Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс


Комплексті қосылыстардың электролиттік диссоциациясы



бет46/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
дәріс

5.4 Комплексті қосылыстардың электролиттік диссоциациясы
Комплексті қосылыстар – бейэлектролиттер, сулы ерітіндіде электролиттік диссоциацияға ұшырамайды.
Мысалы: Zn(NH3)2Cl2]; Co(NH3)3(NO2)3].
Комплексті қосылыстар – сулы ерітіндіде сатылап диссоциациялана-тын электролиттер:

  • бірінші саты бойынша ішкі және сыртқы сфераларға диссоциацияланады; сфералардың арасындағы байланыстың табиғаты иондық болғандықтан, бұл үдеріс қайтымсыз болады;

  • келесі саты бойынша диссоциациялану (комплексті ионның диссоциациялануы) комплекс түзуші лигандтармен ковалентті және донорлы-акцепторлық байланыс түзетіндіктен, үдеріс қайтымды болады.

Мысалы: Na2Zn(OH)4] комплексті қосылысының ЭД-сы қарастырайық:
Na2Zn(OH)4]  2Na+ + Zn(OH)4]2 (1 саты)
Zn(OH)4]2  Zn2 + + 4OH (2-5 сатылар)
Комплексті ионның ЭД-сы қайтымды болуына байланысты, бұл жүйеде сандық түрде химиялық тепе-теңдік константасымен сипатталатын химиялық тепе-теңдік орнайды. Сатыланып диссоциациялану константасына тең комплексті ионның (КИ) диссоциациялануының жалпы реакциясының константасын тұрақсыздық константасы деп атайды және оны Ктз деп белгілейді.
Мысалы: Zn(OH)4]2 комплексті ионы үшін:

Тұрақсыздық константасы (Ктз) комплекс түзушілер, лигандтар табиғатына және координациялық сан мәніне тәуелді. Ктз мәні бойынша КИ беріктігін білуге болады: оның мәні неғұрлым төмен болған сайын, комплекс түзуші мен лиганд соғұрлым берік байланысады, демек комплексті ион (КИ) берік болады.
Мысалы: КAg(СN)2]; Ктз (КИ) = 110–21 (I); КСu(СN)2]; Ктз (КИ) = 110–24(II). Сәйкесінше, (II) КИ беріктігі (I) КИ беріктігінен жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет