Премьер-Министрдің өкілеттіктері: 1.Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі;
2. Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
3. Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді;
4.Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландырылатын барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;
5. Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттарын және оның барлық ең маңызды шешімдері туралы баяндайды;
6.Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдайды.
Үкімет өкілеттілігінің тоқтатылуы: ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Үкімет және оның кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті олдан әрі жүзеге асыруы мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның жекелеген мүшесінің орынынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған Парламент пен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әр түрлі мән-жай негіз болуы мүмкін. Үкіметтің өз ішінде еңсерілмейтін әр түрлі көзқарастар, басқа да себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан түсуіне олардың Үкімет Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс стилімен келіспеуі, сырқаты және тағы басқалары себепші болуы мүмкін.