Дәріс кешені 1-дәріс. Тақырып: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны


-дәріс. Тақырып: Ұйымның қаржылық тұрақтылықты талдау



бет28/33
Дата10.12.2021
өлшемі317 Kb.
#78871
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Эк талдау (1)
алтын куз.ортангы топ, Өндірістік шығындар, Өндірістік шығындар, Өндірістік шығындар, Эк талдау (1), Негізгі құралдардың келіп түсу есебінің шоттар корреспонденциясы, лекция -5 инновация, «Информатиканы теориялы негіздері», Презентация1
13-дәріс. Тақырып: Ұйымның қаржылық тұрақтылықты талдау

Дәрістің мақсаты:

Дәріс сұрақтар:

1 Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылықтың үш факторлы моделі.

2 Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері мен оларды талдау.

3 Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

4 Ұйымның абсолютті төлемқабілетсіздігі мен тұрақсыздығы түсініктері. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау.

Дәрістің негізгі мазмұны

Қаржылық тұрақтылық бұл өндірістік шығындарды қаржылындыруды қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың жағдайын көрсететін көрсеткіш. Қаржылық тұрақтылықты талдау арқылы ұйымның қаржылық ресурстарынды қалай басқарып отырғандығын анықтауға болады. Қаржылық тұрақтылықты анықтау үшін мынандай 3 көрсеткіш есептеледі:

1. Меншікті айналым капиталының бар болуы

2. Қорларды меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар есебінен қалыптастыру

3. Қорларды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы көлемі

Ұйымның төлем қабілеттілігін сипаттайтын мағңызды көрсеткіштердің бірі несиелік қабілеттілікті талдау болып табылады. Несиелік қабілеттілік қарыз алушының несие алу және оны қайтару мүмкіндіктерін көрсететін көрсеткіш. Банкпен клиент арасындағы несиелік қатынастар несиелік келісімшарт арқылы реттеледі. Онда мынандай шарттар міндетті түрде көрсетілуі қажет:

- несиелеу объектісі

- берілген несие сомасы

- мерзімі

- пайыздық мөлшерлемесі

- несиені қамтамасыз ету формалары(мүлік кепілі, гарантия)

- екі жақтың міндеттері, құқықтары, жауапкершіліктері

Банк пен клиент арасында несиелік келісімшарт бекіткенге дейін ұйымның несиелік қабілеттілігіне талдау жұргізіледі. Несиелік қабілеттілікті талдаудағы негізгі мақсат қарыз алушының қаржылық жағдайын сапалы түрде бағалау және қарызға алынған қаражаттарды қайтару қабілеттілігін зерттеу болып табылады. Несиелік қабілеттілікке талдау жүргізу міндеттемелеріне мыналар жатады:

1. Ұйымның қаржылық жағдайын анықтау

2. Қарыз алушының шаруашылық қызметін тиімсіз ұйымдастыру әсерінен несиелік ресурстарды жоғалтудың алдын алу

3. Ұйымның тиімділігін жоғарлатуға бағытталған қарыз алушының қызметін ынталандыру

4. Несиелеудің тиімділігін жоғарлату

Бүгінгі күні коммерциялық банктер үшін несиелік қабілеттілікті талдаудың біріңғай коэффиценттерді анықтамаған. Несиелік қабілеттілікті талдау кезінде оған бірқатар факторлар әсер етеді. Олар: қарыз алушының беделі, несиелік тарихы, несиелік ресуртарды пайдалану мақсаттары, несие сомасы, несиені қамтамасыз ету формасы, меншігіндегі активтер сомасы, елдегі жалпы экономикалық жағдай

Несиелік қабілеттілікті талдау кезінде мынандай коэффиценттер жиі пайдаланылады:

1. Ағымдық өтімділік коэффиценті тең өтімділігі өте жоғары активтерді бөлеміз ҚММ

2. Аралық өтімділік коэффиценті = (ақша қаражаттары + қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар + қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар)/ ҚММ

3. Қорлардың айналым капиталмен қамтамасыз етілу коэффиценті = ( МК + ҰММ – ҰМА) / қорлар

4. Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелсіздік коэффиценті = (МК + ҰММ) / баланс валютасы

5. Пайыздық төлемдерді жабу коэффиценті = ақша қаражаттары / төленуге тиісті пайыздық мөлшерлемелер

6. Ұйым қарыздарын жабу коэффиценттері = ақша қаражаттары / ( ҚММ + ҰММ)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет