Дəріс. Конфликтологияның басқа пəндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы. Мақсаты



бет13/20
Дата23.02.2023
өлшемі260 Kb.
#169913
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Лекции 1-15 конфликтология

Үшінші типтегі конфликт невроастениялы тұлғаның мүмкіндіктері мен оның өзіне қоятын тым жоғары талаптары арасындағы қойшылық болып табылады. Мұндай жағдайларда индивидтің өз-өзіне бағытталған агрессивті əрекеттері мысалы: суицидальді əрекеттер болып табылатын аутоагрессияның пайда болуы мүмкін.


Пысықтау сұрақтары:



  1. Тұлғаішілік конфликтілерді түсінуге деген бағыттар.

  2. Тұлғаішілік конфликтілердің пайда болу шарттары қандай?

  3. Тұлғаішілік конфликтілерді топтастырудың қандай түрлері бар

  4. Тұлғаішілік конфликтілердің салдары қандай?

  5. Тұлғаішілік конфликтілерді шешудің қандай механизмдері бар?

  1. Дəріс. Тұлғааралық конфликтілер



Мақсаты: Тұлғааралық конфликтілер жəне олардың шешілу жолдарын ашып көрсету.
Жоспар:

  1. Тұлғааралық конфликтілерді шешудің негізгі əдістері мен тəсілдері.

  2. Тұлғааралық конфликтілерге қатысушы оппоненттердің эмоциялары

Конфликтінің қандай тəсілмен шешілетіндігінде оппоненттердің одан шығу стратегияларын таңдау негізді мəнге ие болады: Конфликтіден шығу стратегиясы оппоненттің оның қорытынды кезеңіндегі мінез- құлқының негізгі бағыты болып табылады. Конфликтіні шешудің 5-негізгі стратегиясын (тəсілдерін) бөліп көрсетеді: бақталастық, ымыра (компромисс), ынтымақтастық, қашу жəне бейімделу (Томас, Килменн,1972).
Аталмыш стратегияларды қолданудың мақсатқа сəйкестігін қарастырайық. Бақталастық-оппоненттің конфликтідегі өз мүдделеріне бағдарланудан, екінші жаққа өзі
қалаған шешімді зарлап міндеттеуден, өз мүдделерін іске асыруға байланысты ашық күрестен тұратын мінез-құлық стратегиясы. Бақталастық мына жағдайларда ақталады: ұсынылған шешім айқын конструктивті болғанда; нəтиже жекелеген тұлға, шағын топ үшін емес, бүкіл топ, ұйым үшін қолайлы болғанда; аталмыш стратегияны жүргізуші үшін күрес нəтижесі маңызды болғанда; оппоненттің ақыл-кеңестерін тыңдауға уақыт болмағанда.
Бақталастық экстремальді жəне принципті ситуацияларда уақыттың тапшылығы мен қауіпті салдарлардың жоғары ықтималдығы кезінде пайдалы. Қолған жағдайларда бақталастық əдеттегідей, деструктивті сипат алады.
Ымыра оппоненттердің конфликтіні жарым-жартылай келісімге келу арқылы аяқтау тілектерінен тұрады.Ол бұрын ұсынылған талаптардың жартысынан бас тартумен, екінші жақтың жарым-жартылай негізделген талаптарын мойындауға əзірлікпен , кешіруге əзірлікпен сипатталады . Ымыра, яғни келісімге келу мына жағдайларда тиімді: оппоненттің өзі мен бақталастың мүмкіндіктері тең екенін түсінуінде; өзара, бірін-бірі жоққа шығаратын мүдделердің болуы кезінде. Бүгінде ымыраға келу конфликтілерді аяқтаудың ең жиі қолданылатын, конструктивті стратегиясы болып табылады.


Бейімделу, немесе көну күрестен мəжбүрлі түрде немесе өз еркімен бас тарту жəне өз позицияларын беру ретінде қарастырылады. Оппоненттің мұндай стратегия қабылдауына əр түрлі мотивтер мəжбүр етеді. Бұл өзінің қателігін ұғыну, оппонентпен жақсы арақатынасты сақтап қалу қажеттілігі, оған өте қатты тəуелді болу, проблеманың мағынасыздығы болуы мүмкін. Сондай-ақ , конфликтіден бұлайша шығуға күрес барысында келтірілген елеулі зиян, одан да маңызды жағымсыз салдарлардың болу қаупі, басқа нəтижеге мүмкіншіліктердің жоқтығы, үшінші жақтың қысымы душар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет