Субъектілер арасындағы конфликтілер конфликті пəні, объектісі, инцидент негізінде пайда болады.
Деструктивті манипуляция өзге тұлғаға зиянын тигізу мақсатына бағытталған оппоненттің коммуникативті құралы ретінде конфликті субъектісінің агрессиясын үдетеді, жəне конфликт динамикалы
деструктивті дами отырып, тағы да тұйық шеңберге өтеді.
Конфлитіні шешу үшін қарым-қатынастағы ортақ қызығушылықтар мен мотивтерді түсінуге тырысу керек. Бұған конструктивті манипуляция жəне басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Конструктивті манипуляция - өзге адамдардың қызығушылықтарына зиян тигізбестен, ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ықпалдар мен өзара əрекеттердің коммуникативті жүйесі. Конструктивті манипуляция конфликтіні шешу өнері ретінде конфликтіні басқару шеберлігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пысықтау сұрақтары:
1.Конфликтілерді топтастыру жүйесі?
Конфликтінің негізгі түрлері?
3.Конфликтінің даму кезеңдері жəне оған сипаттама беріңіз?
4.Конфликт пəні дегеніміз не?
5.Конфликт объектісі дегеніміз не?