Әрбір жас кезеңі өзінің спецификалық ерекшеліктерімен сипатталады.
Бір жас кезеңінен екіншісіне өту индивидуалды дамудың өтпелі кезеңі немесе критикалық кезең болып табылады.
ЖАҢА ТУҒАН КЕЗЕҢ
бала үшін жоғары жүктемемен өтетін, қиын-қыстау, нағыз жауапты кезең
туғаннан бала кіндігі түскенге дейін созылатын кезең
жатырдан тыс өмірдің жаңа жағдайларына бала ағзасының бейімделу процестерімен сипатталады
бұл кезеңде ағзаның негізгі функциялары тұрақсыз тепе-теңдік жағдайында болады
Жаңа туған кезеңде бала ағзасында болатын негізгі өзгерістер