Қазақстан Республикасында санэпидқызметінің даму тарихы
Республикамызда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің пайда болу тарихы Қазақстан территориясында денсаулық сақтау жүйесінің өзінің өсуімен және жетілуімен тығыз байланысты.
Алғашқы медициналық ғылыми мекемелерінің бірі болып, қиын жылдарда, 1925ж. Қызыл-Орда қаласында ашылған өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты саналады. 1927 жылы РСФСР СНК Қаулысы шықты «Республиканың санитарлық органдары жөніндегі ережені бекіту туралы». Шынымен бұл күн денсаулық сақтау құрылымында СЭС-тің дербес орган ретінде туу уақыты болып келеді.
1930 жылы Республиканың денсаулық сақтау Министрлігінде санэпидбасқармасы құралды.
1931 жылы Алматы қаласында медицина институты мен денсаулық сақтау және гигиена ҒЗИ ашылды, соңғысына еңбек гигиенасы мен өнеркәсіптік санитария сұрақтарын зерттеу жүктелді.
1934 жылы республикада алғашқы рет 2 аудандық СЭС құралды (Алма-Атылық және Шығыс қазақстандық).
Революцияға дейінгі қазақстанда бірде-бір санитарлық дәрігері болмаған. Республикада өнеркәсіптік санитариясы бойынша бірінші санитарлық дәрігері болып В.З. Хамитова қызмет істеді, ол Қарағанды қаласында 1935 жылдан бастап кеншілердің еңбек жағдайын жақсарту сұрақтарымен шұғылданды. Қазіргі таңда республикада 216 өнеркәсіптік-санитарлық дәрігерлері қызмет атқаруда. Тоғызыншы бесжылдықтың соңында кәсіпорындарда 431 дәрігерлік-цехтік учаскелері, 1153 дәрігерлік денсаулық сақтау бөлімшелері, 5760 төсегі бар 45 медико-санитарлық бөлімдері болды.
1939ж. Республикалық бруцеллездің және Алматылық обаға (чума) қарсы станциясы құралды, ал 1940 ж. санбакинститут санитарлық-гигиеналық бөлімі бар эпидемиология және микробиология институтына айналдырылды. 1940 ж. соңында республикада 232 санитарлық дәрігерлері және 128 эпидемиологтары жұмыс істеді.
1942. Қазақ (қазір Алматылық) медицина институтында профильді гигиеналық кафедралары бар санитарлық-гигиеналыұ факультеті ашылды, ол гигиеналық кадрларды дайындау проблемасын шешуіне маңызды ықпал жасады.
Қазақстанда Алматы қаласында 1944 жылы өлкелік патология ҒЗИ ашылды, қазіргі ол Гигиена мен эпидемиологияның ғылыми орталығына айналды. (директоры – м.ғ.д., профессор Б.Н. Айтымбетов).
Республикада еңбек гигиенасының сұрақтарын жүйелі зерттеу 1946 жылдан басталды, мұнда қазақ ССР ҒА жанында, тау-кен кәсіпорындары жұмысшыларның силикозбен сырқатталуына күрес жүргізу мақсатымен, кәсіптік гигиенасы және кәсіптік ауру секторы ашылған, ол соңынан 1950 жылы Өлкелік патология Институтының құрамына берілді.
1956 ж. бұл сектор еңбек гигиенасы бөліміне және кәсіптік аурулар бөліміне бөлінеді. Осы маңызды проблемалар бойынша зерттеулердің алғашқы ұйымдастырушылары болып В.З. Хамитова, Г.И. Тарабаева, А.Г. алданазаров саналады.
Зерттеулердің басты тақырыптары болып силикозбен күрес жүргізу болды. 1952ж. бастап институт қорғасын зауыттарындағы жұмысшылардың қорғасынмен улануын зерттеуді бастады. Институтта ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудағы басты роль Қазақ ССР ҒА академигі, проф. Н.Д. беклемишевке беріледі, ол көптеген жылдар бойы институттың директорының ғылыми ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарады.
1958 ж. Өскемен қаласында Өлкелік патология институтының еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар бөлімшесі ұйымдастырылып, ол ғылыми медициналық базаны Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына жақындату мақсатымен жүргізілген.
Осы уақыттан бастап өлкелік патология институтында қорғасынды, соңынан мырышты, мысты, титанды, магнийді, өндіруші кәсіпорындарда зерттеу жұмыстары маңызды кеңейді. 60-шы жылдың ортасынан бастап, Қазақстанда фосфорлық минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарының дамуымен байланысты (соңынан – сары фосфорды) Өлкелік патология институтының жұмысының тақырыбында фосфорлық кәсіпорындарын зерттеу кең орын ала бастады.
1950-жылдары ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек гигиенасы бойынша зерттеулер, Г.П. Поллактыфң басшылығымен эпидемиология, микробиология және гигиена бойынша Қазақ институтының гигиена бөлімінде жүргізіле бастады.
1958 ж. Орталық Қазақстанның көмір және тау-кен өнеркәсіптерінің кәсіпорындарындағы жұмысшыларына қызмет көрсету мақсатымен Қарағандыда Қазақ ССР денсаулық сақтау министрілігінің Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулардың Қазақ институты ашылды. Институтті ұйымдастырушы және 12 жыл бойы алғашқы директоры болып З.К. Тулегенов, соңынан доцент А.П. Филин, ал 1974 бастап 1991 жылға дейін директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор В.Е. алтынбеков қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен 1986 жылы институт ҚРҒА құрамына еңбек физиологиясы мен гигиенасы институты ретінде енгізілді. 1991 жылдан бастап қазірге дейін инститіттың директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор Ғ.А. Құлқыбаев қызмет атқарады, ал кәсіптік аурулардың республикалық клиникасының директоры болып У.А. Аманбеков істейді. Бірінші күнінен бастап институттың негізгі зерттеу тақырыбы болып көмір және тау-кен өнеркәсіпбі кәсіпорындарындағы еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологиясы саналады. Пневмокониощдар және шу-діріл патологиялары кеншілердің негізгі кәсіптік сырқаттары болу себебінен, оларды зерттеу сұрақтары институттың ісінің басты орнын алды. Осы сұрақтармен қатар ерекше көңіл өнеркәсіптік токсикологиясына да аударылады (профессорлар А.З. Бузина, А.Н. Буханов).
1959 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының базасында санитарлық-гигиеналық факультеті ашылып, ал 1963 ж. Алматыдан санитарлық-гигиеналық факультетінің 4 курс студенттері осында ауыстырылады.
Гигиенистерді даярлау сұрақтарымен медицина институтының гигиеналық кафедралары мен практикалық денсаулық сақтаудың еңбек гигиенасы бөлімдері белсенді шұғылдануда.
Еңбек жағдайларына және осы қорғауына ұйымның қаражаттық-экономикалық жағдайы, өндірістің материалдық-техникалық базасының жағдайы, қолданатын технологияның деңгейі, жұмыскерлерді қорғау бойынша экономикалық – құқықтық институттарының жетілгендігі маңызды әсер етеді.
Қазіргі заманда кәсіптік сырқаттанушылықтың төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Мысалы: 2007 жылы кәсіптік сырқаттанушылықтың 1025 оқиғасы тіркелсе, 2008 жылы – 578 болған, бірақ бұл мағлұматтар кәсіпітк сырқаттанушылықтың шындық жағдайын көрсететіндігіне сенім жоқ.
Кәсіптік сырқаттанушылықтың құрылымында созылмалы сырқаттар басымды бөлігін алып, тұрақты кәсіптік жарамсыздығына өтуімен бірге жүреді. Кәсіптік сырқаттанушылықтың ең жоғарғы деңгейі көмір өнеркәсібінеде, мұнда 2008 ж. кәсіпітк сырқаттардың 399 оқиғасы тіркелген, және де олар кең өндіруші, химиялық және металлургиялық өнеркәсібінде кең тараған.
Қазақстанда, соңғы жылдар ішінде еңбекшілердің еңбекке және демалысына құқықтары, медициналық сақтандыру, зейнетақылық қамтамасыз ету және еңбек жағдайлары мен оны қорғау бойынша басты сұрақтарын қамтушы бірқатар заңдылық құжаттыр қабылданған, оларға біз кейіннен тоқтаймыз.
Қандай да бір мамандық болмасын, өзіне тән белгілі бір білімді және біліктілікті талап етеді. Егер еңбек түрі немесе өндіріс жағдайы адам денсаулығына немесе жұмыс қабілетіне теріс әсер ететін болса, онда ол өндірісте мамандыққа байланысты зияндылық бар екенін көрсетеді.
Зиянды өндірістік факторлар дегеніміз жұмысты ұйымдастыру немесе жұмысты орындау кезінде адамның денсаулығына теріс әсер ететін, жұмыс қабілетін төмендететін, жедел немесе созылмалы улану туындататын, жалпы аурушаңдықты арттыратын, басқа да теріс әсер ететін факторлар.
Зиянды өндірістік факторларға: психофизиологиялық, физикалық, химиялық, биологиялық факторлар және өндірістік жарақаттанудың қауіптілігі жатады.
Мамандыққа байланысты ауру – дегеніміз өндірістік зиянды факторлардың әсерінен туындаған ауру.
Ол екі топқа бөлінеді:
Этиологиясы тек қандай да бір өндірістік зиянды фактор әсерінен пайда болған аурулар. Мысалы: токсикалық заттар және т.б.
Аурудың себебі тек өндірістік фактор ғана емес, сонымен қоса тұрмыстық, тұқым қуалаушылық немесе т.б. факторларда да болуы мүмкін.
Адамның мамандыққа байланысты аурулары еңбек дұрыс ұйымдастыылмаған жағдайда, жарақат алу қауіптілігі, жұмыс орынның жайсыздығы, физика-химиялық, биологиялық өндірістік ортаның факторларының әсерінен болады.
Еңбек гигиенасы – кешенді ғылым, ол теориялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасында алдына қойған мақсатына байланысты, заңды түрде қабылдаған әртүрлі әдістер қолданылады:
Санитарлық тексеру әдісі – бұл әдіс нысанды санитарлық тексеруден және тексеру нәтижесі бойынша акт жазудан тұрады;
Физиологиялық қарау әдісі – қоршаған орта факторларының әсеріне адам ағзасының берген реакциясын тексереді;
Статистикалық зерттеу әдісі – бұл әдіс қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін, сауықтыру жұмыстарының тиімділігін тексерген кезде қолданылады;
Органолептиклық әдіс – сезім мүшесімен, көру қабілетімен иісін, дәмін, түсін, консистенсиясын анықтау. Мысалы: қоймада, дүкенде, асханада.
Зертханалық әдіс – ол химиялық, бактериологиялық, биологиялық, физикалық, радиометриялық болып жіктеледі:
химиялық әдіс – химиялық реактивтердің көмегімен және арнайы апаратуралардың көмегімен заттардың химиялық құрамын анықтау.
бактериологиялық әдіс – бұл әдіс көмегімен микробтық ластанудың деңгейін және микробтың түрін анықтайды.
биологиялық әдіс – жануарларға тәжірбие жасау арқылы заттың улылығын анықтайды.
физикалық әдіс – нысанның физикалық көрсеткіштерін анықтағанда, мысалы, температураны, ылғалдылықты, ауа қозғалысын және т.б. қолданылады.
радиометриялық әдіс – радиоактивті заттармен ластану дәрежесін анықтайды.
Еңбек гигиенасында алдына қойған мақсатқа байланысты әр түрлі әдістер қолданылады. Өндірістік ортаны зертегенде негізінен физикалық және химиялық әдістерге сүйенеді. Еңбек процесіне және адам ағзасына әсер ететін өндірістік ортаның әр түрлі факторларына баға беру үшін физиологиялық және биохимиялық әдістер қолданылады.
Адам ағзасына жаңа химиялық заттардың, ортаның физикалық факторларының әсерін, нормативтерді негіздегенде эксперименталды әдіс кеңінен қолданылады. Жұмысшылардың аурушаңдығының талдауы статистикалық әдіс негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |