Дәріс кешені құрастырушы


ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі238,68 Kb.
#89031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике), Кәсіпкерлікті дамыту(Cиллабус по экономике)
2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР
(ТЕОРИЯЛАР)
Заңды тұлға азаматтық құкықтың заңмен танылған
бірыңғай субъектісі ретінде қүрделі құрылым деп есептеледі.
Азаматтық құқык ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның,
оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы
(мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық
қатынастарды білдіреді, онда кандай адамдардың мүдделері
қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды
тұлғаның мәнмағынасы неде деген сауалдарға байланысты
әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп
еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий
"мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол былай деп айтқан;
"мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі
тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді
өзі ұстайды. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған
"егер олай болса мемлекет өзіменөзі құқықтық қатынаста
болуы керек қой" деген уәж айтады.
Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алғатартты.
Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның
артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан
барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын


ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы
қатынастарының
тарихиэкономикалық
заңдылығын
басшылыкқа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық
құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін
айтады. Профессор Ю.К. Толстой "директор ілімін" алға
тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік
байланыстар ілімі", А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А.
Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдары
да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға
"адамдардың қатысы" жәнінде әртүрлі пікірлер айтылған
және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның
бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді,
екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен)
реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның
әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда,
мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып,
заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін
"жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі
теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи
"фикция теориясының" негізін қалады. К.Ф. Савиньи
көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы
болса, заңды тұлғаның сыртьшда оны әйгілейтін адамдық
тұлғаның қасиеті тұрғаның мойындайды. Сондықтан да заң
шығарушы заңдык фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға


тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық
теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам
тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым
деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы
пікірлер кездесуінің өзі оның қүрделі құқықтық құбылыс
екендігін анық дәлелдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет