Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Конституциялық Кеңестің шешімдері және оның заңи күші



бет72/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Конституциялық Кеңестің шешімдері және оның заңи күші: Конституциялық Кеңесте іс жүргізудің келесі бір үлкен сатысы Конституциялық Кеңестің шешім қабылдауы. Яғни Конституциялық кеңестің отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешімі болып табылады.
Конституциялық кеңестің шешімдері Конституциялық кеңестің конституциялық өкілеттігін жүзеге асыратын қорытынды шешімдер және Конституциялық Кеңестің өзге де өкілеттігін жүзеге асыратын басқа да шешімдер болып бөлінеді.
Конституциялық Кеңес мәселе жеткілікті түрде айқындалған деп тапса, төраға қорытынды шешімді талдау жасау үшін Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәжілісінің ашылуы туралы жариялайды. Мәжіліс кезінде бөтен адамдардың қатыстырылуына жол берілмейді.
Конституциялық Кеңес шешімдері алқалы түрде қабылданады.
Конституциялық Кеңес шешімді жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестің тіпті бір мүшесі талап етсе де жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Шешімді қабылдаған кезде егер Конституциялық Кеңес мүшелерінің дауыстары тепе-тең бөлінген болса Конституциялық Кеңес төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз дауысын соңынан береді. Конституциялық Кеңес төрағасының орнын уәкілдік беруі бойынша Конституциялық Кеңестің тиісті мүшесі ауыстырған жағдайдабұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық кеңес төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесінің қатысуымен қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Конституциялық Кеңестің мәжілісі кезінде оның отырысқа қатысқан мүшелерінің ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға құқығы жоқ.
Конституциялық Кеңес қабылдаған шешімдер оларға төраға қол қойғанға дейін дауыс беруше қатысқан Конституциялық Кеңес мүшелерінің қолдарымен алдын ала расталады және оған дейін дауыс беруге қатыспаған мүшелердің, соның ішінде қабылданған шешімдермен келіспейтін Конституциялық Кеңес мүшелерінің қолдауымен бекітіледі. Қорытылған шешіммен келіспеген Конституциялық Кеңестің мүшесі өз пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, мұны Конституциялық Кеңес айырықша пікір дейді.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді, ол түпкілікті болып табылады, және шағым жасалуға жатпайды. Ол Республиканың барлық аумағында барша үшін міндетті. Ал өзге шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Кеңес өзі анықтайды.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешіміне тұтастай немесе белгілі бір бөлігіне Республика Президенті қарсылықтар енгізуі мүмкін. Олар, Президент шешімінің нәтижесін алған күннен бастап он күн ішінде қорытылған шешімге түбегейлі немесе бір бөлігінде қарсылығын енгізуі мүмкін. Бұл қарсылық іске қатысушылардың қатысуынсыз қарсылық түскен сәттен бастап бес күннің ішінде Конституциялық Кеңес мүшелерінің отырысында қаралады. Егер қарау шешімге, қаулыға Конституциялық Кеңес мүшелерінің жоспарлы келісімде үштен екі дауыс берсе қаулы қабылданады деп саналады, Бұл Президент қарсылығының еңсерілгендігін білдіреді. Президент қарсылығын қарау алдында дауыс беруге қатысқан Кеңес мүшелері қатысуға құқылы, мұндай жағдайда оларға өтініш материалдары мен танысу үшін екі күн беріледі. Республика Президентінің қарсылығы еңсерілмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданды деп есептелінеді, конституциялық іс тоқтатылады.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдері айырықша құқықтық маңызға ие:
- Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған Республика заңдары мен халықаралық шарттарына қол қоюға немесе тиісінше бекітуге және күшіне енгізуге болмайды;
Конституциялық Кеңестің өзінің бастапқы шешіміне қоса шешім қабылдауы мүмкін:
1. Шешіміне түсіндірмелер беру туралы мәселе қойылса;
2. Шешімінде редакциялау сипатта жіберілген қателерді түзету қажет болса.
Конституциялық Кеңес шешімді қабылдауды өзінің бастамашылығы бойынша жүзеге асырады. Қос шешім бастапқы шешімінің мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуі тиіс. Оның қабылдану тәртібі Конституциялық Кеңестің шешімін қабылдаумен бірдей.
Сондықтан Конституциялық Кеңес шешімінің кейбір жағдайларда қайта қаралуы мүмкін. Конституциялық қарау тек қана өз бастамашылығымен жүргізілуі мүмкін.
Егер шешім қабылданған сәтте Конституциялық кеңеске белгісіз болған өтініштің мәні бойынша тағы да елеулі жағдайлар ашылса;
Қабылданған шешімге негізболған Конституцияның нормасы өзгертілсе;
Конституциялық Кеңес шешімді қайта қарау туралы қаулы шығарып сол арқылы бастапқы шешімнің күшін жояды.
Конституциялық Кеңес қорытынды шешімдері (қаулылары) қабылданғанан кейін екі күн ішінде өтініш субъекті немесе олардың өкілдеріне сондай-ақ барлық жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Палаталарына, Жоғарғы сотына, Бас Прокурорына, Әділет министріне жіберіледі.
Конституцияға сәйкестігі танылған жағдайда:

  • Заңдар оларға қол қойылған сәттен бастап, қайта жаңартылады;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары – оларды бекіту процессі жаңғыртылады;

  • Президент сайлауы – Республиканың сайланған Президентін тіркеуге әкеліп соғады;

  • Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарының сайлауы сайланған депутаттарды тіркеуге әкеліп соғады;

  • Республикалық референдум – референдум қорытындыларын қайта жаңғыртуға әкеліп соғады;

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 47 бабының 1-2 тармақтарына сәйкес Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату немесе кетіруге байланысты рәсімдерм – тиісінше Республика Президентін мерзімінен бұрын босату туралы мәселені одан әрі қарауға жол береді.

Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу тәртібін өз алдына дербес анықтай алады.
Қорытынды шешім Республикалық ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Конституциялық Кеңестің өз отырысында қаралатын басқа да мәселелер:
Конституциялық Кеңес ата заңымызда көрсетілген алдында айтылған мәселлерден өзгеше мына мәселені де өз отырысында қарайды:

  • Қазақстан Республикасы Президентіне елдегі құқықтық заңдылықтың жайы туралы мәлімет беріп отыру;

  • Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы құжаттарын талдау және бекіту;

  • Конституциялық Кеңестің аппараттарының бөлім басшылары қызметіне кандидатураларды талқылау;

  • Заңға сәйкес Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің өкілеттіліктерін тоқтата тұру мен тоқтату;

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Президенттің жарлығына сәйкес Конституциялық Кеңес төрағасының мүшелерінің өкілеттілігі мына жағдайларда тоқтатылы тұруы мүмкін:

  1. Дәлелді себептерсіз кем дегенде қатарынан үш рет Конституциялық Кеңес отырысына қатыспаса;

  2. денсаулығының жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз міндеттерін орындай алмаса;

  3. заңдық күші енген сот шешімі бойынша хабар-ошарсыз кетті деп танылса;

Заң белгілі тәртіппен оларды қамауға алуға, әкімшілік немесе құқықтық жауапқа тартуға сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, іс-әрекетке қабілетсіз немесе шекетеулі деп тану туралы тиісті, шағым қозғауға келісім берген жағдайда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет