Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi



бет49/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi:
1. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының өкiлеттiгi жаңадан сайланған Президент қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл орайда олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейiн өз мiндеттерiн атқара бередi.
2. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика Президентi:
1) осы мемлекеттiк органдар туралы ережелердi , олардың құрылымы мен жалпы штат санын бекiтедi;
2) егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) аталған мемлекеттiк органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, бұл ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшiн көзделген мәртебенi иеленедi.
3. Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды.
Республика Президентiнiң республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi:
1. Республика Президентi конституциялық заңға сәйкес өз бастамасы бойынша, Парламенттiң, Үкiметтiң немесе сан жағынан облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың бәрiн бiрдей дәрежеде бiлдiретiн Республиканың сайлау құқығы бар кем дегенде екi жүз мың азаматының бастамасы бойынша республикалық референдум өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
2. Республика Президентi Парламенттiң, Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының референдум өткiзу туралы бастамасы бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) референдум өткiзу туралы;
2) референдум өткiзбей-ақ, оның мәнi ретiнде ұсынылып отырған мәселе жөнiнде Республика Конституциясына, конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешiмдi қабылдау қажеттiгi туралы;
3) референдум өткiзу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы. Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы.
Мұндай жағдайда Республика Президентi бұл заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.
3. Референдум бастамашыларының келiсiмiмен Республика Президентi оны өткiзгенге дейiн оның бастамашыларының өз еркiн неғұрлым анық бiлдiруi үшiн референдумға ұсынылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымын нақтылауға хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет