Иондану энергиясы (ИЭ) – негізгі күйдегі бейтарап атомнан ядромен неғұрлым әлсіз байланысқан бір электронды бөліп алу үшін жұмсалатын минимал энергияны сипаттайды:
Э0 – ē Э+, ИЭ (эВ)
Иондану энергиясы (ИЭ) элементтің «металдығының» өлшемі: иондану энергиясы аз болған сайын, атом электронын жеңіл береді және элементтің металдық қасиеті басым бола түседі.
Негізгі (А) тобы бойынша жоғарыдан төмен қарай ИЭ азаяды, ал период бойынша солдан оңға қарай ИЭ артады.
Анықтама мәліметтері бойынша, ИЭ (Ме) < 8,7 эВ, ал ИЭ (б/Ме) > 8,7 эВ.
Мысалы, ИЭ (Na) = 5,14 эВ, ИЭ (Cl) = 12,97 эВ.
Электрон тартқыштық (ЭТарт.) – негізгі күйдегі бейтарап атомға бір электронның қосылуына жұмсалатын немесе бөлінетін энергияны сипаттайды:
Э0 + ē Э‾, ЭТарт. (эВ)
Электрон тартқыштық (ЭТарт.) элементтің «бейметалдығының» өлшемі: электрон тартқыштық энергиясы көп болған сайын, атом электронды жеңіл қосып алады және элементтің бейметалдық қасиеті басым бола түседі.
(А) негізгі тобы бойынша жоғарыдан төмен қарай ЭТарт. кемиді, ал период бойынша – солдан оңға қарай ЭТарт. артады.
Мысалы, ЭТарт.(S) = 1,0 эВ; ЭТарт.(Cl) = 3,8 эВ.
|