Эмоционалдық сфера: психоэмоционалдық күштену; бірқатар маңызды жағымсыз сезімдер.
Мінез-құлықтық сфера: іс-əрекеттің сапасы мен қарқындылығының төмендеуі; іс-əрекеттің төмендеуі; қарым-қатынастың жағымсыз эмоционалдық фоны.
Интеграциялық көрсеткіштер: бейімделудің қалыпты механизмінің бұзылуы; психологиялық стрестің күшеюі.
Теориялық концепциялардың көпшілігінде ішкітұлғалық конфликтілердің бір немесе бірнеше түрлері келтірілген. Психоанализде тұлғаның қажеттіліктері арасындағы, сондай –ақ қажеттіліктер мен əлеуметтік нормалар арасындағы, конфликтілер басты орын алады. Интеракционизмде рөлдік конфликтілер талдауға түседі. Алайда шынайы өмірде көптеген басқа ішкітұлғалық конфликтілер кездеседі. Олардың бірыңғай типологиясын құру үшін бір негіз қажет, соған сəйкес əр түрлі ішкі конфликтлерді жүйеге біріктіруге болады. Тұлғаның құндылық-мотивациялық сферасы осындай негіз болып табылады. Адам психикасының осы маңызды сферасымен оның ішкі конфликтіге байланысты, өйткені дəл осы тұлғаның қоршаған дүниемен əр түрлі байланыстары мен қатынастарын көрсетеді (Василюк, 1984; Донченко, Титаренко, 1989; Мерлин, 1971; Мясищев, 1960; Столин, 1983).
Осыған сүйене отырып, тұлғаның конфликтіге түсетін ішкі дүниесінің негізгі құрылымдары мыналар болып табылады деп айтуға болады (Шипилов, 1997).
А. Əр түрлі деңгейдегі тұлға ұмтылыстарын көрсететін (қажеттіліктер, қызығушылықтар, мүдделер, тілектер, құштарлықтар жəне т.б.) мотивтер. Олар «қалаймын» («Мен қалаймын») ұғымынан байқалуы мүмкін.
Б. Қоғамдық нормаларды көрсететін жəне соның арқасында міндет эталоны ретінде болатын құндылықар. Біз бұл жерде тұлғалық құндылықтарды, яғни ол қабылдаған, сондай-ақ, тұлға қабылдамайтын, бірақ олардың қөоғамдық немесе басқа маңыздылығына қарай тұлға оларды орындауға міндетті мəжбүр болатын құндылықтарды айтып отырмыз. Сондықтан олар «қажет» («Мен тиіспін») ретінде белгіленеді.
В. Өзін өзі үшін өзіндік құндылық тұлғаның мүмкіндіктерін, сапаларын жəне басқа адамдар арасынан алатын орнын бағалау ретінде анықталатын өзін-өзі бағалау. Тұлғаның талаптану деңгейлерінің көрінуі сияқты, өзін-өзі бағалау белсенділіктің, мінез-құлықтың өзінше бір түрткісі болады. «Істей аламын» немесе «істей алмаймын» («Я есть») ретінде көрінеді.
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары. Ішкітұлғалық конфликтінің жағымды жəне жағымсыз салдарлары бар. Ішкітұлғалық конфликтілер конструктивті (продуктивті, оптимальді) жəне деструктивті (адамның тұлғалық құрылымдарын бұзушы).
Достарыңызбен бөлісу: |