Аррениустың әлсіз электролиттер теориясының негізгі ережелері
электролиттер суда еру барысында біртіндеп немесе толығымен иондар деп аталатын оң және теріс зарядталған бөлшектерге ыдырайды;
электролиттердің еріткіш әсерінен иондарға біртіндеп немесе толығымен ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады (немесе иондану);
электролиттер ерітінділерінде иондар ретсіз қозғалады;
электролиттік диссоциация қайтымды және тепе-теңдіктегі үдеріс;
диссоциация дәрежесі электролит пен еріткіштің табиғатына, температура мен концентрацияға тәуелді.
Аррениустің теориясы иондық реакцияның механизмін, сатылап диссоциациялануды, буферлі ерітінділердің әрекетін, ерітінділердің электр өткізгіштігін, тұздардың гидролизін, индикаторлардың әрекетін түсіндіруге мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл теория үшті электролиттер ерітінділерінде туындайтын иондардың өзара әрекетін ескермейтіндікттек әлсіз электролиттердің сұйытылған ерітінді-лері үшін ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |