4.2 Бастапқы мәліметтерді түрлендіру
Бастапқы карталарды сканерлеу белгілі бір картографиялық проекцияда және координаттар жүйесінде құрылған. Сандау кезінде бұл күрделі проекция кеңістіктік координаттар жинағына біріктіріледі. Сондықтан картаны оның бастапқы проекциясына түрлендіру қажет. Бұл үшін ГАЖ-ға қолданылатын проекциялар туралы мәліметтер енгізіледі (әдетте ГАЖ проекциялардың көп санымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді) және бірқатар түрлендірулер іске асырылады. Олардың ішінде көбінесе бір мезетте орындалатын үш негізгісі бұл – көшіру, бұру және масштабтау.
Көшіру – бұл барлық сызбалық объектіні координаттық жазықтықтың басқа жеріне жай ғана ауыстыру. Ол объектінің Х және У координаттарына белгілі бір шамаларды қосу арқылы орындалады:
Масштабтау та өте пайдалы, себебі әртүрлі масштабтағы карталар сканерленеді, бұл үшін келесі қатынас қолданылады:
Бұрылу тригонометриялық функцияларды қолдану арқылы орындалады
Барлық қажетті түрлендірулер тірек нүктелердің координаттары бойынша осы үш сызбалық операцияларды қолдану арқылы орындалуы мүмкін.
ГАЖ-да түсірілім кезінде алынатын ҚТ бастапқы материалдары емес, оларды өңдеу кезінде қалыптасқан туынды материалдар қолданылады. Жер серіктерінен алынған мәліметтер радиометриялық және геометриялық бұрмалаушылықтарды, атмосфераның әсерін және т.б. жою үшін алдын ала сандық өңдеуден өткізіледі. Бастапқы көріністердің шолу сапасын жақсарту үшін ашықтық пен қанықтылықты өзгерту, шуларды жою үшін сүзгілеу немесе контурларды және ұсақ бөлшектерді айқындау үшін шаралар қолданылуы мүмкін. Аэрофотосуреттерді қолданған кезде суреттердің еңістік бұрышынан және жер бетінің бедерінен пайда болатын бұрмалаушылыққа назар аудару қажет, олар трансформалау немесе ортофототрансформалау процесінде жойылуы мүмкін.
4.3 Қашықтан алдын ала тексеру мәліметтерін енгізу
Кеңістіктік талдау құралдарына тұтынушының сұраныстарын өңдеген кезде орындалатын кеңістіктік және атрибутивтік мәліметтерді манипуляциялаудың әртүрлі шаралары жатады. Оларға мысал үшін, сызбалық объектілерді салу операциялары, берілген белгілер бойынша желілік құрылымдарды талдау құралдары немесе объектілерді бөлу құралдары жатады.
Әрбір ГАЖ-пакетке тұтынушының өзіндік тапсырмаларын шешуді қамтамасыз ететін кеңістіктік талдау құралдарының өзіндік жинағы тән, сонымен қатар бір мезетте әрбір ГАЖ-пакетке тән бірқатар негізгі функцияларды бөліп қарастыруға болады. Бұл ең алдымен тапсырылған шарттарға байланысты объектілерді таңдауды және біріктіруді ұйымдастыру, есептеу геометриясының операцияларын іске асыру, салуды талдау, буферлік аумақтарды тұрғызу, желілік талдау.
Сұраныс бойынша объектілерді таңдау: сұраныстың ең қарапайым нысанына экранда курсормен көрсетілген объектінің сипаттамаларын алу және берілген атрибуттары бар объекті көрсетілген кездегі кері операция жатады. Одан күрделі сұраныстар объектіні бірнеше белгілер бойынша таңдауға мүмкіндік береді, мысалы, бір-біріне сәйкес, бірақ әртүрлі қабаттарда орналасқан объектілерді бір-бірінен алшақтық белгілері бойынша және т.б.
Белгілі бір шарттарға сәйкес мәліметтерді таңдау үшін SQL- сұраныстар қолданылады. Әртүрлі күрделіліктегі сұраныстарды орындау үшін кеңістіктегі өзара орналасуының негізінде объектіні таңдауға мүмкіндік беретін математикалық және статистикалық қызметтердің сұраныстарын құрастыру кезінде, сонымен қатар географиялық операторларды қолдану мүмкіншіліктер іске асырылады (мысалы, талданатын объектінің басқа объектінің ішінде орналасқандығы немесе онымен қиылысатындығы).
Мәліметтерді жинақтау белгілі бір атрибут мәндерінің теңдігі бойынша, соның ішінде аумақты алдын ала тексеру үшін жүргізілуі мүмкін. Топтаудың тағы бір тәсілі – бір тақырыптық объектілерді олардың басқа тақырыптық қабаттардың полигональды объектілердің ішінде орналасуына сай біріктірілуі.
Геометриялық қызметтер: оларға объектілердің геометриялық сипаттамаларының есептеулері немесе олардың кеңістіктегі өзара орналасуы жатады, бұл кезде жазықтықтағы және кеңістіктегі сараптамалық геометрия формулалары қолданылады. Мысалы, алаңдық объектілер үшін олардың алып жатқан алаңдары немесе шекаралардың периметрлері есептеледі, желілік үшін – ұзындықтар, сонымен қатар объектілер арасындағы қашықтық және т.б.
Оверлейлі операциялар (қабаттарды топологиялық салу) ең көп таралған және тиімді құралдардың бірі болып табылады. Екі тақырыптық қабаттарды салу нәтижесінде бастапқы қабаттардың сызбалық композициясы түрінде қосымша қабат түзіледі. Талданатын объектілердің әртүрлі типтерге (нүкте, сызық, полигон) жататындығын ескерсек, талдаудың әртүрлі нысандары болуы мүмкін: нүктеге нүкте, полигонға нүкте және т.б. Полигондардың біріктірілуі ең жиі талданады.
Буферлік аумақтарды салу. Объектілердің жақындығын талдау құралдарының біріне буферлік аумақты салу жатады. Буферлік аумақтар – бұл бастапқы объектінің шекараларынан белгілі бір қашықтықта салынған шекаралары бар аудан (полигон). Мұндай аумақтардың шекаралары сәйкес атрибутивтік сипаттамаларды талдау негізінде есептеледі. Бұл кезде буферлік аумақтың ені тұрақты, сонымен қатар ауыспалы да болуы мүмкін. Мысалы, электромагниттік сәулелену көзінің маңайындағы буферлік аумақтың пішіні домалақ болса, жел бағытын ескеру арқылы зауыттың түтін құбырынан ластану аумағының маңайындағы буферлік аумақтың пішіні эллипс сияқты болуы мүмкін.
Желілік талдау тұтынушыға байланыстық желілік объектілердің (жолдар, электр берілісінің желілері және т.б.) кеңістіктік желілерін талдауға мүмкіндік береді. Әдетте желілік талдау ең тиімді, жақын жолды анықтау үшін, желіге түсетін кернеу деңгейін анықтау үшін, берілген мекенжай бойынша объектінің мекенжайын және маршрутын анықтау үшін және т.б. үшін қызмет етеді.
Объектілердің кеңістіктік таралымын талдау. Көптеген жағдайларда объектілердің алып жатқан кеңістік көлемін ғана емес, сонымен қатар объектілердің кеңістікте орналасуын да білген жөн, ол белгілі бір аумақтағы объектілердің мөлшерімен, мысалы, халық санының таралымымен сипатталуы мүмкін. Нүктелік объектілердің таралымын талдау тәсілі ең көп таралған. Нүктелік таралым шамасына тығыздық жатады. Ол нүктелер санын олар орналасқан аумақ алаңындағы мәндерге бөлу нәтижесі ретінде анықталады. Таралым тығыздығынан басқа таралым нысанын бағалауға болады. Нүктелік таралымдар ықтимал төрт нұсқаның біреуінде кездеседі: біркелкі (егер әрбір шағын аумақшадағы нүктелер саны басқа кез келген аумақшадағы нүктелер санына тең болса), тұрақты (егер барлық аумақ бойынша біркелкі интервалмен бөлінген нүктелер желінің түйіндерінде орналасса), кездейсок, кластерлік (егер нүктелер тығыз топтарға жинақталса).
Нүктелік таралымдар аумақшалар шегіндегі нүктелер санымен ғана сипатталмайды. Көбінесе нүктелер жұбының ішіндегі дербес қатынастар талданады. Бұл статистикалық көрсеткішке есептеуге барлық ықтимал жақын нүктелер жұбының арасынан ең жақын көршілес нүктелерге дейінгі орташа қашықтықты анықтау кіреді. Аталмыш тәсіл таралымдағы нүктелердің ыдыраңқылық шамасын бағалауға мүмкіндік береді.
Сызықтардың таралымы да тығыздық бойынша бағаланады. Әдетте әртүрлі географиялық аумақтарды салыстыру үшін орындалады, мысалы, гидрографиялық желінің қоюлығы бойынша. Сызықтар да жақындық және ықтимал қиылысу бойынша бағаланады. Басқа маңызды сипаттамаларға бағдарлық, бағыттық және байланыстылық жатады.
Полигондардың таралымын талдау нүктелердің таралымын талдауға ұқсас, бірақ тығыздықты бағалау кезінде алаң бірлігіндегі полигон саны емес, полигон алып жатқан алаңның қатыстық үлесі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |