Пысықтау сұрақтары.
1.Мінез –құлық акцентуацияларына толық сипаттама.
Конфликтінің пайда болуының объективті себептері.
Конфликтінің пайда болуының субъективті себептері.
Конфликтіге мінез-құлық ерекшеліктері қалай ықпал етеді.
Темпераментке толық сипаттама.
Дəріс. Конфликтілі тұлғалармен қарым-қатынас принциптері
Мақсаты: ЖОО студенттерінде қарым-қатынас жəне оның принциптері туралы теориялық біліміді қалыптастыру.
Жоспары:
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Конфликтідегі қарым-қатынас технологиялары
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі- қарым-қатынас.Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша əр алуан.Тура, жанама, тікелей, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.Тікелей емес қарым-қатынас –жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық жəне көпшілдік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас-топтар, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы- қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-əрекет ету негіздерінде қалыптасқан түрі.Көпшіліктік қарым-қатынас- көпше түрдегі таныс емес адамдардың жəне көпшілік мəлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық-қарым-қатынастарды да жатқызады.Қарым-қатынаста адамдар өзін кһөрсетеді, өзі үшін жəне басқаолар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі.Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста адамның адамзаттық тəжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-əрекет түрлерін игеруі, жеке адам жəне дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады.Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады.Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-əрекетінде байланыстырғыш ролді атқарады.Бұл функциясын шартты түрде «прагнатикалық» функция деп атауға болады.Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп атауға болады.Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шартты.Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-əрекеті жəне баланың қоршаған əлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады.Д.Элькониннің айтуынша: «Бала əрқашанда 2 адам-оның өзі жəне ересек адам».Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесінде жəне де баланың дербестік ерікті іс-əрекетіне айналады.Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «Бекітетін қолдаушы» деген функциясын атауға болады.Басқаша айтқанда басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді.У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу жəне басқалардың оны мүлдем байқамауы ең зор жаза».Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг- бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, əсірессе шизофренияның себебі деген қортындыға келген.Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауры.Қарым-қатынастың төртінші функциясы «Жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру жəне қолдану» болып табылады.Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар –«сүйкімді- сүйкімсіз», «ұнайды-ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді.Əрине эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді. Көбінесе іскерлік немесе типті ролдік қатынасына да өз əсерін тигізеді.Келесі, бесінші фуекциясы «жеке адам ішілік функциясы».Бұл жағдайда адамның өз- өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы диаолг типінде) адамның ойлауының əдісі түрінде қарастыруға болады.Осыған байланысты Л.С.Выготский былай деген: «адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер.Сезім- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін жəне оларды бейнелейтін психикалық процесс. «Эмоция» ұғымының төркіні-«емовера» деген латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан.Қазақша мəні-тітіркендіру, толқу.Эмоция- адамдар мен жануаралар дүниесінде де көрініс беретін
кейіп.Аффект- түрлі сезімдер адам бойында əр алуан себептерге байланысты пайда болып олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді.Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бəрі де көрініс бергенімен көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзі екі топқа бөлінеді.
1.конъюктивті-адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-əрекетке итермелейтін сезімдер.
2.дизъюнктивті- адамдарды бір-бірінен алыстатанын, бірлескен іс-əрекеттен қашқақтайтын сезімдер.Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морено (1958) ұсынған социометрия əдісі кең қолданылады.Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мəлімет алмасуы.
Интерактивті жағы- қарым-қатынасқа түсушілердің өзара əрекеттесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар жəне əрекеттермен алмасу.Бірлескен əрекеттің ұйымдастьырылуы.
Перцептивті жағы-қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы соның негізінде өзара түсініктің пайда болып қалыптасуы.Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: имперактивті, манипулятивті жəне диалог болып бөлінеді.
Императивті қарым-қатынас- авторитарлы, директивті түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын əсер.
Манипуляция- қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.
Диалог- тең құқылы, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып- түсіну,
партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму.
Светофордың қызыл белгісінің себептері:
Қарама-қайшылықтар – мəселеге деген көзқарастардың, позициялардың əр түрлі болуы.
Деструктивті фантазиялар – деструктивті ситуацияда адамда қауіптіліктен, сенімсіздіктен, қамқорсыздықтан мазасыздану мен күдік туындайды. Тіпті негізделмеген қауіптіліктің өзі тітіркену мен агррессияны туындатады.
Инцидент – ұқыпсыздық түріндегі кішігірім жағымсыз жағдайлар, оқиғалар. Ол тұлға санасында күмандану тудырады да, қарым-қатынасты аннықтаудың көзі, яғни конфликтінің көзі болады.
Жалған сөздер эмоциялық күйзеліс пен үздіксіз мазасызданудың көзі болады.
Түсініксіз жағдай - қате түсіну серіктестер арасындағы өзара түсініксіздіктің пайда болуына себепші болады да, жалған пікір нəтижесіне айналады.
Микроклиматтың диссонансы (эмоциялық күйзеліс) өзара қатынастардың сəйкессіздігінен пайда болып, əрқашан сақ болып жүруге мəжбүрлейді, өзбетімен жүруге мүмкіндік бермейді.
Егер конфликт негізгі қызығушылықтарға зиянын тигізбеген жағдайда, одан қашу тиімді болып саналады. Мəселеден қашу үнсіздіктен, индиферентті қатынастан, жауап қайтармаудан, демонстративті зейінсізідіктен көрініс береді.
Светофордың сары белгісінің себептері:
Дипломатия – достық өзара қатынасты сақтап қалуға бағытталған серіктеске деген дұрыс қатынас. Осыған байланысты конфликтілер көбінесе өздігінен шешімін табады. Дегенмен де дипломатиялық кезінде көптеген өткір мəселелер қаралмай қалады.
Дипломатия конфйликтіні қосымша əдістермен шешуде, кері эмоциялардың көрініс бермеуінен көрініс береді жəне мұнда өзара қатынас пайдадан жоғары тұрады.
Компромисс- мəселені өзара келісімге келу негізінде шешу. Нəтиже конфликтіге қатысушылардың барлығына бірдей бөлінеді. Сондықтан да ол əрқашан барлығын қанағаттандырады. Уақытша қабылданған шешім болашақтағы стратегияны ойластыруға қызмет етуі де мүмкін. Компромисс тұлғалық позициялар мен нəтижелердің құндылықтарының тең болмауы кезінде конфликтілі ситуациядан шығудың ең дұрыс жолы болып табылмайды. Дегенмен де уақытша ауызбіршілікке келу – ұзақ мерзімге созылған конфликтілерде ең дұрыс
тактика ретінде қабылданады. Өйткені ең маңыздысы - өзара қатынаста жан-жақтылықты көрсету.
Светофордың сары белгісінің себептері:
Пайда серіктестердің екі жақты пайдасын толық сақтауға мүмкіндік береді. Пайданы алаңыз да оған өзгенің де ие болуына мүмкіндік беріңіз. Немесе жеңіліс тапқан адам – потенциалды жау. Жасырын жау жасамаңыз, ол сізге титімсіз жəне қауіпті. Егер екі жа та жеңіске жетсе, онда нəтиже ұзақ мерзімді.
Серіктестің пайдасы туралы ойланып, өзіңізге зиянын тигізбейтіндей етіп оның қалаулы нəтижесін алуына көмектесу керек. Мүмкін болатын шешімдерді таңдаңыз немесе өз вариантыңызды ұсыныңыз:
1) тең бөлу (компромисс)
2) пайданың кімге қажетті екендігін талқылау (дипломатия)
3) жребя тастау
Бұл компромисс сериясының стратегиясы, себебі ол бірмезгілде жеңіс пен жеңілістен тұрады. Серіктестердің тілектері мен мотивтерін анықтау жəне оларды қанағаттандыру орынды. Ол үшін серіктестің стратегиясын есептеп, оның қажеттіліктерін анықтап, өз тілектерімен салыстыру керек. Бұл шешімді конструктивті түрде іздеу үрдісінде іске асады: «Екеуміз де қалағандарымызға қол жеткізу үшін не істеу керектігін ойланайық».
Конструктивті нəтижеге қол жеткізу жолдары:
конфликтінің екі жаққа тиімді болу жолын іздеу: «Мен екі жаққа да пайдалы болғанын қалаймын».
ординарлы емес шешім табу. Бірлесіп əрекет ету альтернативасын ұсыныңыз.
Пысықтау сұрақтары:
Конфликтілі адамдар арасындағы қарым-қатынастың əлеуметтік-психологиялық сипаты.
Конфликтілі қарым-қатынастағы адамдардың мінез-құлықтарына сипаттама беріңіз.
Қарым-қатынас қызметтерін атаңыз.
Қарым-қатынастың қандай жақтары бар?
Тақырыпқа байланысты ситуация келтіріп, оның шешілу жолдарын көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |