Дәріс Кіріспе. Геоэкология және табиғатты қорғау пәні. Геоэкология түсінігі. Негізгі сұрақтары



бет20/21
Дата21.09.2023
өлшемі456,44 Kb.
#181886
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Түсінігі. Негізгі сұрақтары-emirsaba.org

Ерекше 

қорғалатын 

табиғи 

аумақтардың 

соңғы 

кезде 

ұйымдастырылып 

жүрген 

түріне 



биосфералық 



қорықтар 

жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды
аймақтардың 
табиғатын
қорғау

және
сақтап

қалу
мақсатында 
ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде
жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған 
экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын
өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың 
аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп,
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық 
биосфералық
қорық

ұйымдастырылған


Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық 
мәртебесі берілген.
Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс 
Алтай қорықтары
таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы 
қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында
орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала
т.б. қорғауға алынған.
Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — 
мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына
жатады.

Қорық
аумағында 


ешқандай
шаруашылық 
жұмыстары
жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. 
Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми
зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік 
табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей
катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді 
қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады.
Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп 


бөлінеді.


Далалы

аймақта
ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары 


шөлді
аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл 

қорықта 1953 жылы


Түрікменстаннан 
әкелініп
құлан

жерсіндірілді.


Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын 
қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте
Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде. 
Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат
қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу 
жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ
ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті 
жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау
жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. 
Елімізде
соңғы

жылдары Шарын (2004


ж.), Сайрам-Өгем (2006 
ж.)
және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. 

Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы,


Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет