1s2 → 2s2 → 2p6 → 3s2 → 3p6 → 4s2 → 3d10 → 4p6 → 5s2 → 4d10 → 5p6
→ 6s2 → 4f14 → 5d10 → 6p6 → 7s2 → 5f14 → 6d10 …
Бір деңгейшенің атомдық орбитальдарының электрондармен толтырылуы Хунд ережесіне (1927 ж.) бағынады: бір деңгейшедегі электрондардың квант сандарының қосындысының модулі (спин қосындысы) максимал болуы керек. Осы жағдайда атом тұрақты күйде болады.
Бұл ережеге сай, бір деңгейшедегі (p, d, f) АО алдымен параллель спинді электрондармен (ē), содан кейін қарама-қарсы спинді электрондармен (ē) толтырылады.
Мысалы: атомның тұрақты күйіне сәйкес р-деңгейшедегі үш электронның толтырылуы:
1)
|
|
|
|
|
2)
|
|
|
|
3)
|
|
|
|
4)
|
|
|
|
1 мен 2 дұрыс, ал 3 пен 4 дұрыс емес.
Бастапқы екі жағдайда модуль бойынша спин қосындысы максимал болады:
– 1/2 – 1/2 – 1/2 = 3/2 немесе + 1/2 + 1/2 + 1/2 = 3/2 ,
ал үшінші және төртінші жағдайда – минимал мән қабылдайды:
– 1/2 + 1/2 – 1/2 = 1/2 немесе + 1/2 – 1/2 + 1/2 = 1/2.
Деңгей, деңгейше және электрондардың атомдық орбиталі бойынша орналасқан атомның электрон бұлтының құрылысы атомның электрондық конфигурациясы деп аталады (электрондық немесе электронды–графиктік формула бойынша жазылады).
Мысалы: азот атомы үшін:
1) электрондық формуласы: 1s22s22p3
2) электронды-графиктік формуласы:
1s2 2s2 2p3
Электрондық формулада үлкен араб сандары энергетикалық деңгейді сипаттайды. s, p, d, f әріптері деңгейшені сипаттайды, ал кіші араб сандары әрбір деңгейшедегі электрондар санына сәйкес болады.
Кейбір элементтер (Cr, Cu және т.б.) атомының электрондық формулаларын жазу барысында ns–деңгейшесінен (n–1)d – деңгейшесіне электронның «құлауын» ескеру қажет.
Электронның «құлауы» атомның неғұрлым тұрақты электрондық конфигурациясын қабылдауға ұмтылуымен сипатталады (атом күйі толықтай немесе жартылай деңгейшелермен толтырылуы қажет).
Мысалы: хромның электрондық формуласы 4s23d4 болу керек, бірақ хромның сыртқы деңгейшесінде 2ē емес 1ē бар, себебі 2-ші электрон (n–1)d–деңгейшесіне «секіреді», сондықтан электрондардың орналасуы мынадай болады: 4s13d5. Бұл неғұрлым энергетикалық тиімді жағдай.
Атомның соңғы электронының қандай энергетикалық деңгейшеге түсетіндігіне байланысты, барлық элементтерді төрт электрондық ұяшыққа бөледі. Осы ұяшықтарға жататын элементтерді s, p, d, f- элементтері деп атайды. s-, p- элементтері үшін соңғы электрон n–ші, d- элементтері үшін (n–1)-ші, ал f - элементтері үшін (n–2)–ші энергетикалық деңгейшеге түседі.
Мысалы: Cr (…4s13d5) d – элементі, ал Na (…3s1) s- элементі.
2.4 Атомның қалыпты және қозған күйдегі жағдайы
Атом энергиясы белгілі бір мән қабылдайды және тек кванттық ауысу кезінде ғана өзгеруі мүмкін. Егер атом қалыпты жағдайда болса (негізгі күй), онда оның электрондары минималь энергиямен сипатталатын деңгейді алып тұрады.
Энергия алмасуымен байланысты, атомға сырттан әсер ету кезінде электрондар неғұрлым жоғары энергетикалық деңгейге ауысады.
Атомның мұндай күйі қозған күй деп аталады. Мұндай ауысу кезінде электрондар деңгейлер арасындағы энергетикалық айырмашылықтарға сәйкес келетін энергиясының бір бөлігін береді.
Атомдар тек сыртқы деңгейде бос орбитальдары мен жұптасқан электрондар болған жағдайында ғана қозған күйде болуы мүмкін.
Демек, сыртқы деңгейдің төменгі деңгейшесінде орналасқан электрон-дардың ажырауы кезінде және олардың осы деңгейдің неғұрлым жоғары деңгейшесінің бос орбиталіне ауысуы кезінде жүзеге асырылады.
Атомның электрондық құрылысы тұрғысынан электронның жұптаспаған саны элементтің валенттілігін (В) анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |