Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Парламент депутаттарының өкілеттігі



бет58/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Парламент депутаттарының өкілеттігі:
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныста мен ескертулер енгізуге, парламент сесиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың есебін тыңдау тыңдау туралы ұсыныс енгізуге; депутатардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқада актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, депутаттардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқада актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутатарды таныстыруға, басқада өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен; депутат іс әрекетке қабілетсіз деп танылған; Парламент таратылған; депутат болып сайланғанан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады. Депутат оған қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған кезде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға өз мамдатынан айырылады. Депутатың өкілеттігін тоқтату немесе одан айыру туралы шешімді республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Парламенттің тиісті палатасы оның депутатарының жалпы санының көпшілік дауысымен шығарады.
Депутатардың Парламент сессияларына, оның Палаталарының отырыстарына қатысуы. Депутат Парламент және оның құрамына кіруге тиісті органдардың жұмысына қатысуға міндетті. Депутат дауыс беру құқығын жеке өзі жүзеге асырады. Оның дауысын басқа депутатқа беруге құқығы жоқ. Палата бюросының, оның тұрақты комитететрінің, Парламент комиссияларының және оның палаталарының құрамына кірген депутат оның қарауына кез келген мәселені енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеуге, ол бойынша талқылау мен оны қабылдауға қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, одардың орындалуын бақылауға құқылы. Ол Парламенттің өз құрамына кірген органының шешімімен келіспесе, өз көзқарасын Парламент сесиясында мәлімдеуге немесе ол туралы жазбаша нысанда хабарлауға құқылы. Палата бюросының, оның комитеттерінің, комиссияларының құрамына кірмеген депутатар аталған органдардың отырыстарына белсенді түрде қатыса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет