2-кезең-1924-1990ж.ж. Бұл период жекелеген конфликтологиялық салаларының, оның ішінде конфликт психологиясының да пайда болу, қалыптасу жəне даму периоды. Конфликт əуелі үш (заңтану, əлеуметтану, психология) ал периодтың соңына қарай 11 ғылымның шеңберінде жеке құбылыс ретінде зерттеле бастайды. Отандық конфликтология тарихында екінші период төрт негізгі этаптан тұрады.
3-кезең-1990жыл–қазіргі уақыт. Алғашқы пəнаралық зерттеулер пайда болды, конфликтология жеке ғылым болып, ал конфликт психологиясы–оның жетекші саласы болып бөлініп шыға бастайды. Публикациялардың жыл сайын санының шұғыл артуы байқалады (жылына 165-290-ға дейін), конфликтілерді зерттеуге жəне реттеуге байланысты психологиялық орталықтар, топтар құрылады.
Ішкітұлғалық жəне əлеуметтік конфликтілерді зерттеуде шетел психологиясының айтарлықтай дəстүрлері бар. Шамамен 100-жылдық кезеңде жинақталған үлкен теориялық жəне эмпирикалық материал əр түрлі бағыттар мен теориялық плетформаларда көрініс табады. Конфликт психологияның тарихында екі кезеңді шартты түрде сынап көрсетуге болады. 50-60 жылдар аралығында психологтардың ғылыми қызығушылығы тікелей осы феноменге ауған зерттеулер пайда болады. Негізгі бағыттар бөлінеді, конфликтінің психологиялық теориясының түсінікті аппараты жасалады.
ғасырдың бірінші жартысында конфликтіні шетелдік психологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарының ішінен төменднгілер бөлініп шығады:-психоаналитикалық (З.Фрейд, А.Адлер, К.Хорни, Э.Фромм); -социотропты (У.Мак-Дугалл, С.Сигеле жəне т.б.);
-этологиялық (К.Лоренц, Н.Тинберген);
-топтық динамика теориясы (К.Ливин, Д.Креч, Л.Линдсей);
-фрустрациялық-агрессивті (Д.Даллорд, Д.Берковитц, Н..Миллер); -мінез-құлықтық (А.Басс, А.Бандура, Р.Сирс); -социометриялық (Д.Морено, Э.Дженигс, О.Додд, Г.Гурвич); -интеракциониетік (Д.Мид, Т.Шибутани, Д.Шпигель).
20-30 жылдары конфликт əлеуметтік психологтардың назарын аудара бастайды. Уильяма Мак-Дугаллдың (1871-1938) пікірінше, қоғамда конфликтілерден қашып құтыла алмайсың, өйткені адамдарға қорқыныш, айуандық, өзін таныту т.б. сияқты əлеуметтік инстинктер тəн. Олар тұқым қуалау арқылы беріледі, сондықтан адамдар үнемі конфликт туғызады.
Д.Морено (1892-1974) жасаған социометрия теориясы бойынша, тұлғааралық конфликтілер адамдар арасындағы эмоционалдық қатынастар күйімен, олардың бір-бірімен қатынасына байланысты симпотиялары мен антипотрияларымен анықталады.
Символдық интеракционизмнің негізін салушы–американдық психолог жəне əлеумет танушы Джордеж Мидтом (1863-1931) кейін Чикого мемлекеттері өкілдерінің зерттеулері кең резонансқа ие болды. Олардың пікірлерінше, конфликтілердің себептері əлеуметтік өзара əрекеттесу процесінде жатыр. «Индивид орта» қатынастарында ауытқудың пайда болу кезінде субьект ішкі диегормония мен дискомфортты сезіне бастайды. Оларды жойуға талпына
отырып,индивид ортаға бейімделу үшін белсенді əрекеттер жасайды. Бейімделу барысында конфликтілер пайда болады.
Жүйелі түрде аталмыш бағыт американдық əлеуметтік психолог М.Дойчаның еңбектерінде көрініс тапқан. Оның концепциясы конфликт психологияның əлеуметтік – психологиялық бағытын тұтас жасау болып табылыды. Автордың пікірінше, конфликтінің негізінде тұлғааралық өзараəрекеттесуге қатысушылар мақсаттарының сыйымсыздығы жатыр. Қарама-қарсы жақтардың мотивтеріне (назар аударуға) көңіл бөлінетіндіктен, осы тəріздес еңбектер көбінесе мотивациялық концепцияға жатады. Теориялық-ойын бағытының жақтаушылары конфликтілер конструктивті, сондай-ақ, деструктивті жолмен шешілуі мүмкін деп санайды. Қатысушылары алға қойылған мақсаттарға қол жеткізгендігіне сенімді болатын конфликт өнімді болып саналады.
Дойча идеяларын дамыта отырып, қазіргі батыс зерттеушілері нақты топтарда эксперименттік ситуациялар туғызады ситуация түрлерінің арасынан конкурентті, кооперативті жəне аралас ситуацияларды бөліп көрсетеді. Оқыту процесінде конкуренттік ситуацияның мотивациялық эффектісі (əсері) бар. Кооперативті оқыту ситуациясы дəстүрлі дербес оқытуға қарағанда үлкен эффект береді.
Қазіргі психологияда конфликтіні зерттеудің екінші бағыты ұйымдастырушылық жүйелер
теориясы бойынша табылады. Бұл концепция ойын теорияларының альтернативасы ретнде
пайда болады. Ұйымдастырушылық жүйелер негізінде тұлғалардың конфликт проблемасына
(байланыс) қатысты Блейком, Мутон жəне Томас жасаған бағыт нақты жағдайларда
адамдардың конфликтісі мінез–құлық стильдерін зерттеудің өзіндік бағдарламасы болып
табылады. Бақталасқа қатынас жəне өз мақсаттарына жету бағдарларын үйлестіруде
Авторлар конфликтілі ситуацияда мүмкін боларлық мінез-құлықтың бес статиясын анықтады:
Конкуренция, бейімделу, бойын аулақ салу, компромисс, ынтымақтастық..
Адамдардың конфликтісі мінез – құлық стильдерін анықтауға мүмкіндік беретін тест американ психологы К. Томастың есімімен аталған.
Қорытынды ретінде, қазіргі кзде конфликталогияның басқа салаларының арасында конфликт психологияның ролі үздіксіз артып отыратындығын баса айтып кету қажет. Сонымен, конфликт психологиясы–конфликтілердің пайда болу, даму, конструктивті реттеу жəне аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін конфликтологияның жетекші салаларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |