ДӘРІС КЕШЕНІ Мамандық: 0302000-«Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302043-«Жалпы практика мейіргері»
Курс: 2
Семестр: ІV
Барлық сағат / кредит көлемі KZ -300/10
Атырау, 2021 ж. Асқорыту жүйе бұзылысындағы мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Ас қорыту мүшелеріне жатады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашы ішек, тоқ ішек. Ауыз қуысында тағамдар сілекейленіп өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазан дененің орташа сызығының сол жағында орналасады. Асқазанға 12 елі ішек жалғасады. Бұл мүшелердің жанында ұйқы безі, бауыр, өт қалтасы, аш ішек орналасады. Асқазанға түскен тағамдар асқазан сөлімен қорытылады. Ас қорыту дәрісіне ұйқы безі қатысады. Ұйқы безінің сөлі 12 елі ішектің ішіне түсіп, өт қалтасының сөлімен қосылып, майларды, көмір қышқылдарын ыдыратады. Асқазан сөлінің құрамына су, сілті қышқылы, пепсин және де басқа ферменттер кіреді. Асқазан ауруларында асқазан сөлі азаяды, көбейеді немесе мүлде жойылады.