Дәріс кешені құрастырушы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі238,68 Kb.
#89031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике)
4. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРУ
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде
жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің
жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды
тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40бабына сәйкес заңды тұлғаны бір
немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті
шаруашылык жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен
иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік
берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың
құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай қүжаттарының түрін және
міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын
талаптарды айқындайды. Азаматтық кодекстің 41бабына


сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты
деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Заң кұжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай
құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық
емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін — меншік иесі
(меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің
(меншік иелерінін) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор,
тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам
қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық
құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін —
құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3)
қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін — жарғы болып
табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы"
Заңның21бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының
талаптары коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның
құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы ушін
міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен
жарғысы арасында қарамақайшылық болған жағданда: 1)
егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты
болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың колданылуы
заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен катынасы үшін мадызды
болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық және
коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс
істей алады. Азаматтык кодекстің 41бабының 3тармағына
сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің
құрылтай құжаттарында олардың кызметінің мәні мен
мақсаттары белгіленуге тиіс.


Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты
енгізілген жағдайда Азаматтык кодекстің 41бабындағы
талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген
ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған
баптың 5тармағында камтылған. Жарғының мівдетті
шартының тізбесіңде бірқатар шарттар қамтылған, атап
айтқанда, ол жүмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұжымы арасындағы өзара карымқатынастарды және т.б.
енгізу қажеттігін міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай
шарты мен жарғысы арасында қарамақайшылық туындаған
жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты
болса, құрылтайшы шарты;
2) егер олардың қодданылуы заңды тұлғаның үшінші
тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының
ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адаэддар жарғымен танысуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет