Дəріс. Конфликтологияның басқа пəндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы. Мақсаты



бет8/20
Дата23.02.2023
өлшемі260 Kb.
#169913
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Лекции 1-15 конфликтология

Пысықтау сұрақтары:

  1. Конфликт мəселесіне қатысты дайындалған диссекртациялық жұмыстардың динамикасын айтып беріңіз.

  2. Конфликтологиялық білімдердің көздеріне нелер жатады?

  3. Мəдени-тарихи психологиядағы конфликт

  4. Қазіргі шетел психологиясында конфликтілерді зерттеу мəселесі қандай бағытта жүріп отыр?

  5. Мінез –құлықтың динамикалық жүйесі концепциясы деген не жəне оның негізін кім салды?

  1. Дəріс. Конфликтілерді топтастыру.



Мақсаты: ЖОО студенттерінде конфликтілерді топтастыру мəселесіна байланысты теориялық білімдермен қаруландыру.
Жоспары:

  1. Топтастырудың негізгі түрлері

  2. Конфликтілерді С.М.Емельянов бойынша топтастыру

Кез-келген ғылымның маңызды міндетті оның зерттеу обьектісі болатын құбылыстардың жиынтығы жайлы білімдерді жүйеге келтіру болып табылады. Классификацияның (топтастырудың) негізділігі (дəлелділігі), əр түрлілігі мен детальдылығы ғылымның даму дəрежесінің критериі қызметін атқарады. Топтастыру– барлық көпшілік объектілерді ажырататын жəне содан соң қандай – да бір белгі негізінде топтарға біріктіретін ғылыми əдіс. Объектінің қандайда бір, топқа қатыстылығының критериі (өлшемі) ретіндегі белгі, көрінуінің белгіс, шамасы (болмауы) немесе дəрежесі топтастырулық негізі деп аталады.
Конфликтілерді топтастыру олардың маңызды белгілерін, байланыстарын, функцияларын, қатынастарын, деңгейлерін жəне т.с.с. салыстырмалы зерттеу мақсатында қажет.
Топтастырудың негізгі түрлері: типология, систематика жəне токсономия болып табылады.
Систематика – конфликтілердің кейбір жиынтығы жайлы түсініктерді жүйеге келтірумен сипатталады. Бұл жағдайда топтастыру конфликтінің түріне қарағанда, оның маңызы аз белгісі негізі болып табылады.
Токсономия - əдетте иерархиялық құрлымы бар объектілер топтарын топтастыру жəне жүйелеу теориясы болып табылады. Конфликт психологиясында бұл құбылыстың таксономиялық топтастыруы мүмкін болғанмен де, əзірге жоқ. Бүгінгі күнде конфликт психологиясында ең кең тараған типология түріндегі топтастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет