Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет76/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Судьялардың құқықтық жағдайы:
ҚР-да Сот билігін жүзеге асыратын судьялар болып табылады. Барлық судьялардың құқықтық статусы тең болады, олар тек қана қызметіне байланысты ажыратылады.Сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттар тек қана ҚР-ның Конституциясына бағынып тәуелсіз болады.
Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі:
- сот әділдігін жүзеге асыру процедурасында;
- сотты сыйламау жауапкершілікке әкеп соғады;
- көрсетілген тәртіпте ғана олардың қызметін шектеуге, тоқтатуға болады;
- судьялар мемлекет тарапынан, статусына байланысты әлеуметтік және материалдық жағынан қамтамасыз етіледі.
Судьялардың жанұясы және материалдық игіліктері мемлекет қорғауында болады.
ҚР. Конституциясымен бекітілген судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормалар:.
1) судьялардың конституция мен заңдар қорғайтын тәуелсіздігі;
2) судьялардың қол сұғылмаушылығы (иммунитет);
3) судьялар үшін саяси, жас және білім шекетлімдері;
4) судья лауазымының негізгі қызметтің және жұмыстың кейбір түрлерімен сыйыспаушылығы;
5) судьяларды материалдық, тұрғын үймен қаматамасыз етілуі;
6) судьялардың тағайындалмалығы (сайланбалылығы);
7) судьялар заң қолданған кезде басшылыққа алуға тиіс қағидалар (77,79,80,82-баптар).
Конституциялық қағидаларға сәйкес ҚР-ның 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңында «Судьялардың мәртебесі» деген арнайы бөлім бар. Судьялардың мәртебесі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім – төмендегі сәттер кіретін судьялардың құқықтық жағдайы болып табылады.
Барлық соттардың судьялары біртұтас мәртебеге ие және өзара өкілеттіктерімен ғана өзгешеленеді. Судьяның өкілеттіктерінің өзгешеліктері олардың лауазымдық жағдайынан және түрлі сот буындарында – аудандық, облыстық және Жоғарғы Соттағы жұмысынан туындайды. Барлық судьялар әділ сотты жүзеге асырады, тұрақты негізде өздерінің міндеттерін атқарады және сот билігінің иелері болып табылады. Судьяларға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттемелер жүктеле алмайды. Судьялар қылмыстармен, заңдалық және құқықтық тәртіп сақтау үшін күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың құрамына қосыла алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет