Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Парламент Сенатының ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады



бет55/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
Байланысты:
дәріс 2

Парламент Сенатының ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады. Олар:

  1. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесі Президенттің төрағалығымен Жоғарғы Сот Төрағалығына, Жоғарғы Соттың алқалары төрағалары мен судьяларына кандидаттар іріктеп, ұсынады. Президент тиісінше Сенатқа жазбаша түрде ұсыныс енгізеді.

  2. Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын қызметке тағайындамас бұрын Президент Сенаттың келісімін алады.

  3. Бас Прокурорды қолсұғылмаушылықтан айыру оны қызметке тағайындау кезіндегі тәртіп бойынша жүргізіледі.

  4. Конституция Сенатқа жергілікті өкілді органдардың өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату құқығын береді. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы заң қандай мәслихаттардың өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылуы мүмкін екенін қарастырған.

  5. Сенат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатын жібереді. Кандидаттарды Сенат депутаттары, Сенаттың комитеттері тікелей ұсынады. Егер кандидаттар бірнешеу болса, депутатардың жалпы санының көпшілік дауысын жинаған депутатар сайланған болып есептеледі.

  6. Сенат Республика Президентінің орнынан кетуіру туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарайды. Бұл мәселе Конституцияда көзделген рәсімдер негізінде және соған сәйкес қаралады.

Палаталардың өкілеттілік мерзімдерінің әртүрлілігіне қарамастан, Президент Парламентті мерзімінен бұрын таратқанда олар өз қызметін бір уақытта тоқтатады.
Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады.

  1. Заң жобаларын қарауға қабылдау және қарау;

  2. Республика Парламенті қабылданған заңға Президенттің наразылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  3. Президенттің ұсынысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметінен босату;

  4. Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын белгілеу;

  5. Екі депутатты әділет біліктілік алқасынның құрамына екі жылға жіберу;

  6. Республика Президентіне қарсы мемлекетке опыздық жасады деп айып тағу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет