Периодтық заңның физикалық мәні: ядроның оң зарядының өсуі атомның сыртқы электрон бұлттары құрылысының периодты қайталануына әкеледі (яғни элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодты қайталануы байқалады).
Сонымен, бір периодта энергетикалық деңгей саны бірдей элементтер біріктірілген, ал бір топта валентті электрон сандары бірдей элементтер келтірілген. Электрон бұлттары құрылысының периодтылығы элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің периодтылығына негізделген: металдық және бейметалдық, электртерістілік, иондану энергиясы, электронға тартқыштық, атом радиусы, гидроксидтердің қышқылдық-негіздік қасиеттері және жай заттардың тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері.