Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Заң шығару бастамасы арнайы принциптермен реттеледі



бет56/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Заң шығару бастамасы арнайы принциптермен реттеледі. Олар:

  1. Заң шығаруға бастамашы барлық субьектілердің теңдік принципі. Ол заң шығарушылық қызметке жатқызылған кез келген мәселе бойынша заң жобасын егізуге барлық субьектілердің де құқылы екендігін білдіреді. Субъектілердің теңдігі заң жобаларының оны ұсынушылардың жоғары тұратындығына орай емес, кезектілік тәртібіне орай қаралатындығынан көрінеді. Мұндай тәртіпті сақтамау заң шығару бастамасы құқығын бұзу болып табылады.

  2. Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыруда кедергіні болмау принципі. Субъект заң шығару бастамасы құығын кез келген уақытта, ешкіммен келіспей-ақ өз қалауымен жүзеге асыра алады. Парламенттің заң шығарушылық қызметін жоспарлау бұған кедергі келтірмеуі тиіс.

  3. Заң шығару бастамасы құқығының оны иеленуші субъектілерінің өзі жүзеге асыруы тиіс. Депутаттың орнына ешкімде заң жобасын енгізе алмайды. Үкімет заң жобаларын тек өз атына ғана енгізеді.

  4. Заң шығару бастамасы құқығына субъектісі енгізген заң жобасы Палатада қабылданып, қаралады (Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарында). Парламент өз шешімін заң шығаруға бастамамы субъектісінің еркімен байланыстырмайды. Заң жобасы енгізу арқылы заң шығаруға бастамашы субъектісінің құқығы жүзеге асырылады. Заң жобасының одан кейінгі тағдырын Парламент, оның Палаталары шешеді.

Заң шығару бастамасы құқығы:
а) жаңа заң жобаларын енегізу,
ә) қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшін жою туралы заң жобаларын ұсыну;
б) заңдарды қолданысқа қосу мәселелері бойынша Парламенттің нормативтік қаулы жобаларын енгізу нысананыда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар (Үкіметтен басқа), азаматтар (Парламент депутаттарынан басқа), қоғамдық бірлестіктер заң шығару бастамасы құқығына ие бола алмайды. Алайда, олар заң жобаларын әзірлеп, оны депутаттар мен Үкімет арқылы Мәжіліске енгізе алады.
Заң жобасы комитеттің (комитеттердің) қарауына беріледі, ол қортынды жазады. Палата бюросы заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне енгізу не жобасымен жұмысты жалғастыру немесе оны қабылдамай тастау туралы ұсыныс енгізеді. Мәжіліс Регламентінде қажет болған жағдайда оның заң жобасын бүкілхалықтық талқылауға енгізу туралы шешім қабылдайтыны туралы жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының мұндай құқықты Мәжілістің ерекше қарауындағы құқық қатарында қарастырмағанын айта кеткен жөн.
Сенат заң жобасын тұтастай немесе жекелеген қағидаларын қабылдамай тастауға құқылы. Егер Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға депутатардың жалпы сананың көпшілік дауысымен келіссе, ол Сенатқа жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттарының көпшілік дауысымен Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға қарсы болса, онда заң жобасы бойынша көзқарас қайшылығын еңсеру үшін Палаталар теңдік жағдайында Палаталардың келісім комиссиясын құрады. Келісім комиссиясының шешімі Мәжіліс Бюросының қарауына беріледі. Егер Мәжіліс келісім комиссиясының шешімін мақұлдаса, онда заң жобасын мақұлдап, сол редакциясымен Сенатқа жібереді. Егер Мәжіліс келісім комиссиясының шешімін мақұлдамаса, онда заң жобасының алғашқы нұсқасы оның депутатарының дауысына салынады. Егер Мәжіліс депутатарының үштен екісі алғашқы нұсқаны мақұлдаса, онда Сенатқа жіберіледі. Сенат оны екінші қайтара қабылдамай тастауы мүмкін. Онда Мәжіліс оны Сенатқа сол сессия кезінде ұсына алмайды, кейін Мәжіліс бірінші қайтарылғанан кейінгі тәртіппен мәселені қарауды қайта бастайды.
Сенат қабылдаған заң барлық уақытта бірдей депутаттардың жалпы келісімінің нәтижесі бола бермейді. Сондықтан Конституция қабылдаған заңның конституциялылығы туралы Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіндігін қарастырған. Конституциялық Кеңеске Президент заңға қол қойғанаға дейін жүгінуге болады. Конституциялық Кеңеске:

  1. Мәжілістің төрағасы;

  2. Сенаттың төрағасы;

  3. Президент;

  4. Парламент депутатары жалпы сананының кем дегенде бестен бір бөлігі жүгіне алады..

Сенат қабылдаған заң Президенттің Наразылығын туғызуы мүмкін. Президент наразылығы дәлелденген болуы тиіс және ол заңды тұтастай не оның жекелеген бөліктерін пысықтау жөнінде ұсыныс енгізе алады. Президент наразылығы алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта зерделенеді. Содан соң мәселе Парламент Палаталарының бірлескен отырысында шешіліеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет