Конституциялық Кеңес өндірісі және оның қағидалары: Өз құзіретін Конституциялық Кеңес конституциялық іс жүргізу түрінде жүзеге асырады. Бірақ ол сот ісін жүргізу емес, Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар жүйесіндегі өзінідік қыры бар мемлекттік іс жүргізу. Конституциялық Кеңес мемлекеттік механизмнің бір бөлігі бола тұрып, мемлекеттік биліктің бірден бір тармағына жатпайды.
Конституциялық Кеңесте ұсыныс-жүгіністерді қарау отырыстарда, Конституциялық Кеңестің төрағасының төрағалық етуімен жүргізіледі. Конституциялық Кеңестің отырыстары оның мүшелерінің үштен екіден кем емес бөлігінің қатысып отырған жағдайда ғана құқықтық күшке ие болады. Өтініш бойынша конституциялық іс қозғайтын субъектілер ауқымы шектеулі. Ол субъектілер конституциялық іс жүргізуге қатысушылар болып есептелінеді:
Республика Президенті;
Парламент Сенатының төрағасы;
Парламент Мәжілісінің төрағасы;
өздерінің жалпы санының кемінде бестен бірі болатын Парламент депутаттары;
Премьер-Министр;
Республика соттары;
актілерінің конституциялығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.
Қажет болған жағдайда конституциялық іс жүргізуге қатысушылар Конституциялық Кеңеске өз өкілдерін жібере алады, олардың өкілеттігі азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен рәсімделеді. [7]
Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» заң күші бар жарлығының 21 бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері бар:
Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар өз өкілеттіліктері шегінде тең іс жүргізу құқықтарын пайдаланады. Сонымен қатар қатысушылар іс жүргізу материалдары мен танысуға, олардан қысқаша үзінділер мен көшірмелерін алуға, дәлелдемелер келтіруге, оларды зерттеуге қатысуға, өтініштің дұрыстығын немесе оның терістігін дәлелдеу, іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің дәйектері мен ойларын, өтініштері бойынша өз пікірін Конституциялық Кеңеске айтуға құқылы; Конституциялық Кеңеске ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге құқылы. Сондай-ақ іс жүргізуге қатысушы: өтініш бойынша конституциялық іс қозғалған қатысушының Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылданатын отырысы басталғанға дейін өтінішінің негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға, өтініштен бас тартуға құқылы;
Конституциялық Кеңестің актілеріне орай конституциялық іс қозғалған қатысушының өтінішінде мәлімденген талаптарды толық немесе ішінара мойындауға не оларға қарсылық білдіруге құқылы;
Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға жүктелген міндеттері, олар өз құқықтарын адал пайдалануға міндетті; олардың Конституциялық Кеңеске көренеу жалған мәліметтер хабарлауы немесе Конституциялық Кеңес талап еткен құжаттарды, материалдар мен өзге де ақпараттарды бермеуі Конституциялық Кеңесті құрметтемеу ретінде бағаланады және де заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады;
Республика Конституциясын, Конституциялық Кеңеске оның талаптарына және Конституциялық Кеңесте қабылданған рәсімдерге құрметпен қарау;
Төрағалық етушінің отырыс тәртібін сақтау туралы өкілдеріне бағынуға міндетті.