Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет77/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Судьялардыңауыстырылмайтындығы:
Бұл олардың құқықтық жағдайының маңызды элементі болып табылады. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады. Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн (Конституциялық Заңның 24-бабы). Сонымен қатар республикамыздың заңнамасында судья лауазымында өмірлік болу туралы норма көзделмеген, өйткені судья өкілеттігін тоқтату негіздерінің бірі оның белгілі бір шекті жасқа жетуі болып табылады. Мұндай жас бұрын 60 жас болған, кейбір жағдайларда ол 65 жасқа дейін ұзартылуы мүмкін еді. Бұл ереже Конституциядан алынып тасталған.
Соттар туралы Конституциялық Заңға 1997ж енгізілген толықтыруларға сай судья лауазымында болудың шекті жасы Конституциямен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады. Алайда, не Конституция, не соттар туралы Конституциялық Заң судьяның мұндай жасын анықтамайды. Біздің ойымызша, судья лауазымына тағайындау немесе сайлау өмірлік болатын қағиданы енгізу қажет.
Судьяның тәуелсiздiгi:
Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуєа және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.
Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық, әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi (Конституциялық заңының 25-бабы).
Заң судьяның тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерiн белгілейді. Ол заңи, ұймдастырушылық және материалдық кепілдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет