Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет73/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Дәріс нығайтатын тапсырмалар:

  1. Конституциялық бақылау түсінігі және түрлері

  2. Конституциялық бақылау функциялары

  3. Конституция және Конституциялық Кеңес

Бақылау сұрақтары:

  1. Конституциялық бақылаудың әлеуметтік мәні

  2. Қазақастан Республикасындағы конституциялық бақылаудың даму ерекшеліктері.

  3. Қазақастан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мелекеттік биліктегі орны

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)

2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
4. С.К. Амандықова. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. – Астана: Фолиант, 2000.


12-дәріс. ҚР-ның сот билігінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Дәріс жопары:

  1. Қазақстан Республикасының сот билігі – мемлекеттік билік тармағы ретінде.

  2. Қазақстан Республикасының сот билігінің конституциялық құқықтық мәртебесі:

  3. Судьялардың құқықтық жағдайы

  4. Судьялардың ауыстырылмайтындығы және судьяның тәуелсiздiгi:

Ұлы француз ағартушысы, ғалым Ш.Л. Монтескье үш билікті атай келе, олардың әрқайсысының қызмет саласында былай деп анықтаған: «Біріншісі заңдарды шығарады, оларды өзгертеді және күшін жояды. Екіншісі соғыс пен бейбітшілік және мемлекет қауіпсіздік мәселелерін шешеді. Ал, үшіншісі қылмыстар үшін жазалайды және жеке тұлғалардың арасындағы дауларды шешеді».


Профессор В.П. Божьев «Сот билігі құқыққа негізделеді және соттың араласуын қажет ететін, ол құқықыты қолданып, шешу тиісті жағдайлар үшін арналады» - деп көрсеткен.
Мемлекеттік биліктің ең маңызды белгісі оның құқықпен тығыз байланысты болуында, өйткені құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады. Тек ғана мемлекет жалпыға міндетті актілер арқылы қоғамда құқықтық тәртіпті орната алады, сондай-ақ оны сақтауға мәжбүрлей алады.
Сот билігі мемлекеттік биліктің бірлігі мен бөлінбейтіндігінің көрінісі бола отырып, біртұтас және әлеуметтік санат ретінде қарастырылады. Бұл оның мазмұнын құрайтын маңызды элементтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: біріншіден, ол биліктің тармақтарға бөлінудің өнімі болып табылады; екіншіден, өзінің функционалдық белгілері бойынша мемлекеттік билік болып табылады; үшіншіден, өзінің нысаналық мақсаты бойынша ол сот әділдігінің жүйесі ретінде ұйымдық тұрғыдан ресімделген мемлекет қызметінің нақты нысанын құрайды. «Сот», «Сот әділдігі», «Сот билігі» ұғымдары терең зерделеуді қажет етеді. Сот, сот әділдігі және сот билігі мағыналары тепе-тең түсініктер болмаса да, бір-бірімен байланысты: сот билігі сот әділдігінде іске асады, ал сот әділдігі тек сотпен жүзеге асырылады.
Заң әдебиеттерінде «Кеңестік дәуірде дәстүрлі бекітілген сот билігі ұғымы бірыңғай мемлекеттік биліктің құрамдас бөлігі ретінде ресми мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен және оның идеологизациялаумен түсіндірілген болатын, қазіргі кезде Қазақстанда да, бұл жағдай белгілі бір дәрежеде таралғандықтан, бүгінде адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, бұл ұғымның мазмұны толықтыруды қажет етуде» деген ескерту айтылған.
1993 жылғы Конституция қабылданға дейін сот билігі ұғымы мүлде болған жоқ деп айта кеткен жөн, себебі сот іс жүзінде таза әкімшілік орган ретінде қарастырылған.
Кеңестік Одағы ыдырап тоталитарлық жүйе қирағаннан кейін, сот билігінің рөлі мен маңызы арта түсті, сондықтан ол заңи зерттеулердің толыққанды объектісіне айнала бастады.
Республикада билік моделінің жаңа түрін біртіндеп құру екі сатыдан тұрады: біріншісі, 1990 жылдың басынан 1993 жылдың соңына дейін, бұл кезеңде Жоғары Кеңестің ХІІ-шақырылымның өзін-өзі таратуы болған; екінші саты ҚР Президентінің 16.07.1993ж «Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның тиімділігін арттыру бойынша шаралар туралы» Жарлығы қабылданған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін. Мемлекетіміз осы уақытта әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестерге ықпал етудің тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, биліктің барлық тармақтарының бірлесіп қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған Президенттілік институтын қалыптастыру жолында дамып келеді.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде жариялады. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті адам мен азаматтың табиғи құқықтарын сақтау мен қорғау болып табылады деп санаймыз.
Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің бір нысанын іске асыру болып табылатын бір сот төрелігін жүзеге асырумен ғана шектеуге болмайды. Бірақ Қ. Мәми дұрыс ажыратқандай «сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын неғұрлым толық және айқын ашу үшін, оның барлық белгілерін, яғни мемлекет тетігіндегі рөлі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет».
«Сот билігін,- дейді В.М. Савицкий,- құқықтық мемлекеттің негізгі құрылымдарының бірі ретінде азаматтық немесе құқытық нормаларда көзделген нақты істерді қараумен шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас өзін жояды... Қазіргі сот билігі бұрын әдетте құқық төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың сапалы жаңа функцияларға ие болуы нәтижесінде туындауы мүмкін».
Сот төрелігі саласынан басқа сот билігі соттың басқа да функцияларын жүзеге асыруы кезінде іске асырылады, атап айтқанда:

  • анықтау, алдын-ала тергеу органдарының және прокурордың қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттерінде заңдылықты бақылау;

  • азаматтардың құқытары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқытарға және бостандықтарын бұзған іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдарды қарау;

  • соттардың заңдар мен өзге нормативтік құқытық актілерді қолдану тәжірибесін зерделеу және жинақтау;

  • жеке қаулылармен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды іске асыру;

  • республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысында сот тәжірибесі мәселелері бойынша нормативтік қаулыларды қабылдау;

  • жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу әрекеттеріне сот қадағалауын жүзеге асыруы және т.б.

Сот билігі істі қарау кезінде кімге тиесілі – нақты судьяға ма (немесе сот алқаларына) немесе сот мекемесіне ме деген сұрақ талқыға түсті. Б.А. Страшун және Л.А. Мишин «сот билігі құқық қоғамдық қатынастарға ықпал ету құралы ретінде барлық сот органдарының жиынтығына жүктелген, әрбір сот органы сот билігін ұстанушылар болып табылады»- деп есептейді. В.Е. Чиркиннің пікірінше, «сот билігі сот мекемесіне емес, сот рәсіміне белгіленген талаптарға сәйкес іст қарайтын сот алқасына (немесе тек судьяға) тиесілі». Осындай пікірді С.А. Пашин де айтады, яғни «сот билігі құқық қолдану және өз құзыреті шегінде істерді қарайтын органдарды білдіруші, заңдарды қолдану мәселелері бойынша басшылыққа алынатын түсіндірмелер беруші және істің соттылығын өзгерту туралы мәселені шешуші құқық ретінде соттарға тиесілі. Жеке судья, егер ол соттың атынан әрекет жасай отырып, белгіленген іс жүргізу тәртібімен істі қараса немесе жекелеген мәселелерді шешсе, сот билігінің өкілеттігін іске асырады».
2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған «Казақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмытық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі», деп айқындап көрсетілген талқылауларға нүкте қойды. Заң шығарушы сотты істі алқалық немесе жеке қарайтын сот билігі органы деп санайтынын көрсеткен жөн (ҚР ҚІЖК-нің 7-бабының 1-тармағы). Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттігін кәсіпқой негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады. Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен тұрақты судьялар, Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқалаларының төрағалары, сот учаскелерінің аға судьялары судьялар болып табылады.
Өз кезегінде, заң шығарушылық билік органдары (соттарды ұйымдастыру және олардың қызметін регламенттейтін заңдарды қабылдаумен қатар) ҚР Парламенті Сенатының атынан:

  • ҚР Жоғарғы Сотының судьялар корпусын қалыптастырады;

  • Судьяларды осы соттың лауазымынан босату туралы мәселені шешеді;

  • ҚР Конституциясының 55-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда судьяларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім береді және т.б.

Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-үкімгерлік қызметпен айналыспайды. Сонымен бірге соттарға атқарушылық билік органдарын, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарын осы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қару арқылы бақылау құқығы берілген. Өз кезегінде, атқарушы билік тармағының органы ретіндегі әділет министрлігі Коституциялық Заңның 31-бабына сәйкес аудандық соттың төрағасы мен судьясына үміткерлерді Президентке ұсыну арқылы аудандық соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге Әділет министрлігі мен оның басқармасы кез келген буындағы соттарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру бойынша олардың қызметін басқаратын және бақылайтын орган болып табылмайды. Олар судьялардың тәуелсіздігі және тек Конституция мен заңға бағыну, әрі сот төрелігін атқару бойынша олардың қызметіне араласпау қағидасын қатаң сақтау жағдайында заңмен берілген функцияларды жүзеге асырады.
Осылайша, сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілетіктеріне байланысты тепе-теңдік пен тежемелік жүйесі арқылы олармен өзара іс-қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен сотқа құқық мәселелері мен фактілерді шешуде көлемді құзырет берілген.
В.И. Лапин «сот» ұғымын үш аспектіде қарастырады: оның әлеуметтік мақсаты тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде және құқықтық институт ретінде. Маңызды әлеуметтік институт ретінде ол компромисс арқылы заңмен шынай өмірдің арасында орын алатын қарама-қайшылықтарды басады, адам мен қоғам арасындағы қатынастарда болатын дауларды шешеді. Әлеуметтік-психологиялық аспектіде сот құқықтық норманы нақты жағдайға қатысты қолданып, адамның еркін әрекет жасауға итермелейді, осының нәтижесінде жалпыға бірдей заңды сыйлаушылықтың болуына алғышарттар жасайды. Ең соңғысы, құқықтық аспектіде сот – құқықтар мен заңды мүдделердің қорғау туралы талаптарды тікелей қарап, шеше отырып, конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік-биліктік орган. Осыдан ол өзінің сот әділдігі мен сот билігі ұғымдарына анықтамасын береді. Сөйтіп, ол «сот әділдігін» соттардың қарауына жатқызылған істерді әділ қарауын және олармен қабылданған шешімдердің орындалуы міндетті болып табылатын заңмен белгіленген рәсім ретінде түсінеді. «Сот билігі» ұғымы оны соттар мемлекеттік-биліктік органдар ретінде атқаратын, сот әділдігін іске асыруға байланысты мемлекеттің функциясы ретінде анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалардың мәнінен шығады. Сот билігі ұғымының мәні мен мағынасын толық және түсінікті етіп ашу үшін, оның белгілерін анықтап алу қажет.
Сот билігі терминінің өзі айналымға 1995ж ҚР Конституциясымен және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен (25.12.2000ж) енгізілгендігін айта кеткен жөн.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сүйене отырып, Қ.Ә. Мәми сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді: Олар:
– бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты оны мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген мемлекеттік органдар билік тармағының (мысалы, Конституциялық Кеңес, прокуратура) табиғатына келе бермейтін қызметтерді орындайды.
– сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі.
– оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын арнайы мемлекеттік органдарда құруда; сот алдында жеке міндеттері мен мақсаттарын қоюда және оларды жеке құзыреттерімен бөлуде, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін ұйымдастырушылық, функционалдық және қаржылық дербестікте ұсынатын сот билігінің тәуелсіздігі.
Белгілі заңгер Ж.Баишевтың көзқарасына сәйкес сот әділдігі дегеніміз құқық нормасын қолдануға байланысты қарама-қайшылықтарды шешу бойынша мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады. Сот әділдігін келесі белгілер ерекшелендіреді:

  1. ол мемлекет атынан Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылады;

  2. сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға таралады;

  3. сот әділдігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады;

  4. судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады;

  5. соттар шығарған шешімдер барлық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ азаматтармен орындалуға міндетті. Оларды орындамау және өзге түрдегі сотқа құрмет көрсетілмеушіліктің орын алуы заң бойынша жауапкершілікке әкеледі. 

Басқа зерттеушілер сот билігінің ұйымдастырушылық, әмбебаптық және мәндік сипаттағы, сондай-ақ оны жүзеге асыратын лауазымды адамдарының жоғары біліктілігі сияқты белгілерді атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет