ДӘріс кешені құрастырушы


ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР (ТЕОРИЯЛАР)



бет2/3
Дата20.01.2020
өлшемі311,5 Kb.
#56188
1   2   3

2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР (ТЕОРИЯЛАР)

Заңды тұлға азаматтық құкықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде қүрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқык ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда кандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мәнмағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол былай деп айтқан; "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзіменөзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген уәж айтады.

Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алғатартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.

Ал, ғалым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихиэкономикалық заңдылығын басшылыкқа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші — директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі", А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға "адамдардың қатысы" жәнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін қалады. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртьшда оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғаның мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдык фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның қүрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.


3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы заңьшың 2бабы).

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34бабының 2тармағына сәйкес коммерциялык, ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялың емес ұйым — заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооператаві, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысаныңдағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1)коммерциялык емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (катысушылары) арасыңда бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;

ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міңдеттемелік құқығы жататын;

б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап калатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу кұқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандыктан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.

Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АКтің 36бабының 4тармағы). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі "коммерциялық емес ұйым" заң қүжаттарында көзделген өзге де нысандарда қүрылуы мүмкін (АКтің 34бабының 3тармағы).
4. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРУ

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылык жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

Азаматтық кодекс құрылтай қүжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды. Азаматтық кодекстің 41бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң кұжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін — меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінін) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін — құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін — жарғы болып табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның21бабы).

Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы ушін міндетті.

Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарамақайшылық болған жағданда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың колданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен катынасы үшін мадызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтык кодекстің 41бабының 3тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың кызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.

Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда Азаматтык кодекстің 41бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.

Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5тармағында камтылған. Жарғының мівдетті шартының тізбесіңде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жүмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара карымқатынастарды және т.б. енгізу қажеттігін міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарамақайшылық туындаған жағдайда:

1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы шарты;

2) егер олардың қодданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.

Барлық мүдделі адаэддар жарғымен танысуға құқылы.
5. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА

ТІРКЕУ

1. Заңды тұлғаларды мемлекетгік тіркеу тәртібі Азаматтык кодекстен баска, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17сәуірде шығарған "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заң құші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.

Мемлекеттік тіркеудің кұқыктық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот төртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42бабының 6тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1) акционерлік қоғамның жарғылык капиталының және жарияланған жарғылық капиталының' мөлшері азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік коғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде кайта тіркеледі. Құрылтай қүжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретге заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.

§6. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІП

1. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның кабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндетгерін тудыратын тұрмыс катынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылык, қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың кандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті катынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқык қабілеттілігі ол құрылған сәтген бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжатгарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастаппайда болады. Азаматтық кодекстің 35бабының 1тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтык құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе кұрылтай кұжаттары арқылы тыйьш салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтык құқыкка ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.

Азаматтықкодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оныд бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай кұжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.

Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық қабілетгілігіне жатпайтын жалпы құқық қабілетгілігіне ие болады. Мүндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық кабілетгілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мүндай ұйымдар үшін арнайы кұқық қабілеттілігі заң құжаттарындакарастырылуы мүмкін. Мысалы, мүндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекетгік кәсіпорындар ие.

Екіншіден, коммерциялың ұйымдардың құкық қабілеттілігі құрылтай қүжаттарында керсетілетіңдіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұңдай шектеулер заңды тұлғаның айналысатьш қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық кабілеттілігіне болатын мүндай шектеулердің кұрылтай қүжаттарынан туындауының маңызы зор.

Азаматтықкодекстің 37бабында айтылғандай, заңды тұлға заң менқұрылтайқүжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міңцеттер алады.

Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның үсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілетгілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтайқұжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып кдбылдаған мівдеттемелері бойынша жауап береді (АКтің 44бабының 4тармағы). Бірақ заңды тұлға органыңың жарғыдағы талапты бүзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құкық бүзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мүндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе тандау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай қүжаттары арқылы айқындалады.

Азаматтық кодекстегі 37баптың жалпы ережесі заңды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.

Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.

2. Заңды тулганың атауы. Азаматтық кодекстің 38бабының 1тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінін фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдык меншіккеқатысты құқықтың (құқықтың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі болып табылады (АКтің 125бабы).

Бөтен фирмалык атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу токтатуға және келтірілген залалдың орның толтыруға міндетті.

Заңды тұлғаның атауы оның калай аталатының және ұйымдыкқұкықтық нысаның керсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген косымша мағлүматты кдмтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай қүжаттарында көрсетіледі. Азаматтык кодекстің 38бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдык мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардыңесімін пайдалануға олардан (олардын. мұрагерлерінен) рұксат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.

3. Заңды тулганың турган жері. Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде (міндеттемеш орындауда азаматтык істерді сотқа беружәнет.б. анықтауда да) өтемаңызды. Азаматтык кодекстің 39бабында заңды тұлғаның түрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатының және заңды тұлғаның, тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекенжайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.

4. Заңды гщлганың филиалдары мен өкілдікт%)і. Азаматтық кодекстің 43бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкіддігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтык, әрекетгер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның, мүжі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жүмыс істеңді. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жүмыс істейді. Сөйтіп филиаддар мен өкіддіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе ©кілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туыңдаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматғық кодекстін, 42бабының 4тармағына сөйкес филиалдар мен өкілдіктер заң қүжаттарында белгіленген тертігшен тіркеледі және оларды кұрған заңды тұлғаның жарғысында керсетілуге тиіс.

Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктін де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін кұрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен баскд да құқықтық әрекеттер жасай алады.

5. Заңды гщлгаларды қайта қуру және тарату. Қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқгатылу тәсілі болып табыла

ды. Қайта кұрудың бес түрі бар (АКтің 45бабы): қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары кезделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай қүжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органыңың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтгі ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін қүжаттарының, императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты келіп, оны қайта кұруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтықкодекстің 79бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды тұлғаны қайта құру оның мүжінің меншік иесінің (уәкілетгі органның) немесе заң қүжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе құрылтай қүжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі шешім әдетге оның жоғары органьшен кабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексівде заңда қаралған ретге, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органньвд келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыкка

алады.

Ықтиярсыз қайга құру заң қүжаттарыңда көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АКтің 45бабының 3тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсш таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.



Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45бабының 3тармашнда айқындалған, енді оны сөзбесөз келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүжін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай қүжаттарьшда қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органыңың шешімінде белгіленген мерзімдежүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның баскдрушысын тағайыңдайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туыңдайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған кұжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады".

Заңды тұлға, біріктіру нысанасында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тулғаны біріктіру жолымен кайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі кайта құрылған деп есептеледі.

Азаматтық кодекс (46бап) заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлықты да қарастырады.

Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың өрқайсысының құқықтары мен міндеттері еткізу құжатына сәйкес жаңаданг пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.

Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сөйкес жададан паЁща болған заңды тұлғаларға ауысады.

Заңды тулғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың өркайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқыктары мен міндеттері ауысады.

Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны, бекіту) койылатын талаптар АКтін 47бабындақаралған. Оның 1тармағындағы ереженің маңызы зор, ягаи еткізу актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорларына қатысты, барлық міндеттемелері бойынша соның ішівде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс.

Қайта кұрылған заңды тұлғаның мүлкі (құқықтары мен міндеттері) жаңадан кұрылған заңды тұлға тіркелген немесе құрылтай кұжаттарына езгерістер енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта КҰРУ туралы шешімде өзгеше көзделмесе, мирасқорына өтеді. АКтің 47бабында заңды тұлғаларды қайта құру нәтижесінде жаңадан гайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартуда екі негіз каралады: олар, атап айтқаңда: 1) құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу балансының тапсырылмауы; 2) оларда

қайта құрылған заңды тұлғаның, міндеттемелері бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы.

Осы айтылғандардан баска, тіркеуден бас тарту АКтің 42бабының 5тармағы бойынша жүзеге асуы мүмкін.

АКтін 48бабында заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие берушілері құқықтарының кепілдігі туралы айтылған:

1) қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті; 2) бөлінген және беліп шығарылған кезде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бүрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орның толтырылуын талап етугеқұқылы; 3) егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондайак құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыккан заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның міндетгемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады.

6. Тарату—заңды тулганыңқуқықтарыменміндеттерінмирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінін немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондайақ құрылтай қүжатгарында шешім қабыддауға уөкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратьиуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.

Ал ықтиярсыз тарату сот іпешімімен: 1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бүзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық максаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған; 4) тиісті рүқсат алынбаған (лицензия) қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе ерескел бүза отырып жүргізген жағдайда; 5) заң құжаттарындакөзделген басқада жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен тиісті органның шешімімен, заң қүжатгарында қаралған негіздер бойьшша жүзеге аса алады.

Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органыңыд) немесе заңды тұлғаның тиісті органыңыңтағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.

Тарату комиссиясы болатын тарату женівде Әділет органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оньвд несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралыресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.

Несие берушілердің талаптарьш қанағаттандыру жөнінде АКіің 51бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойьшша жүргізілетіңдігі келтірілген:

1) бірінші кезекте — таратылатын заңды тұлға еміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттавдырылады;

2) екінші кезекте несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мулкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндетгемелері жөніңдегі талаптары қанағаттаңдырылады;

3) үшінші кезекте — еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адащардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шартгар бойынша сыйақылар телеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;

4) төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мівдетті телещер жөнінде берешек етеледі;

5) бесінші кезекте — заң құжатгарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.

Таратылатын заңды тұлға мүжінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттавдырылмаған, сондайақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлівделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да етелген деп есептеледі. 7. Банкроттык,. Заңдытұлғанытаратудыңжекежағдайы оны банкрот жариялау болып табылады. Банкрот ұғымы АКтін 52бабында келтірілген. Оған сәйкес, банкроттық — борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатындәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарьш өзіне тиесілі мүлік есебінен өте

уге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкроткд ұшырауы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылатьш борышқордың мүлкі барлық несие беруіпілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді.

Азаматғықкодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналықкәсіпорыңдарға банкротшққолдануғатиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаіггарьш орыңдау үшін ақша каражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21қаңтарда қабыдданған Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңының 2бабына сәйкес, банкроттық казыналықкәсіпорындар менмекемелергежүрмейді. Дәрменсіз борышқорға банкроттық рәсімді қолдануда банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету төртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Ерікті банкротғық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсызақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық несие берушінің, сондайақ заң актілеріндекөзделген жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе "Банкроттық туралы" заң талаптары арқылы мүмкін болады.

Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып езінің дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады. Борьппқор өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүжі бойынша несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын, ягаи дәрменсіз екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс.

Егер борышқор үш ай ішівде өз міндетгемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышкорды банкрот деп тану женівде сотқа өтініш жасайды.

"Банкроттык туралы" заңның 35бабына сәйкес, банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:

1) борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу туралы шешім;

2) борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;

3) өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін қоддану тура

лы үйғарым;

4) іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым. 8. Оңалтурәсімдері. Банкроттық рәсівдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мумкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес, кәп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады.

Борышқорға төлем кабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.

Оңалту рәсімі деп — дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге баштталған сот не соттан тыс рәсім арқылы кодданылатын кез келген кайта құрушылык, ұйымдастырушаруашылық, басқарушылық, ршвестициялык, техникалық, қаржыэкономикалық, құқықтық жөне заддарға қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады.

Оңалту рөсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борьшқордын өзі өтініш жасауы мүмкін, және оның мүлкінін иесі (мемлекетгік кәсіпорынға қатысты) немесе несие беруші де сондайқұқыққа ие болады. Оңалту рәсімін жүзеге асыру ұшін сот кепіліменқамтамасыз еткен талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан, сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан асатын болса онда несие берушілердің келісімі қажет. Оңалту рәсімі несие берушілердіңкелісіміментағайындалған оңалтуды басқарушысы жүзеге асырады. Дәрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату конкурс тәртібімен жүзеге асырылады, сол үшін де конкурстық басқарушы тағайыңдалады. Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан аспауы керек.

Дәрменсіз борышқорды борыштардан босату және банкрот болған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы Азаматтық кодекстің 56— 57баптарында карастырылған.

§7. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НЕПЗП ТҮРЛЕРІ

1. Акционерлік қогамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралыжалпы ережелер. Жарғылықкапиталықұрьштайшьиардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) белінген коммерциялық ұйымшаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматғық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың

118


қызметі 1998 жылы 10шілдедеқабылданған Қазақстан Республикасьшың "Акционерлік қоғамдар туралы" заңымен және 1995 жылы 2мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Презвдентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң құші бар жарлығымен реттеледі. Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардын жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесінін, ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін,1 ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сайкелуітиіс. Азаматғықкодексте шаруашылықсеріктестігінің төмевдегідей түрлерін құру мүмкіндігі кдрастырылған: 1) толық серіктестік; 2)жауапкершілігішектеулісеріктестік; 3) қосымшажауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім (коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейінкатысушы мәртебесін алады. Шаруашылык, серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.

Толык, серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы

мүмкін.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.



Бір немесе бірнеше адам кұрған, жарғылық капиталы құрылтай қүжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігішектеулі серіктесііккеқатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарыныңқүнышегіндетәуекел етеді. Қатысушылары серіктестік міндетгемелері бойынша өздерінің жарғылық кагшталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) косым

1 Шектеулі жөне қосымша жауапквршілігі бар серіктестіктерін құру мсн оның қызметі 1998 жылы 22 сөуірде қабылданған Қазақстан Республикасының "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктср туралы" заңьшен реттеледі.

6-тақырып. Мемлекеттік кәсіпкерлік формалары.

Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік – құқықтың формаларына тіршілік мінездемесі мемлекеттік заңды тұлғалардың басқа түрлерімен кәсіпкерлік қызметтің іске асырылу мүмкіндіктері. Мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың кәсіпкерлігінің мәселелік сұрақтары.

Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс — кәсіпкерлік құқық субъектілері

1. Мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бөліністің кәсіпкерлік құқық субъектілігінің ерекшеліктері

Мемлекет қоғамдық қатынастарға билік субъектісі немесе кәсіпкерлік-қүкықтық қатынастарға қатысушы-меншік иесі ретінде араласады, бүл жайларды нақты айыра білу керек. Мысалы, заң актілерін шығара отырып, мемлекет өзінің билікжүргізу функцияларын жүзеге асырады, ал мемлекеттік заем облигацияларын шығару арқыны — кәсіпкерлік айналымның басқалармен тең қатысушысы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, мемлекет қоғамдық қатынастарға өзінің органдары арқылы араласады, олар да бір жағдайларда билік субъектілері ретінде, келесі жағдайларда — азамаггық-құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде әрекет етеді. Совдықтан субъектінің құқықтық мәртебесін анықтаумен қатар, бүл органдардың қай кезде өз атынан, қай кезде — мемлекет атъшан әрекет ететінін айьфа білу маңызды болады. Мөселен, Қаржы министрлігінің қазынашынығы мемлекет атынан мемлекеттік бюджетке есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ал өзінің пайдалануына арналған жиһазды өз атынан — мемлекеттік мекеме қүқығында сатып алады. Солай бола түрса да, мемлекеттік заңды тұлғалар үшін міндетті нүсқамалар шығара отырып, қазына-шылық өзінің билік жүргізу функцияларын жүзеге асырады және мемлекеттік орган ретівде әрекет етеді.

Түтас алғавда, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс жеке жөне заңдьі тұлғалармен қатар, кәсіпкерлік құқық субъектшері бола алады. Мемлекеттің азаматғық құқық субъекіілігі теориясы пікірталасты мәселе болын табылады. Мамавдардың бір тобы мемлекетті заңды тұлғалардың бір түрі деп есептейді, келесі тобы — бүл пікірімен келіспейді. Кез келген жағдайда мемлекеттің құқық субъектілігшің шектелген завдық формальдыпығын есте үстау керек. Мемлекеттік меншіктің меншік иесі біреу — мемлекет болатынына қарамастан, мүліктік құқықтық қатынаста Қазақстан Республшсасы, әкімшілік-аумақтьіқ бөлініс немесе мемлекеттік заңды тұлға субъект болады. Кәсіпкерлік айналымда Қазақстан Республикасы және екімшілік-аумақтық бөлініс үшін олардың оргавдары — жеке-дара немесе алқалық органдары өкілдік етеді.

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік зандармен реттелетін қаты-настарға осы қатынастардың өзге қатысушыларынен тең негіздерде кіреді (АК-ның 111-бабының 1-тармағы), бүл, жаляы ереже бойынша, өр түрлі субъектілердің құқықтық мөртебесінде басымдықтардың болмайтынын жөне сот үшін Қазақстан Республикасының қатысуымен дауларды шешуде басымдықтардьщ болмайтынын білдіреді. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік құқықтық қатынастарда өзінің билік жүргізу өкілеттіктерін пайдаланбайтындықтан, оған кәсіпкерлік зандардың нормалары толық көлемде таралады. Ол, ерекше субъекг ретівде азамат-тық құқықтық қатынастар субъектісінің барлық құқықтарын иеленеді жөне өзі қабылдаған заңдар арқылы ғана құқық субъекгшігіңде шектеулі болады. Мәселен, АК-ның 58-бабының 3-тармағына сейкес, мемлекет толық жөне сенім серіктестіктерінде толық серік бола алмайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқару оргавдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң қүжаттарында, ережелерде және өзге де қүжаттарда белгіленетін қүзіреті шегінде Қазақстан Республикасы атынан өз ерекеттері арқыны мүліктік жөне мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады. Зандарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасының арнайы тапсыр-масымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, занды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-ның 111-бабының 2-тармағы). Мысалы, мемлекеттің қатысуыңцағы акционерлік қоғамға мемлекеттің атынан акционер-мемлекеттің функциясын атқаратын уөкілетті тұлға

тағайындалады.

Кәсіпкерлік қүқыктық қатынастарға Қазақстан Республикасы атынан бүған заң арқылы тікелей уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар ғана араласа алады. Республика атынан кәсіпкерлік айналымға қатысу қүқығы бар билік және басқару органдарына, бірінші кезекте Парламент, Президент, Үкімет, атқарушы биліктің республикалық органдары (министрліктер, мемлекеттік комитеттер) жатады. Мемлекеттік билік жөне басқару органдарының мекеме мәртебесі болады, бүл АК-ның 34-бабының 3-1-тармағынан туындайды. Соңцықтан олардың қай кезде өз атынан, ал қай кезде — Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік билік және басқару органдары ретінде әрекет ететшін айыра білу қажет. Екі жағдайда да олардың құқық қабілеттілігі арнаулы болады және олардың қүзіретімен айқындалады.

Уәкілеттігі жоқ органның мемлекет атынан жасаған мөмілесі жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасы үшін мүлһсгік міндеттемелер туғызбайды. Зандарда белгіленген реттерде әкімшілік-аумақтық бөлініс кәсіпкерлік құқықтық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ете алады (АК-ның 112-бабының 3-тармағы).

Мемлекеттік заңцы тұлғаның балансына бекітілген мүлікке қатысты жасалған мәміледе мемлекет оның бір тарабы бола алмайды. Қазынаның мүлкі, мемлекеттің ерекше меншігіндегі объектілер жөне мүліктік құқықтармен байланысты оның мүліктік емес құқықтары, соңцай-ақ жекешелендіру туралы заңдарда көзделген арнаулы объектілер мемгаекеттің қатысуымен жасалатын мәмілелердің объектісі болуы мүмкін.

Жекешелендіру кезінде мемлекет, түтас алғанда кесіпорынның, таратылған кәсіпорын акцияларының немесе мүлкінің мемлекеттік пакетінің дербес немесе мемлекеттік орган уөкілеттік берген сатушысы ретінде әрекет ете алады. Мүндай кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жекешелендіру туралы зандармен айқыңцалады.

Жалпы ереже бойынша, Қазақстан Республикасы қатысатын дауларды мемлекеттік соттар қарайды. Алайда, тараптардың қалауы бойынша не Заңның іікелей нүсқауына байланысты дау төрелік (аралық) сотта қаралуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады да, мемлекеттік соттармен қамтамасыз етіледі.

Түтас алғанда, мемлекет секілді, әкімшілік-аумақтық бөлініс кәсіпкерлік заңцармен реттелетін қатынастарға бүл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде кіреді және құқық субъектілігі қолданыстағы зандармен ғана шектеледі (АК-ның 112-бабының 1-тармағы). Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың басқа субъекгілерімен қатынастардағы тең негіздер, жалпы ереже бойынша, ер түрлі субъек-тілердің құқықтық мәртебесіңце басымдықтардың болмайтынын жөне әкімшілік-аумақтық бөліністің қатысуымен дауларды шешуде соттар үшш басымдықтардың болмайтынын білдіреді. Әкімшілік-аумақтық бөлініс кәсіпкерлік құқықтық қатынастарда өзінің билік жүргізу өкшеттіктерін пайдаланбайды және кәсіпкерлік заңцардың нормалары оларға толық көлемде таралады.

Жергілікті өкідді және атқарушы оргаңдар осы органдардың мәрте-бесіін айқындайтын заң қүжаттарында, ережелерінде және езге де қүжаттарында белгіленетін қүзіретті шеіінде өз өрекеттері арқылы әкім-шілік-аумақтық бөліністің атынан мүліктік жөне жеке мүліктік емес құқықтар мен міңдеттерді алын, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік етеді (АК-ның 112-бабының 2-тармағының 1-бөлігі). Әкімшілік-аумақ-тык; бөліністің атынан кәсіпкерлік айналымда өкілдік ету қүқығы бар билікжәне басқару органдарына, бірішпі кезекте, мәслихаттар, екім, әкімият, атқарушы биліктің аумақтық органдары (облыстық өділет бөліімдері, облыстық қаржы басқармалары, мемлекеттік мүліктерді баскзру жөніңдегі аумақтық комитеттер және т.с.с.) жатады. Мемлекеттік бшіік пен басқарудың жергілікіі оргавдары мекеме мөртебесін иеленеді.

Сондықтан олардың қай кезде өз атынан мекеме ретінде, ал қай кезде — өкімшілік-аумақтық бөліністің атынан мемлекеттік билік немесе басқару органы ретінде өкілдік ететінін айыра білу қажет. Екі жағдайда да олардың құқық қабілеттілігі арнаулы болып табылады жөне олардың қүзіретімен айқындалады.

Завдарда көзделген реттер мен төртіп бойынша арнаулы тапсырма-мен өкімшілік-аумақтық бөлініс атынан жергілікті мемлекеггік оргавдар өкіддікете алады (АК-ның 112-бабының 2-бөлігі).

Егер зандардан өзгеше жағдай туындамаса, өкімшілік-аумақтық бөлініс пен оның органдарына АК-ның тиісінше мемлекет пен оның органдарының кәсіпкерлік завдармен реттелетін қатынастарға қатысуы туралы ережелері қолданылады (АК-ның 112-бабының 4-тармағы).

Аталған объекгілердің бәрі коммуналдьщ меншікті құрайды, ал ол мемлекеттік меншіктің құрамдас белігі болып табылады. Мемлекеттік меншікгің келесі бөлігі — республикалық мешпік те әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында болуы мүмкін. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бүған қатысты өкілеттігін тек зандарға сәйкес және мемлекеттің атынан

жүргізе алады.

Әкімшілік-аумақтьіқ бөліністің тиісгі мөслихат бекіткен бюджетінің негізінде әкім және оған бағынатын жергілікті атқарушы органдар өздерінің қүзіретіне сәйкес жергілікті қазынаға билік етуді жүзеге

асырады.


Әкімшілік-аумақтық бірлік қатысатын даулар, жалпы ереже бойын-ша, мемлекеттік соттарда қаралады. Алайда, тарагггардың қалауы бойын-ша ол төрелік (аралық) сотта қаралуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болады, ал орындалуын — мемлекеттік соттар қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы өз міндеттемелері бойынша мемлекеттік қазына мүлкімен жауап береді, ал өкімшілік-аумақтық бөлініс өз міндеттемелері бойынша жергілікті қазынаның мүлкімен жауап береді (АК-ның 113-бабының 1-тармағы). Қазақстан Республикасы мен өкімшілік-аумақтық бөлініс бір-бірінің міндеттемелері бойъшша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал азаматтар мен заңды тұлғалар АК-да және заң қүжат-тарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс мшдеттемелері бойынша жауап бермейді (АК-ның 113-бабының 2-тармағы). Сонымен қатар, бір екімшілік-аумақтық бөлініс екіншісінің борыштары бойынша жауап бермейді.

Қазақстан Республикасы немесе өкімшілік-аумақтық бөлініс осыңдай бөліністің, заңды тұлғаның, азаматіың міндеттемелері бойынша өзіне кепілдік (кепіл болушылық) алган кездегі не аталған субъекгілер Қазақстан Республикасының немесе өкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттемелері бойынша өздеріне кепілдік (кепіл болушылық) алған

кездегі жағдайларға бүл ереже таралмайды. Бүл жағдайда кепілдік (кепіл болушылық) ережелеріне сәйкес жауаптылық туады.

Республикалық қазыналық көсіпорында жөне мемлекепік мекемеде өз ақша қаражаттары жеткіліксіз болатын жағдайда олардың міндет-темелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі ортақ (қосымша) жауапты болады (АК-ның 44, 104 жөне 207-баптары). Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 44-бабының 3-тармағы).

Өз кезегінде, әкімшілік-аумақтық бөлініс, егер ол бүларда өз ақша қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда құрылтайшы рөлін атқарса, коммуналдық қазыналық кәсіпорын мен республикалық емес мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша ортақ (қосымша) жауапты болады (АК-ның 44, 104 жөне 207-баптары, сондай-ақ Мем-лекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 44-бабының 3-тармағы). Рес-публикалық емес мемлекеттік көсіпорынның ақшасы жеткіліксіз бола-тын жағдайда оның міддеттемелері бойынша оны құрған жергілікті атқарушы орган жауапты болады.

Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры жөне алмас қоры, мемлекеттің ерекше меншік объектілері және заң актілеріне сәйкес мемлекеттік республикалық занды тұлғаларға бекітілш берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік мемлекеттік қазына мүлкін құрайды (АК-ның 192-бабының 2-тармағының 2-бөлігі), Мемлекет осы мүліктің шегінде ғана жауапты болады. Жергілікгі бюджет қаражаты жөне мемле-кеттік заңцы тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммунаддық мүлік жергілікті қазынаны құрайды (АК-ның 192-бабының 3-тар-мағының 2-бөлігі). Әкімшілік-аумақтық бөліністің жауапкершілігі де, тиісінше, осы мүліктің шегівде ғана туады.

Құрылтайшылардың (уәкілетіж органдардың) іс-қимылына байла-нысты банкроттық туатын жағдайда, несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісінше шаруашылық жүргізу қүқығына негізделген республикалық жөне жергілікіі көсіпорывдардың міндеттемелері бойынша жауап береді (Мемлекет көсіпорын туралы жарлықтың 30-бабы). Мемлекет (өкім-піілік-аумақтық бөлініс) езі салымшысы (акционері) болып табылатын шаруашылық серіктестіктің немесе акционерлік қоғамның қызметі үшін өзіне тиесілі үлестің (акцшіның) қүны шеіінде жауапты болуы мүмкін.

Егер заң қүжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, мемлекетке жөне өкімшілік-аумақтық бөліністерге занды тұлғалардьщ кәсіпкерлік завдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар қолданылады (АК-ның 114-бабы). Басқаша айтқанда, Қазақстан Ресгіубликасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс занды тұлғалардың кәсіпкерлік айналымға қатысуын айқывдайтын кәсіпкерлік

заң актілері мен АК нормалары шеңберінде кәсіпкерлік құқық субъек-тілері ретінде өрекет етеді. Бүл, ең аддымен, АК-ның шарттар жасасу тәртібі, зиян келтіргені үшін жауаптынық, меншік қүқығы туралы жалпы сипаттағы баптары болып табылады. Мүвдай жалпы ережеден ауытқушынықтар да кездеседі. Біріншіден, Қазақстан Республикасы мен өкімшілік-аумақтық бөліністің мәртебесі мен өкілеттігі көлемінің ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, занды тұлғаларды тіркеу туралы нормалар мемлекетке жөне әкімшшк-аумақтық бөлініске таралмайды. Бүл субъектілер Конституцияның және конституциялық заңцардың негізінде белгілі бір есептік тіркеусіз қызмет ете береді. Екіншіден, АК-ның өзіндегі бірқатар баптардың Қазақстан Республикасы қатысатын құқықтық қатынастарға қатысы бар немесе оған беліілі бір кәсіпкерлік-құқықтық міндеттемелер жүктейді (мысалы, қараңыз, 9-баптың 5-тармағы, 104-баптың 6-тармағы, 266-бап).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет