Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Конституциялық Кеңес келесі жағдайларда сайлау немесе республикалық референдум өткізудің дұрыстығы жөніндегі мәселелерді қарауға құқылы



бет70/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Конституциялық Кеңес келесі жағдайларда сайлау немесе республикалық референдум өткізудің дұрыстығы жөніндегі мәселелерді қарауға құқылы:
1) сайлау кампаниясы кезінде дауыс беру нәтижесіне әсер ететін және жариялылыққа нұқсан келтіретін өрескел заң бұзушылықтар болса ;
2) шешілуі мүмкін емес, даулы жағдайлар туындаса;
3) дауларды шешудің әкімшілік ресурстары бітсе;
4)сайлау (референдум) өткізудің заңдылығына байланысты күмән болса;
5) өкілетті органдардың өтінімі болса.
1995ж. наурызындағы жағдай қайталанбас үшін,бұл жағдайда әңгіме бақылаудың алдын алу нысаны жөнінде екендігін айта кеткен жөн. Мұндай бақылау дауыс беру нәтижесі заңды күшіне енбес бұрын, ал Президент пен Парламент қызметіне кіріспестен бұрын болады.
Бірақ, бұл жағдайда «сайлау өткізудің дұрыстығы» деген сөз құрылымы біздің көзқарасымызша, аса сәтті жасалмаған, себебі, ол әр түрлі түсінікпен қатар әр түрлі талқылануы мүмкін.
Біріншіден, сайлау өткізу барысындағы барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы сайлау түсінігін береді. Сайлау (референдум) белгілі бір сатылардан тұрады және белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Сайлау алдымен бәсекелі түрде, әділ және ерікті өткізілуі тиіс.
Екіншіден, сайлау (референдум) белгілі бір заңи салдарға ие нақты нәтижені білдіруі мүмкін. Мысалы, жалпы дауыстарды санағаннан кейінгі сайланған кандидатты не партиялық тізімді жариялау керек. Конституциялық Кеңес өтінім болған жағдайда Конституция және Сайлау туралы Конституциялық Заң нормаларының талаптары сайлау процесінің қатысушылары, сонымен қатар сайлауды өткізуге және оны ұйымдастыруға байланысты өкілеттіктері бар лауазымды тұлғалар мен органдар тарапынан сақталған сақталмағандығын тексеру құқығы бар.
Басқаша айтқанда, «Сайлау өткізудің дұрыстығы түсінігі» «конституционалдық» немесе «заңдылық» деген түсінікпен бірдей мағынаны білдіреді, соған сәйкес Конституциялық Кеңес өкілеттіктері сайлау процесінің барлық сатысына сайлау күнін тағайындағаннан бастап оның қорытындысын жариялағанға дейінгі аралыққа, соның ішінде сайлау өткізу кампаниясының өткізілуіне, дауыс беру барысына, ұйымдастыру сатыларына таратылуы мүмкін. Сондықтан бұл түсінікті кең мағынада қарастыратын болсақ, Конституциямен және конституциялық заңмен бекітілген сайлау өткізу қағидаларынан ауытқу заңның бұзылуы болып табылуы тиіс. Бұл жерде азаматтардың сайлау құқықтарының бұзылуына байланысты істерді қарауға құзіреті бар басқа да органдардың - соттың, прокуратураның, сайлау комиссиясының өкілеттіктерін қайталау орын алуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда Конституциялық Кеңес сайлауды немесе республикалық референдумды өткізу және ұйымдастыру туралы немесе кейбір конституциялық заңдардың Конституцияға сәйкес емес екендігін тану туралы өз пікірін айта алатын кеңесші орган болып табылатындығы туралы айту қиын, себебі мұндай істерді қарауға байланысты жағдайлар болған жоқ. (бұл құқық тікелей бекітілмеген, бірақ тиым салынбаған). Мемлекеттік билік органы ретінде оның заңды салдарға ие шешімдер қабылдауға құқығы бар.
Біздің заңдармен салыстырғанда, кейбір мемлекеттердің конституциялық бақылау органдары сайлау процесіне бақылау жүргізе отырып, тек юрисдикциялық өкілеттіктермен шектеліп қоймайды. Бұл жағдайға ең негізгі мысал ретінде Францияның Конституциялық Кеңесін айтуға болады. Онда Конституциялық Кеңес президенттік сайлауда және республикалық референдумда өз өкілдері арқылы дауыс беру барысын бақылайды, президенттікке кандидаттардың тізімін бекітеді, сайлауды ұйымдастыруға байланысты өз пікірлерін айтады. Яғни, кеңесші орган ретінде болады.
Юрисдикциялық орган ретінде Конституциялық Кеңес заңмен реттелген шеңберде сайлау процесі субъектілерінің арыздары бойынша сайлау дауларын қарайды.
Жоғарыда айтылғандардан, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қарағанда, бұл сала бойынша Францияның Конституциялық Кеңесінің өкілеттіктері анағұрлым кеңірек екендігін көруге болады. Сайлауға байланысты Конституциялық Кеңес шешетін даулар көбіне кандидат және сайлау органы арасында болады. Бірақ, қазіргі біздің заңымыз оларды (сайлау процесінің негізгі субъектілерін) конституциялық өндіріс субъектілерінің қатарына жатқызбайды. Сондықтан, ел басының, Премьер-министрдің немесе Конституцияның 72 бабында көрсетілген басқа да субъектілердің жекелеген кандидаттардың құқықтарын қорғау үшін Конституциялық Кеңеске өтінішін білдіреді деп айту қиын болады.
Бұл жағдайға негіз ретінде сайлау заңдарының кемшіліктері мен бұзылуын көрсетіп, оны әрі қарай жетілдіру үшін үлкен жұмыстар қажет екендігін анықтаған ҚР Парламентінің 2004 жылы өткен сайлауын айтуға болады. Осындай жағдайлардың байқалуына қарамастан, жеке сайлау учаскелерінде сайлауларды заңсыз деп тану туралы Конституциялық Кеңеске бірде-бір өтініш түскен жоқ. Тиісінше, Конституциялық Кеңестің аталған саладағы құзыреті негізінен фиктивті сипатқа ие және нақтылауды талап етеді.
Азаматтардың субъективтік құқықтарын қорғау үшін президенттікке немесе депутаттыққа кандидат, егер сот шешімімен келіспесе, өзі ұсынылып отырған округте тұратын сайлаушылардың белгілі бір санының қолдары жиналған жағдайда сайлау өткізілуінің дұрыстығы жөнінде Конституциялық Кеңеске өтініш білдіре алу құқығын бекітетін жағдайды реттейтін норманы енгізу қажет.
Сонымен қатар, арызды беру мүмкіндігі белгіленген мерзімді анықтау қажет және өкілетті субъектілердің сайлау барысының қай сатысында арыздануға болатындығын бекітетін тәртіпті анықтау қажет.
Конституциялық Кеңестің сайлауды өткізу туралы шешімі конституционалды екендігін бекіту, сонымен қатар нормативті актілерді конституционалды емес деп тану, кандидаттардың сайлау қорларының заңдылығын тексеру туралы шешім қабылдауға құқығы бар ма? Бұл сұрақтар да әлі ашық және өз шешімдерін талап етуде.
1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі сайлау заңнамасы туралы көптеген істерді қарастырып шешкен. Әрине, ол тікелей сайлау дауларын шешпейді, оның қызметі одан да көп есе күрделі, яғни конституциялық әділеттілік құқық пен заңнамалық техникаға қатыстылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі өзінің қаулыларын шығарады, мемлекеттік билікті өкілетті органның сұрауымен қорытынды береді, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қолданыстағы немесе белгілі бір жағдайда қолдануға жататын заңға шағымдарын, нақты айтатын болсақ, қолданыстағы сайлау заңнамасындағы сайлау дауларын тудыратын нормаларының күшін жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет