Дәріс нығайтатын тапсырмалар:
Үкіметтің қарауына жататын мәселелер
Үкімет актілері және оның заңи күші
Бақылау сұрақтары:
Үкімет құрмын кіретін және кірмейтін органдарды атау
Үкімет мүшелерінің құқықтық жағдайы
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)
2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
4. С.К. Амандықова. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. – Астана: Фолиант, 2000.
11-дәріс. ҚР-ғы конституциялық бақылаудың (конституциялық кеңесінің) құқықтық негіздері
Дәріс жопары:
Конституциялық Кеңес-Конституцияны ерекше қорғаушы мемлекеттік орган.
Конституциялық Кеңестің құзіреті және оның төрағасы мен мүшелерінің құқықтық жағдайы.
Конституциялық Кеңеске өтініш білдіре алатын мемлекетік органдар мен лауазымды тұлғалар:
Конституциялық Кеңес өндірісі және оның қағидалары:
Конституциялық Кеңестің шешімдері және оның заңи күші:
Конституциялық Кеңес-Конституцияны ерекше қорғаушы мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар жарлығы осы орган нені көздейтінін айқындай дәл бейнеленген. Онда Конституциялық Кеңестің мемлекеттік орган ретінде Республика конституциясын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететіндігі айқын айтылған.
1991 жылғы 16-шы желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға сәйкес 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Конституциялық соты құрылып, 19936 жылдың қазан айына дейін жұмыс істеді, осы жылы ол Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне алмастырылды.
Конституциялық Кеңес Конституция үстемдігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл Конституциялық Кеңестің өз қызметінде :
Олардың бұлжымастығын, яғни нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ұйымдастырушылық акцияларын жүзеге асыру (сайлау және т.б.) кезінде жоғарғы мемлекеттік органдардың Конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін конституциялық нормаларды;
Мемлекеттің белгілі бір жағдайын айқындайтын, мысалы: мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықтыратын, т.б. конституциялық қағидаларды;
Конституциялық идеяларды, қағидаларды, мысалы әлеуметтік мемлекет, Қазақстандық патриотизм т.б. идеяларды басшылыққа алуы тиіс.
Республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі ретінде Конституциялық Кеңес өз өкілеттілігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси және басқа да себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процессінда, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзіретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық Кеңес өкілеттілігі қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға көбірек жуықтағаны мен, билік тармақтарының бірде біреуіне бірікпейді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мәртебесі заңды тұрғыдан толық мағынасы – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген республика Конституциялық Кеңесінің құқықтық ережесі. Мәртебе түсінігі Конституциялық Кеңестің қызметтерін, өкілеттік мерзімі мен құрылуы тәртібін, құзіретін (қоғамдық қарым-қатынастың нақты саласындағы құқығы мен міндеттерін) жауапкершілігінің негіздемемлері мен нысандарын және өкілеттілігін тоқтату тәртібін белгілейді. Конституцияның 71 бабының 6 тармағына сәйкес Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. Қазіргі уақытта конституциялық нормаларды дамытуда Конституциялық Кеңестің мәртебесін бекітетін арнайы жиынтық акт, Республика Президентінің 1995 жылы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі турал» заң күші бар жарлығы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |