Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Конституциялық Кеңестің құрамына енетін мемлекеттің лауазымды тұлғаларының бірі – Конституциялық Кеңестің мүшелері



бет68/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Конституциялық Кеңестің құрамына енетін мемлекеттің лауазымды тұлғаларының бірі – Конституциялық Кеңестің мүшелері.
Олар:
Біріншіден-Конституцияда көзделген тәртіппен тағайындалған тұлғалар: Конституциялық Кеңес жеті адамнан тұрады. Конституциялық Кеңестің құрамы мынандай ретпен құралады: Президент Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін тағайындайды, екі мүшесін Сенат төрағасы, екі мүшесін Мәжіліс төрағасы тағайындайды;
Екіншіден-Республика экс-Президенттері құқығына сай өмір бойы Република Конституциялық Кеңесінің мүшелері болып танылады.
Конституциялық Кеңестің тағайындалған мүшелігіне өкілеттілік мерзімі алты жыл. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл ретте Конституциялық Кеңестің мүшесіне белгілі бір талаптар қойылады: ең алдымен ол отыз жастан асқан, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Конституциялық Кеңес мүшесінің жоғары заңдық білім және заң саласындағы бес жылдық еңбек өтілі болуы керек.
Конституцияның 71 бабының 4 тармағында Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда саяси партияларға мүшелік пен сайыспайды.
Конституциялық Кеңес мүшесінің өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдауына және коммерциялық ұйымның басшылық органы не байқаушы кеңесінің құрамына енуіне жол берілмейді.
Республика Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығымен Конституциялық Кеңес мүшелерінің тәуелсізідігі олардың тек Конституцияға және тек осы жарлыққа (конституциялық заңға) бағынатындығы жарияланған. Басқадай актілердің ешқайсының алуын міндетті заңдық күші болмайды.
Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелері конституциялық іс жүргізу қызметінің мәселелері бойынша есеп бермейді. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімге шыққанға дейін, оның қарауына жататын істерді ешкімнің де сұрауына құқығы жоқ, ал төраға мен Конституциялық Кеңестің мүшелерінің Конституциялық Кеңестің отырыстарын қоспағанда қаралатын мәселе бойынша пікірін айтуға немесе консультация беруге құқығы жоқ. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелерінің тағайндалғаннан кейін Паралмент палаталарының бірлескен отырысында Республика Президентіне салтанатты жағдайда мынандай мазмұнда ант береді: «Өзіме жүктелген Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы міндетін адал орындауға, әділ болуға, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына бағынуға салтанатты түрде ант етемін». Жарлықтың 15 бабының 2 тармағының 7 тармақшасына сәйкес антты бұзу Конституциялық Кеңес төрағасы (мүшесі) өкілеттілігінің тоқтатылуының бірден бір негізі болып саналады.
Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелерін өздерінің өкілеттілігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Конституциялық Кеңес төрағасына немесе мүшесіне қатысты қылмыстық істі, оны алдын ала анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын Республикалық мемлекеттік органның басшысы ғана қозғай алады.
Іс жүргізу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры жүзеге асырады, ал Парламентке Конституциялық Кеңестің төрағасын не мүшесін қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісімін беру туралы ұсыныс енгізеді. Аталған қылмыстық істі қарау Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына жатады. Осының нәтижесінде конституциялық қадағалау органы мүшелерінің жауапты міндеттері орындауға атқарушы және сот тармақтары билігі тарапынан болатын негізсіз кедергі жасау мақсатында қорғалады.
Республика Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығы мен қосымша кепілдіктер енгізілген. Конституциялық Кеңстің мүшелері, жарлықта аталып көрсетілген жағдайлар мен негіздемелерді қоспағанда, өкілеттілік мерзім ішінде ауыстырылмайды. Конституциялық Кеңестің мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды. Конституциялық Кеңестің мүшесін ешкімнің де Конституциялық Кеңестің отырысына шектеуге құқығы жоқ. Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелері Конституциялық Кеңес жүргізіп жатқан мәселелерді қарауда және олар бойынша шешімдер қабылдауда тең құқықтарға ие болады.
Конституциялық заңдылықтарда Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтату немесе тоқтата тұру негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығының 15 бабына сәйкес қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет