Басқа шығындарын есептемегенде әр килограмының сатып алу бағасы 500 теңге болатын ара балын әр ұядан 35 килограмнан жинағанда 100 ұядан 3,5 тонна бал алып, жаздың төрт-бес айында ғана кемі 1 миллион 700 мың теңге таза пайда табасыз. Бұл - өткен жылдың ең төменгі бағасы. Ал бір омарташының, егер ол нағыз маман болса 100-ден артық ұя ұстауға мүмкіндігі молынан жетеді. Әйтсе де ол өте нәзік сала болғандықтан белгілі бір білімді, тиянақтылықты, байқампаздықты қажет етеді. Бірер жылдық тәжірибеден соң омартаны оңай ұстауға болады. Оның үстіне жалқау болмасаңыз арасында малыңызды да бағып, өсіруге мүмкіндік бар. Әрі ол маусымдық жұмыс болғандықтан, жаздың үш-төрт айынан басқа уақытта боссыз. Ара ұстауға аса көп шығын да кетпейді. Экология үшін пайдасынан басқа зияны жоқ. Арнайы жер алуды да талап етпейді. Әсіресе, таулы аудандар, орманды алқаптар ара ұстауға аса қолайлы. Санай берсек, басқа да артықшылықтары жетерлік. Бір сөзбен айтқанда, омарташылық - ара асырап, аз шығынмен мол пайда табуға болатын аса пайдалы кәсіп.
Бұл - қиялдан туып, желдіртіп айтып отырған қыздырма қызыл сөз емес, осы салада маңдай терін төгіп, майын ішіп, балын жалап, соңғы отыз жылда еңбегін арнап жүрген байырғы омарташы, он жылдан бері бал өнімдерін өңдеп, арнайы ыдысқа құйып шығаратын «Айтас» фирмасының бас технологы Игорь Рукавицынның пікірі. Жәй ғана пікір емес, көзімен көріп, басынан өткізіп жүрген, өмірлік тәжірибеден туған шынайы ой шындығы. Оған сенбеске тағы лажымыз жоқ. Себебі, ол омарта шаруашылығы жөнінен Ресей ауыл шаруашылығы академиясын бітірген білікті маман, жан жүрегімен, бар болмысымен осы салаға берілген, ара туралы сағаттап емес, тәуліктеп сөйлесе де әңгімесі таусылмас нағыз омарташы.
- Бір жамандықтың да бір жақсылығы болады дегендей, дағдарыс келгелі адамдар қайтадан ара ұстап, ақша табуға бет бұра бастады, – деп жалғастырады ол осы әңгімені тереңдете түсіп. - Қазір қала маңы мен жұмысшы кенттерінің маңында омарташылар көбейіп келеді. Әзірше оларды көбінде жұмыссыздық итермелеп отыр. Ал оның дәмін татып, пайдасын бір көргендер қайтып айырылмақ емес. Сонымен қоса ара шаруашылығы егін мен бау-бақша, экология үшін де қосымша пайдасын тигізетіні тағы бар. Себебі, ара ең алдымен - өсімдіктерді тозаңдандырушы. Әр түрлі өсімдік ауруларының емшісі екен. Жақын маңда омарта бар шаруашылықтарда егін мен бау-бақша, күнбағыстың, табиғи шөптің, шабындықтың шығымы басқаларға қарағанда артық болатыны ғылымда да дәлелденген. Бұған адамдар тек соңғы кезде ғана назар аудара бастағанға ұқсайды.
Омарта шаруашылығының пайдасы туралы әлі де айта беруге болатындай. Ең бастысы, қазіргі дағдарыс уақытында оның жаңа жұмыс орны екендігі болса керек. Ауылдық жерде екі қолға бір жұмыс таба алмай қиналғандар ара асырауды үйреніп, омарта шаруашылығымен айналысса, артық болмас еді. Онымен тіпті зейнеткерлер де емін-еркін шұғылдануына болады. Ал негізінен жастар осы кәсіпті меңгерсе - екі есе қуаныш болмақ. Оның үстіне соңғы жылдарда басқа да ауыл шаруашылығы мамандары сияқты тәжірибелі, ежелгі омарташылар дәстүрін жалғастырып жүрген адамдар қатары да сиреп, «қартайып» барады дейді мамандар. Енді тек осы дағдарыс тұсында жастар жаппай бет бұрса ғана оның жаңа тынысы ашылуы мүмкін.
Ал әзірге облысымызды қойып, еліміздің өзінде омарташы мамандығына дайындайтын кез келген деңгейдегі оқу орны жоқ екен. Онымен айналысып жүргендердің бәрі өздігінен үйреніп, меңгергендер. Осы орайда жоғарыда аталған «Айтас» фирмасында тілек білдірушілерге әдістемелік көмек көрсетіп, қажетті құрал, бұйымдар алуға, жұмысты ұйымдастыруға көмек жасап, ақыл-кеңес береді. Одан басқа омарташылардың қауымдастығы, одағы сияқты қоғамдық ұйымдары жоқ. Бір кезде болған. Кейіннен адыра қалған. Қазір әркім өз қотырын өзі қасып, әр жерде бытырап өмір сүріп жатыр. Қоғам құру туралы сөз науқан аяқталған соң басталып, келесі көктемге таман сап тыйылатын көрінеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі жыл сайын тек мәлімет жинап отырудан әрі қауқарсыз. Оның өзін сай-сайды сағалап жүрген омарташылардан қалай жинап алатыны түсініксіз. Таяуда қолымызға тиген сол мәліметке үңіліп көрсек, өткен жылы облыста омартамен 714 шаруашылық (оның 675-і үй шаруашылығы) айналысады екен. Оның дені Глубокое (126), Зырян (160), Катонқарағай (204), Шемонаиха (77) аудандарында. Басқа дерек жоқ.
Дәл дерегі жоқ болғанымен облысымызда өндірілетін бал мөлшері аз емес. Оның бәрі сол күйінде, өңделместен, тазартылмастан базарларда, сауда орындарында сатылады. Дегенмен, соңғы жылдарда оны өңдеп, арнайы ыдысқа құйып, басқа облыстарға өткізетін шағын кәсіпорындар қатары өсіп келе жатыр. Осылардың ішінде ең байырғысы - құрылғанына биыл он жыл толатын жоғарыда айтылған «Айтас» фирмасында жылына 100 тоннадай бал өңделіп, сыйлыққа тартуға арналғаннан бастап, әр түрлі ыдыстарға құйылып, барлық облыстарға жіберіледі. Фирмада 14 адам тұрақты жұмыс істейді.
Тарихы арыдан басталатын омарта шаруашылығы әлемнің көптеген елдерінде жақсы дамып, оны өндіру, өңдеу технологиясы көп жаңарыпты. Басқасын айтпағанда, Қырғызстан балды экспортқа шығаруды баяғыда жолға қойған көрінеді. Ал бір замандарда даңқы алысқа кеткен Алтай балын өндіру әзірге тоқыраудан шыға қойған жоқ. Бір кезде облысымызда омартамен айналысатын арнайы кеңшарлар да болғанын ескерсек, өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бері еңсе көтере алмай жатқан саланың ендігі болашағы қалай болатыны белгісіз. Табиғаты аса бай өлкеміздің тағы бір потенциалы толық пайдаланылмай жатқаны өкінішті.
... Өмір бойы омарта ұстап келе жатқан бір танысым анау жолы:
- Қазақтар ара ұстай алмайды, ол бос әурешілік. Неге десең біздің туған-туыстарымыз көп, біресе тойға, біресе өлім-жітімге деп жүре береміз. Ондай адам омартаны қайтып ұстайды. Ара - қой емес, баға тұр деп көршіге қосып кететін, - дейді ол миығынан күліп. Мүмкін, оның сөзінде шындық бар ма, кім білсін. Бұл да ойлануды қажет етеді
Дәріс 13. Бал арасынының көбею биологиясы мен көбейту биотехнологиясы
Көбею биологиясы
Аналық және аталық көбейту биотехнологиясы
Аналық ара күзде салқын түскен кезде жұмыртқалауын тоқтатады.
Жұмысшы аралар 1әулет 1аналық ана болатын белгілі.Жұмысшы аралар саны көп,жыл мезгіліне байланысты ауытқып отырады.Көктемде карездегі дернәсілдерден аталық ара шығады.Бал арасының көбеюі аналық пен аталықтың шағылысуынан болады. Барлық қос қанаттылар сияқты үйір құрады,аналық 7 күнен 30 күндік болуы мүмкін,оны 2 фактор анықталады.
Аналық жұмысшы мүшелерінің физиологиялық жетілуі
Ауа райы
Жалпы,аналық 5-6 жыл оданда көп өмір сүреді,тұқым таратуы нашар.Сондықтан оларды 2 жылдан көп ұсталмайды.Көбею анлық аралар ұяшықтан шыққан соң 10-12 күнде шағылысады.2-3 күннен кейін жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқа салуы орташа 14 күнге дейін созылады.Аналықтар шағылысқа түсу үшін қоршаған ортаның температурасының маңызы үлкен, 5м/сек төмен болу керек,ылғалдылық 60-80C температурада ұшып шығады.Көбейетін аралар түскі 12 ден 5ке дейін шағылысқа түседі.Жаппай шағылысуы 14сағаттан 2ден 4ке дейін.
Шағылысқа түсетін жыныс мүшесі жетіліп,жасы 12-14 күнде дайын болады.Шағылысу үшін олар ұядан күніне 4рет шығады.Ұяда 17 минут шағылысуға түседі.
Аталықтың саны июльде көп болады
Августе саны күрт азаяды
Ең тұқым бергіш-маусым,шілде де шыққан аталықтар,олар аналықтарын активті түрде іздестіріледі.
Аталықтар ұрықтанбаған аналықтарын иісі арқылы біледі.Эктогармон жоғары жақ безі иіс шығарады,оны аталықтар ұшып жүргізіп сезеді,жыныс гармондары Ферамон,Атрактант деп аталынады.
Феромон-жәндік еліктіретін иісі бар,аталықтар 60метірден сезеді.
Аналық аналар 2рет ұшып шығады,ұрық қапшығы толғанша 5-6 аталықпен.Жалпы шағылысу 1,5сек.созылады.Шағылысу кезінде безгектің поли.енген шәуетін шашып,сосын өледі.Шәует ұрық гармонға түсіп-8млн аталық ұрық болады.
Ара әулетінің дамуы 2-ге бөледі.
Эмбрионалдық
Постэмбрионалдық кезең
Эмбрионалдық кезең-жұмыртқа ішінде дамуы
Постэмбрионалдық кезең-шағылысқаннан дернәсілге дейін даму
Дернәсіл-қуыршақ сатысынан аталық аналығы толық даму циклна 16 күн, аталық 24 күн кетет
Көбейту биотехнологиясы
1.Аталық пен аналықтың шағылысуын қадағалау
Оны тиянықты қадағалау ол үшін 2 әдіс қолданылды.
1.Аталық аналық қолдан.
2.Табиғи жағдайды қолданып ұрықтану.
Қолдан арнаулы құрал арқылы ұрықтандыру сенімлі, зертханалық зерттеу жүргізу кезінде 25º C температурада болу керек.
Арнаулы құралдар керек
Арнаулы таға бекітілген ара ұстағыштар
Ана араларды бекітіп ұстауға арналған бекіткіш
Бинукулярлы шприц
Термостат керек
Баллондағы диоксиді керек
Екі мойынды колба
Пинцет
Мәрлі
Физиологиялық ерітінді
96ºС этил спирті
Мақта
Йод ертіндісі
Ұрық алатын аталық пен аналық реттеліп алынады. Яғни ұрық 6-7 күндік араны ұрықтандыруға алады. Зертханада аналық аралар бірнеше аталықтармен бірге біраз ұшқызып ұстап аталық ананы сәл қысып одан ұрық бөлінеді.оны арнаулы шприцке жинап алып 4мл дейін ұрық жинайды.
Табиғи шағылысу аумағы 10км болатын таулы сай жерлер таңдап алынады. Олардың бірнеше тәсілі бар.
Кешкі шағылыстыру - яғни аталық аналық аралардыбасқалардан бөліп шағымдап ұшырады. Активті жасау үшін алжын ала сироп беріледі.
Аналық араны 2рет ұстап шағылыстыру деп аталады.Таза тұқым алу үшін,омартаға асыл тұқымды ара әулеті әкелінеді.Онда:жас аралар өсіріп,олардағы барлық әулетпен ауыстырылады.Жас аналық аралар ұрпақ береді,келесі жылы тағыда жас аналар ұрықтандырылып алынады.
Аталық пен аналық араларды өсіру биотехнологиясы
Ара шаруашылығын дамытуда аналық аралардың құрамы маңызды.
Тесіктік-аналықтың орны бос қалу әулетте ара ұшып кетсе табиғи жағдайда жас аралар қайта әкелінеді
Үйірленуге дайындау
Тыныш ауыстыру кәрі аналық арада кемістік болғанда,ұрықтануға қабілетсіз.
Аналық араны қолданда өсіреді.Сапалы ара өсіру үшін арнаулы жағдай керек,бірнеше әдістер бар.Олардың бәрі әулеттен бөліп алып оқшаулайды.
[өңдеу] Сипаттамасы
Омарта негізінен балды өсімдіктер көп өсетін алқапқа жақын құрғақ, жел көп тимейтін, ағаш, бұтасы қалың жерлерге орналасады; тұрақты және көшпелі болып бөлінеді. Тұрақты Омартаны табиғи балды өсімдіктер көп өсетін арнайы, жол қатынасы қиын жерлерге (тау, тайга, т.б.) орналастырады. Көшпелі Омарталар қосымша бал жинау үшін өсімдіктің гүлдеу кезеңіне байланысты және ауыл шаруашылығы өнімдерін тозаңдандыру үшін бір жерден екінші жерге көшіріліп отырады. Ара шаруашылығының мамандандырылуына байланысты Омарта шаруашылығының әр түрлі өндірістік бағыттары анықталды. Бал жинау бағытындағы Омарта тауарлы бал өндіруге мамандандырылған. Ондай Омарталар бал шырынды өсімдіктері мол жерлерде орналастырылады, онда 1 ара ұясынан 100 кг-ға дейін бал алуға болады. Өсімдік тозаңдандыруға арналған Омарта бақ, көкөніс тұқымын өсіретін жылыжайларда, жеміс-жидек шаруашылықтарында ашық және қорғалған алаңдардағы дақылдарды тозаңдандыру үшін ұйымдастырылады. Ара тұқымын өсіретін Омарта басқа Омарталар үшін негізгі ара үйірін құрып, араларды көбейтумен, аналық ара өсірумен шұғылданады. Тәжірибелік Омарталарда ғылыми-зерттеу, ара өсіру шаруашылығы жетістіктерін іске асыру, жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Омартаның көлемі табиғи және екпе балды өсімдіктер қорына, шаруашылық қажеттілігіне, өндірістік бағытына байланысты.
Ара еркін ұшып, бал жинауы үшін 2 км-дей жер керек. Омартада ара ұялары бір-бірінен 6 м, қатар аралығы 4 м қашықтықта, жерден 20 – 25 см биіктікте, ішіне жаңбыр суы құйылмайтындай етіп, сәл еңкейтіліп орналастырылады
АРА ӨСІРУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯСЫ
Аналық, еркек, жұмысшы аралар. Үлкен жанұя болып, аралар тіршілік етеді; бір жанұя ішінде мыңдаған жұмысшы аралар мен бір аналық арадан бар. Жұмысшы ара мен аналық ара – ұрғашылары, ал еркектері – трутни деп аталады. Еркек аралар көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз уақыт тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады. Еркек аралар жас аналықтарды ұрықтандыру үшін туады.
Омарта (пасека) тұрғындары бір жанұя болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және оны орындайды.
Аналық ара, жұмысшы араға қарағанда екі есе ұзын (25 мм), тірідеі салмағы 260 мг, құрсағы ұзын. Қанаты денесінің жартысын жауып тұрады. Жұмысшы араның қанаты құрсағын толық жауып тұрады, еркек араның қанаты құрсағынан ұзын болады.
Ұрғашы ара күн сайын ұяшығына 1-2 мың ұрықтандырылған жұмыртқа салады. Ұрғашы ара кейде ұрықтандырылмаған да жұмыртқа салады, одан тек еркек аралар ғана шығады. Ұрықтанған жұмырқадан ұрғашы аралар, жұмысшы және аналық аралар шығады. Аналық ара жұмысшы, еркек араның, барлық ара жанұясының анасы болып есептелінеді.
Аналық ара еркек арамен омартада емес, ауада ұшып жүріп, шағылысады, сосын 2-3 күннен кейін жұмыртқа сала бастайды. Күтімі жақсы аналық тәулігіне 1500-2000 жұмырқа салады. Ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді, екі жылда оларды ауыстырып отыру керек, өйткені, тұқым тарту қабілеті азая бастайды.
Еркек араның денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы – 200 мг, аналық араны ұрықтандырғаннан кейін өледі, шығатын піспегі болмайды, тіпті өзін-өзі қорғайда алмайды, қозғалыс-қимылдары шамалы және жұмысшы аралар дайындайтын балмен күн көреді. Еркек ара жұмыртқадан өсіп, жетілуі үшін 24 күн қажет, 12-14 күннен кейін жыныс бездері жетіліп, ұрғашы араларды ұрықтандыруға кіріседі.
Жұмысшы ара омартаның негізін қалайды. Қыстан шыққан жанұядағы жұмысшы араның саны 15 мыңдай болады (80-100 мың бал берген кезде). Жұмысшы араның денесінің ұзындығы 12-15 мм, салмағы 90 мг болады. Әдетте олар екі топқа бөлінеді: ұшпайтындары омартаның ішіндегі жұмыстарды орындайды (14-20 күндік), ал ұшатындары – сақа аралар – күніне бірнеше рет ұшып шығып, гүл тозаңдарын, тәтті шырындарды жинап, бүкіл жанұяны азықпен қамтамасыз етеді.
Ара тұқымдары. Ара тұқымдары, ТМД елдерінің (бұрынғы Кеңес Одағының) кең-байтақ табиғатына сай, түрлері де алуан-түрлі болады. Әр тұқымы бір-бірінен сыртқы түрімен, мінез-құлқымен, шаруашылыққа пайдалы белгілерімен ажыратылады. Әсіресе кең тараған тұқымдардың бірі – орман арасы – Украина мен авказ арасын мекендейді. Орманда мекендейтін бұл араның түсі қара, балы аппақ болады. Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарды мекендейді, түсі ақшылдау, ұзын тұмсығы гүл тозаңдарын жинауға ыңғайлы, балы аппақ болады. Оларға жақындағанда түтін немесе арнайы масқа қажет болады. Кавказ арасының түсі сары немесе сұр, тұмсығы ұзын, адамды шақпайды.
Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады
Ара шаруашылығынан алынатын өнімдер. Араның беретін негізгі өнімі –бал – әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюза мен витаминдер, микро- және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы (пчелинный яд), аналық сүтше (маточное молочко), балауыз (воск), ара желімі (прополис, пчелинный клей) сияқты өнімдерді береді.
Мөлдір бал жоғары сапасы жоғары болып есептелінеді. Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбіржанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.
Лемуры солға ал жұмыртқалары оңға
Аналық Ара ұяның анасы (патшасы) болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 – 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.
Бал арасының тұқымдары
Ара өсіру және оның биологиясы
Омарта (пасека) тұрғындары бір жанұя болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және оны орындайды.
Аналық ара, жұмысшы араға қарағанда екі есе ұзын (25 мм), тірідеі салмағы 260 мг, құрсағы ұзын. Қанаты денесінің жартысын жауып тұрады. Жұмысшы араның қанаты құрсағын толық жауып тұрады, еркек араның қанаты құрсағынан ұзын болады.
Ұрғашы ара күн сайын ұяшығына 1-2 мың ұрықтандырылған жұмыртқа салады. Ұрғашы ара кейде ұрықтандырылмаған да жұмыртқа салады, одан тек еркек аралар ғана шығады. Ұрықтанған жұмырқадан ұрғашы аралар, жұмысшы және аналық аралар шығады. Аналық ара жұмысшы, еркек араның, барлық ара жанұясының анасы болып есептелінеді
Аналық ара еркек арамен омартада емес, ауада ұшып жүріп, шағылысады, сосын 2-3 күннен кейін жұмыртқа сала бастайды. Күтімі жақсы аналық тәулігіне 1500-2000 жұмырқа салады. Ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді, екі жылда оларды ауыстырып отыру керек, өйткені, тұқым тарту қабілеті азая бастайды.
Еркек араның денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы – 200 мг, аналық араны ұрықтандырғаннан кейін өледі, шығатын піспегі болмайды, тіпті өзін-өзі қорғайда алмайды, қозғалыс-қимылдары шамалы және жұмысшы аралар дайындайтын балмен күн көреді. Еркек ара жұмыртқадан өсіп, жетілуі үшін 24 күн қажет, 12-14 күннен кейін жыныс бездері жетіліп, ұрғашы араларды ұрықтандыруға кіріседі.
Жұмысшы ара омартаның негізін қалайды. Қыстан шыққан жанұядағы жұмысшы араның саны 15 мыңдай болады (80-100 мың бал берген кезде). Жұмысшы араның денесінің ұзындығы 12-15 мм, салмағы 90 мг болады. Әдетте олар екі топқа бөлінеді: ұшпайтындары омартаның ішіндегі жұмыстарды орындайды (14-20 күндік), ал ұшатындары – сақа аралар – күніне бірнеше рет ұшып шығып, гүл тозаңдарын, тәтті шырындарды жинап, бүкіл жанұяны азықпен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |