Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


ҚР-сы Үкіметінің және Премьер-Министрдің өкілеттіктері



бет62/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

ҚР-сы Үкіметінің және Премьер-Министрдің өкілеттіктері:

  • Республика Үкiметiнiң құрамында болуғабайланысты шектеулер:

  • Үкімет өкілеттілігінің тоқтатылуы:

    ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
    Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін белгілейді.
    Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.
    Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi:
    1. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.
    2. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.
    Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.
    Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
    3. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды.
    Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет