Дəріс. Конфликтологияның басқа пəндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы. Мақсаты



бет5/20
Дата23.02.2023
өлшемі260 Kb.
#169913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекции 1-15 конфликтология

Пысықтау сұрақтары:

1.Конфликтологияның ғылым ретінде қалыптасуы қандай себептерге байланысты.



  1. Конфликт ұғымына жалпы сипаттама.

3.Конфликтология ғылымының даму кезеңдерін ашып көрсетігңіз.

  1. Р.Дарендорв жəне Л.Козердің конфликтологияның басталуына байланысты көзқарастарына баяндама дайындау.

5.Конфликтінің пайда болу себептерін топтастырып көрсетініңіз.

  1. Дəріс. Конфликтология ғылым ретінде



Мақсаты: жалпы конфликтология ғылымы, оның мақсаты, пəні мен міндеті туралы студенттерге теориялық білім беру.
Жоспары:

  1. Конфликтология ғылым ретінде жəне конфликтілерді шешу өнері

  2. Конфликтологияның пəні мен критерилері

  3. Конфликтситуациядағы инциденттерді топтастыру

  1. Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты əр түрлі мəселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.

Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мəселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт арық қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солауй жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей жəне жанама, деструктивті жəне структивті болып дамуы мүмкін.
«Конфликтология» ұғымымен «конфликтолог» ұғымы тығыз байланысты. Конфликтілерді конфликтологтар басқарады.
Конфликтолог – конфликтіде делдалдық жұмыс шеберлігін меңгерген, конфликтілі ситуацияны конструктивті басқара алатын шебер.
Осы мəселенің ерекше өзектілігіне байланысты қазіргі таңда конфликтология ғылым ретінде өзіне жоғары қызығушылықты тартып отыр.

  1. Конфликтінің жағымсыз салдарын жою мен оны конструктивті мақсатта қолдану үшін оның ішкі жəне сыртқы себептерін анықтап, оның болашақтағы даму жолдарын түсініп, болжай білу керек.

Конфликтілі жағдайды объективті түрде талдау оның құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Конфликтілі ситуация конфликтінің негізі болып табылады:


- конфликт пəні – қарама-қарсы күресуші жақтардың шешуге тырысатын қайшылықтары (мəселелері);
- конфликт объектісі – оппонент қызығушылықтарының қайшы қызығушылықтары негізінде пайда болған, оны басқару мен бақылауды қажет ететін мəселелі ситуация;
- конфликт субъектісі – конфликтінің тууына себепші болған конфликтілі тұлға немесе мəселе;
- Оппоненттер – конфликтіге қатысушылар. Олар жеке тұлғалар, адамдар тобы немесе ұйымдар болуы мүмкін. Конфликтілі ситуацияның субъектілері мен оппоненттері белгілі бір қатынастармен бір-бірімен байланысты. Мұнда оппоненттердің əрқайсысы субъектілерді монипуляциялауға тырысады.
Субъектіні манипуляциялау – тұлға үшін маңызды болып табылатын белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жасырын немес ашық əрекеттер. Мысалы: жауапкершілікті өзге бір адамға бере отырып,одан құтылуға болады.Осылайша субъект пен оппоненттер арасындағы қатынас біріншіден конфликт субъектісінің манипуляцияға түсуіне байланысты.
3.Инцидент- кофликтінің пайда болуына себепші болған жағдайлардың , яғни конфликтілі ситуацияның өршіту.
Инцидент оппоненттердің инициятивасы бойынша немесе еріктен жəне объективті, кездей соқ жағдайлардан пайда болған тілектен тыс пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар конфликтілі ситуациялар да оппоненттердің инициятивасы бойынша немесе еріктен жəне объективті, кездей соқ жағдайлардан пайда болған тілектен тыс пайда болуы мүмкін. Конфликтілі ситуация мен инцидент белгілі бір мағынада бір-біріне ұқсамайды.Мысалы: конфликтілі ситуация объективті жағдайлармен анықталса, ал инцидент кездей-соқ пайда болуы мүмкін.Сонымен қатар конфликтілі ситуация оппоненттер тарапынан əдейі құрылуы мүмкін, ол қандайда бір мақсатқа
жету үшін құрылғанмен де мақсаттың жоқ болуына байланысты жеңіліс тауып , кейде өзіне зиян шектіруі мүмкін.Бұл инцидентке де қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет