Комплексті қосылыстардың номенклатурасы мен жіктелуі
Комплексті қосылыстардың номенклатурасы
ИЮПАК (теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы) номенклатурасына сәйкес комплексті қосылыстардың аталу реттілігі мынадай:
- атау септігінде анион, ал содан кейін ілік септігінде – катион деп атайды (олардың қайсысы комплексті екендігіне байланысты емес);
- егер комплекс түзуші комплексті катион құрамына кірсе, онда оған орысша атау қолданылады, ал жақшада рим сандарымен оның тотығу дәрежесін көрсетеді;
- егер комплекс түзуші комплексті анион құрамына кірсе, онда осы элементтің латынша атауын қолданып, ал соңынан «ат» суффиксі жалғанып рим санымен тотығу дәрежесін көрсетеді;
- зарядталған лигандтарды атағанда «о» жалғауы жалғанады; бейтарап лигандтар NH3 аммин, ал H2О – аква деп атайды.
- лигандтар санын грек сандарынан 2, 3, 4, 5, 6 құралған: ди-, үш-, тетра-, пента-, гекса- қосымшаларымен көрсетеді.
Мысалы: Сd(NH3)4]SO4 – тетрааммин кадмийдің сульфаты (П);
K2[Сd(CN)4] – калийдің тетрацианокадмиаты (П).
Достарыңызбен бөлісу: |