Дәріс кешені құрастырушы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата07.02.2022
өлшемі238,68 Kb.
#89031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике)
Мүліктік оқшаулық
заңды тұлғаның
экономикалыкқұқықтық белгісі болып табылады және оның
мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме
оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе
оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.
Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен
мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін


айкындайтын қүжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды
тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық
мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі
қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар
Азаматтық кодекстің 44бабының 1тармағы 2бөлігіне сәйкес
әз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатапен
жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме
мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша
(косымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң
актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтык кодексте былайша қаралған: 1) толық
және сенім серіктестіктеріне қатысушылардын тиісті
серіктестіктердің міндетгемелері бойынша жауапкершілігі
(АКтін 63бабының 1тармағы, 72бабының 1тармағы); 2)
кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив
мүшелерінің жауапкершілігі (АКтің 96бабының. 3тармағы); 3)
егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының
әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері
бойынша құрылташының жауапкершілігі (АКтің 44бабының
3тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойыншанегізгі
ұйымның (АКтің 94бабының 2тармағының 2нгі бөлігі),
сондайақ негізгі шаруашылык серіктестігінің кінәсінен
еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған
кезіндегі жауапкершілігі (АКтің 94бабының 2бөлігінің
3тармаш); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай
салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке
қатысушының жауапкершілігі (АКтің 77бабының 1тармағының
2бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.


Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан
қатынасуы процессуалдыкқұқықтық белгісі. Ол оның сотта
талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға,
бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет