Дəріс. Конфликтологияның басқа пəндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы. Мақсаты



бет2/20
Дата23.02.2023
өлшемі260 Kb.
#169913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекции 1-15 конфликтология

2-кезең -1924-1990ж.ж.Бұл кезең жекелеген конфликтологиялық салаларының, оның ішінде конфликт психологиясының да пайда болу, қалыптасу жəне дамукезеңі.Конфликт əуелі үш (заңтану, əлеуметтану,психология),ал кезеңнің соңына қарай 11 ғылымның шеңберінде жеке құбылыс ретінде зерттеле бастайды.Отандық конфликтология тарихында екінші кезең төрт негізгі этаптан тұрады.
Бірінші этап -1924-1934 ж.ж.Ол публикациялардың алғашқы "толқынын" қамтиды.Конфликт проблемасына байланысты психологтар мен əлеуметтанушылардың алғашқы еңбектері шыға бастайды. 1924жылы орыс əлеуметтанушылары мен психологтары, конфликт проблемасына байланысты алғашқы отандық еңбектердің бірінің авторлары П.О.Гриффин мен М.М.Могилевскийдің ғылыми еңбегі жарияланады. Екінші этап-1935-1948 ж.ж. Публикациялардың мүлде толығымен жоқтығымен сипатталады.Бұл Ұлы Отан соғысымен жəне тұтас елдегі жағдаймен байланысты.Үшінші этап – 1949-1972ж.ж.Бұл кезеңде конфликт проблемасына байланысты жыл сайын еңбектер жарияланады, алғашқы 25 кандидаттық дисертация қорғалады.Конфликшіні жеке құбылыс ретінде зерттеу философияда, педагогикада, тарихи жəне саяси ғылымдарда басталды.
20 жылдардан бастап 70-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде конфликтіні психологиялық зерттеулер фрагменттік сипатта болғанына назар аудару қажет.Конфликтіні зерттеудің методологиялық жəне теориялық базасын қалыптастыру үшін қажетті қорытындылайтын сипаттағы еңбектер болған жоқ.Бұл кезеңде конфликт психологияның дамуына Н.С.Кровчун, А.Д.Глоточкин, Н.Ф.Феденко,М.Н.Дьяченко, М.Л.Гамелаури, А.И.Утетипов,А.И.Китов жəне т.б. сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты.

Төртінші этап -1973-1989ж.ж.Бұл этапта, 70жылдың екінші жартысында жиналған эмпирикалық материалды теориялық ұғынуға əрекет жасаған психологтардың еңбектері шықты.(Н. В.Крынцс,1976; А.И.Донцов,Т.А.Полозова,1977).Конфликтіні психологиялық талдаудың түсінікті схемасы ұсынылды (Л.А.Петровская,1977).Бұл кезеңде


конфликтологиялық проблемаларды зерттеуге ғалым психологтар Н.В.Гришина,А.А.Ершов,И.В.Пономарев,А.Л.Свенцицкий,В.П.Галицкий,М.П.Крапивин жəне белсенді түрде қатысты.Төртінші кезеңнің қорытындысы отандық конфликт психологияда аталмышқұбылысты зерттеудің үш бағытының:ұйымдастыру, іс-əрекеттік жəне тұлғалық – қалыптасуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет