күшті электролиттердің ерітінділері:
* күшті қышқылдар (HCl, H2SO4)
* негіздер (NaOH, Sr(OH)2)
* орта тұздар (NaCl, K2S)
* сыртқы сферасы бар комплексті қосылыстар (K2[Zn(OH)4])
күші орташа электролиттердің ерітінділері:
* күші орташа қышқылдар ( H3РO4, HF)
* күші орташа негіздер (NH4OH, Mg(OH)2)
әлсіз электролиттердің ерітінділері:
* әлсіз қышқылдар (H2S, HCN)
суда аз еритін негіздер (Mn(OH)2, Cu(OH)2)
амфотерлі гидроксидтер (Al(OH)3, Zn(OH)2)
* комплексті иондар ([Al(OH)6]3‾, [Cu(NH3)4]2+)
* су (Н2О)
Күшті электролиттер іс жүзінде толығымен иондарға ыдырайды, ал орташа күші бар және әлсіз электролиттер біртіндеп диссоциацияланады. Күшті электролиттер үшін электролиттік диссоциация қайтымсыз, ал әлсіз электролиттер үшін – қайтымды үдеріс.
Мысалы:
КС1 К+ + С1‾ ;
Н2СО3 НСО3‾ + Н+
Электролиттік диссоциацияның қайтымды үдерісінің тепе-теңдік константасын электролиттік диссоциация константасы деп атайды және КД деп белгілейді.
Электролиттік диссоциация константасы (КД) – иондар концентрациясы көбейтіндісінің диссоциацияланбаған электролит молекулаларының концентрациясы қатынасына тең.
Мысалы: Көміртегі қышқылы үшін КД келесі түрде жазылады:
Электролиттік диссоциацияның константасы әлсіз электролиттің иондарға ыдырау қабілеттілігін сипаттайды: КД мәні жоғары болған сайын, ерітіндідегі иондар саны көп болады.
Диссоциация константасы (КД) электролит күшінің неғұрлым дәл сипаттамасы болып табылады, өйткені КД ерітіндінің концентрациясына тәуелді емес, бұл диссоциациялану дәрежесінен (α) өзгешелілігі.
Электролиттік диссоциация бір немесе бірнеше саты бойынша жүруі мүмкін.
|