Дəріс. Конфликтологияның басқа пəндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы. Мақсаты


Проблеманы шешуден кету, немесе қашу



бет14/20
Дата23.02.2023
өлшемі260 Kb.
#169913
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Лекции 1-15 конфликтология

Проблеманы шешуден кету, немесе қашу, шығын аз болып тұрған кезде конфликтіден шығу əрекеті болып табылады. Конфликт барысындағы осы тəріздес мінез-құлық стратегиясынан ерекшелігі сол, мұнда оппонент оған өз мүдделерін белсенді стратегиялардың көмегімен іске асыру əрекеттері сəтсіз болғаннан кейін өтеді. Дұрысын айтқанда, əңгіме конфликтінің шешілуі жайында емес, оның сөнуі жайында болып отыр. Қашу қайшылықтарды шешу үшін күш пен уақыттың жоқтығы, уақыт ұтуға ұмтылу, өз мінез-құлық бағытын анықтауда қиындықтардың болуы, проблеманы мүлдем шешкісі келмеу кезінде қолданылады.
Ынтымақтастық оппоненттердің конфликтідегі барлық жақтың мүдделерін қанағаттандыратын шешімді бірлесіп іздеуге бағдарланумен сипатталатын мінез-құлықтың ең тиімді, кооперативті стратегиясы. Оппоненттердің проблеманы конструктивті талқылауға бағыттылығын, екінші жаққа қарсылас ретінде емес, шешім іздеудегі одақтас ретінде қарауды шамалайды. Мынадай ситуациялар ең тиімді: оппоненттердің өзаратəуелділігі; күшті болғанда; екі жақ та биліктегі айырмашылықтарды елемеуге бейім болғанда; шешімнің екі жақ үшін де маңызды болғанында; қатысушылардың күні бұрын кесіп-пішіп қоймауы кезінде.
Сонымен бірге нақты өмірде ымыраға келу жиі қолданылады. Оған қол жеткізу үшін ашық əңгіме жүргізу техникасы ұсынылуы мүмкін (Анцупов, 1993):

  1. Конфликтінің екі жаққа да пайда екенін айту.

  2. Конфликтіні тоқтатуды ұсыну.

  1. Конфликтіде жіберілген өз қателіктерін мойындау. Олардың бар болуы сөзсіз, жəне оларды мойындау сіз үшін түкке тұрғысыз.

  2. Оппонентпен конфликтіде сіз үшін негізгі болып табылмайтындарға келісім жасау. Кез-келген конфликтіден келісімге келу, көну түкке тұрғысыз болып саналатын бірнеше ұсақ-түйектерді табуға болады. Маңызды, бірақ принципті емес нəрселерге де көнуге болады.

  3. Оппонент тарапынан қажетті келісімдер жайлы тілектерін айту. Олар əдетте, сіздің конфликтідегі негізгі мүдделеріңізге қатысты.

  4. Өзара келісімдерді сабырлы түрде, жағымсыз эмоцияларсыз талқылау, қажет жəне мүмкін болған жағдайда оларды түзету.

  5. Егер келісімге келуге қол жетсе, онда конфликтінің тамамдалғанының анықтығына қалай да жету.

Ынтымақтастық тəсілін «принципті келісімдерге келу» əдісі бойынша жүзеге асыру мақсатқа лайық (Фишер, Юри, 1987). Оның принциптері мыналар:
А. Адамдарды проблемадан айыру: оппонентпен өзарақатынастарды проблемадан шектеңіз; өзіңізді оның орнына қойыңыз; өз қауіптеріңіздің жетегіне бармаңыз; проблеманы реттеуге əзір екеніңізді көрсетіңіз: проблемаға қатаң жəне адамдарға жұмсақ болыңыз.
Б. Позицияларға емес, мүдделерге көңіл аудару: «неліктен?» жəне «неліктен жоқ деп сұраңыз;
негізгі мүдделер мен олардың көпшілігін тіркеңіз; ортақ мүдделерді іздеңіз; сіздің мүдделеріңіздің өміршеңдігі мен маңыздылығын түсіндіріңіз ; оппоненттің мүдделерін мойындаңыз.
В. Өзарапайдалы нұсқаларды ұсыныңыз: проблемаға бір ғана жауап іздемеңіз; нұсқалар іздеуді оларды бағалаудан бөліп алыңыз; проблеманы шешу нұсқаларының шеңберін кеңейтіңіз; өзара пайда іздеңіз; екінші жақтың нені қалайтының анықтаңыз.
Г. Объективті критерийлерді пайдаланыңыз:екінші жақтың дəлелдеріне қалтқысыз болыңыз; қысымға емес тек қана принципке беріңіз; проблеманың əр бір бөлігіне байланысты объективті критерийлерді қолданыңыз; бір неше критерийлер қолданыңыз; əділетті критерийлер қолданыңыз.



  1. Конфликті жағдайында эмоциялар маңызды роль ойнайды. Кейде біздің эмоцияларымын санаға көнбестен, рационалды емес əрекеттерге дейін апаруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет